400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге оқытудағы жаңа тәсілдерді өз сабақтарына қолдануға пайдасы бар деп ойлаймын. Мақалада оқытудың жаңа тәсілдері қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР.

Оспанбаева Бактыгул Мелисовна


Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістерәлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін талап етеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылу болып табылады. Қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен білім саласындағы талаптарына сай оқыту – мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағдалуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Жаңа білім беру парадиагмасы жаңа форматтағы сабақтарды қарастырады. Білім беру әдістері түрлендіріледі. Жаңа форматтағы сабақтарда оқушыларға көбірек еркіндік беріледі. Мұғалім бағыттаушы, көмекші рөлін орындаушы болады. Қазіргі сабақтардың құрылымы баланың тұлға ретінде дамуына үлкен ықпалын тигізгені абзал.

Соның бір тиімді әдісі – топтағы бірлескен жұмыс . Бірлескен оқу – бұл оқу мен оқыту тәсілі, тапсырмаларды орындау оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Олар бір-бірінің көзқарасын тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Сабақтың тиімділігі интербелсенді әдістермен ерекшеленеді;

  • оқушылар топқа бөлінеді;

  • топта бірлесіп жұмыс істеу үшін топ ережесі қабылданады;

  • постер қорғайды;

  • сергіту сәті;

  • рөлдік ойындар;

  • оқу мен оқыту үшін формативті және суммативті бағалау;

  • кері байланыс.

Сабақтың басында сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату қажеттігі–сабақтың тартымды өтуінің алғы шарты.

Бірлескен топтық жұмыста оқушы топ жұмысына өзінің енгізген өз үлесін сезіну қажет. Оқушы өзінің қабілетін аша алады. Постер жасағанда эсын тұрғысынан ойланып, бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу мақсатында шығармашылық ойлауы басым болады. Оқушының көшбасшылық қабілеті қалыптасады. Жаңа форматтағы сергітулер бейнелі түрде өтеді, яғни АКТ-ның көмегімен сергиді, көңіл-күйлері көтеріледі.

Сабақтағы бағалау оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп қарастырылады. Бағалау процесіне оқушылар араласады. Сабақта бақылау парағын жүргізу қажет. Бағалау парағында бағалау критерийлері оқушының сабаққа қатысқандығын дәлелі болып табылады. Бағалаудың екі түрі бар, формативті және суммативті. Оқу үшін бағалау (формативті) – қандай бағытта даму керек екендігін және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін айқындайды. Оқуды бағалау (суммативті) белгілі бір уақыт ішінде болатын бағалау (тоқсандық, жылдық, бақылау жұмысы, тестілеу).

Сабақтың аяғында оқушы мен мұғалім арасында кері байланыстың маңызы зор. Кері байланыста (рефлексия) оқушы сабақтан алған әсерін жазады, ұнамаған сәт болса, ұсынысын жазады. Ол мұғалімге келесі сабағына дайындалғанда ұсынысты ескеруге қолайлы құрал.

Нәтижелілігі білім алу мұғалімнің оқушының өздігінен ізденіп, білімді меңгеруінде, оның көзқарасының қалыптасуына дұрыс амал-тәсілдерді қолдана білгендігінде.

Топтық бірлескен жұмыс нәтижесінде оөушылар арасында ынтымақтаса оқу қалыптасады, бала өз ойын еркін айтуға төселеді, топ ішінде жұмыс істеп, өзінің қабілетіне қарай өз үлесін қосады. Қабілеті төмен оқушы жолдасының көмегі мен ықпалы арқылы өз білімін толықтырады, өзіне деген сенімі артады.

Оқытудағы жаңа тәсіл 7 модульді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін алу керек. Сол кезде сабақ кқтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Мектептегі өзге әріптестерімді «Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген 7 модуль мән мәтінінде ІІІ деңгей курсының бағдарламасы мен» таныстыру және оның элементтерін сабақ беру процесінде қолдануларына ықпал етудемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі