Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістердің маңызы және олардың оқушыға әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби білікті мұғалімді қалыптастыра отырып, жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Қазіргі білім беру жүйесі уақыт талабына сай даму үстінде. Заман дамыған сайын білім беру жүйесінде жаңа әрі тиімді әдістер мен тәсілдер қолданылуда. Жаңа тәсілдер мен әдістер білім беру жүйесінің сапасын арттырып, оқушылардың қабілеттерін дамытып және олардың тұлғалық өсуін қамтамасыз етуінде маңызды рөл атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістердің маңызы және олардың оқушыға әсері

Жаңа оқыту тәсілдері әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу қабілеттері әртүрлі болғандықтан, оқыту тәсілдері оқушының білім алу жылдамдығына, қызығушылығына және даму деңгейіне сай болуы тиіс.

Жаңа әдістер мен тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіру, жаңа идеялар ұсыну, қиын тапсырмаларды шешу арқылы шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік алады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға жаңа әдістер өте маңызды, яғни оқушылардың тақырыпты талдау, шешімдер қабылдау және идеяларды сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады. Білім дағдыларын нақты өмірлік жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді, оқушылар тек теориялық біліммен ғана емес, практикалық дағдылармен де қаруланады.

Оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістердің түрлері

  1. «Попкорн» әдісі

Бұл әдіс сабақтың басында жүргізіледі. «Попкорн» әдісі өткен тақырыпты бекіту мақсатында оқу процесіндегі тиімді құрал. Бұл әдіс оқушыларды белсенді түрде қатысуға ынталандырып, олардың сабақта алған білімдерін еске түсіріп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Әдістің басты мақсаты – оқушылардың өткен материалды қалай түсінгенін анықтап, оны қайта жаңғырту арқылы бекіту. Әр оқушы қораптан бір попкорнды алып сұраққа жауап береді.

«Попкорн» әдісінің маңызы:

- өткен тақырыпты еске түсіру және оны бекіту;

- сабақтың негізгі ұғымдарын қайтадан пысықтау;

- белсенділік пен диалогты дамыту. Оқушылар белсенді қатысып, бірін-бірі тыңдай отырып, ойларын кеңейтіп, пікірталасқа қатысады, бұл сыныптағы диалог пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Оқушыға әсері:

Ойлау қабілетін дамыту. Оқушылар әрбір айтылған пікірді ескере отырып, өз ойларын нақты және жүйелі түрде жеткізуге тырысады. Әрбір оқушы алдыңғы пікірді жалғастырып, өзіне жаңа ақпарат алады, бұл сыни ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Өз білімін тексеру. Бұл әдіс оқушыларға өз білімін тексеруге және түсінгенін басқалармен бөлісу арқылы жаңа түсініктерді қабылдауға көмектеседі.

Қызығушылықты арттыру. бұл әдіс сабаққа қызығушылықты арттырады, өйткені оқушылардың әрқайсысы өз пікірін айтып, оны басқа оқушылармен бөліседі. түрлі жауаптарды естуі сабақтың қызықты әрі тартымды болуына ықпал етеді.

Мысалы

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?". Қазақ әдебиеті. 5 сынып

Сұрақтар:

Азаттың әжесі қандай еді?

Әкесі қыздарына нағыз әжені көрсетуді неліктен армандады?

Оның ойындағы нағыз әже бейнесі қандай?

Шығармада қандай мәселе көтеріліп тұр? Ол мәселе біздің қоғамымызда орын алады ма?

Шығарма сіздерге қандай әсер қалдырды?



  1. «Купон» әдісі

«Купон» әдісі — оқушылардың білімін тексеру мен бекіту мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі. Бұл әдістің маңызы оқушыларға сұрақтарды кезектесіп, рет-ретімен жауап беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар, әрбір оқушының білім деңгейін анықтап, олардың тақырыпты қалай түсінгенін бағалауға көмектеседі. Әдіс көбінесе тапсырмаларды жүйелі түрде орындауға және жауап беру арқылы өткен материалды қайталауға бағытталған.

«Купон» әдісінің оқушыға әсері:

-Оқушылардың белсенділігін арттырады. «Купон» әдісінің басты ерекшелігі – оқушыларға әртүрлі сұрақтарға жауап беру мүмкіндігін беру арқылы олардың белсенділігін арттыру. Әр оқушы кезекпен сұрақтарға жауап беріп, сабаққа қатысады.

-Қайталау және бекіту. Әдіс өткен материалды қайталап, бекітуге мүмкіндік береді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында бұрынғы сабақтардағы білімдерін есіне түсіріп, ақпаратты тереңдетіп қайтадан бекітеді.

-Оқушылардың білім деңгейін анықтайды. «Купон» әдісі мұғалімге әр оқушының білім деңгейін тез әрі тиімді түрде анықтауға мүмкіндік береді. Әр оқушы сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімінің қаншалықты терең екенін көреді.

-Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар сыни ойлау қабілеттерін дамытады. Әр сұраққа жауап беру үшін олар ақпаратты қайта қарап, терең түсінікпен қарауға тырысады.

Мысалы

Етістік. Қазақ тілі. 5-сынып

1. Етістік нені білдіреді?

2. Осы шаққа мысал ойлаңыз.

3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.

4. Есімшенің жұрнақтарын атап беріңіз.

5. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

6. Етістіктің райларын атаңыз.

7. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.

8. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

9. Қалып етістіктерін атап беріңіз.



  1. «Буктрейлер» әдісі

«Буктрейлер» әдісі – бұл кітапты жарнамалау немесе таныстыру үшін қолданылатын тәсіл, яғни кітаптың мазмұнын, негізгі идеяларын және кейіпкерлерін қысқаша және қызықты түрде көрсету үшін бейнемазмұнды пайдалану. «Буктрейлер» көбінесе қысқа видео немесе анимациялық ролик түрінде болады және ол кітаптың тақырыбын, атмосферасын және оқырманға ұсынатын тәжірибесін көрсету үшін шығармашылық түрде дайындалады.

Буктрейлер әдісінің маңызы:

  1. Кітапты таныстырудың тиімді құралы: «Буктрейлер» кітап туралы мәліметті қысқаша әрі әсерлі түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

  2. Оқырманды тартады: Визуалды және дыбыстық элементтердің үйлесімі арқылы «Буктрейлер» оқырманның назарын тез аударады, қызығушылығын оятады және кітапты оқу ықтималдығын арттырады.

  3. Кітап оқуға қызығушылықты оятады: «Буктрейлер» арқылы оқырмандарға кітаптағы маңызды мәселелер, оның маңызы мен мазмұны жөнінде толықтай түсінік беріледі.

«Буктрейлер» әдісінің оқушыға әсері:

  1. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру. «Буктрейлер» оқушыға кітаптың мазмұнын қысқаша әрі тартымды түрде көрсетеді. Бұл кітап туралы қызықты мәліметтер, оқиғалар мен кейіпкерлер арқылы оқушының қызығушылығын оятады және оны кітапты оқу үшін ынталандырады.

  2. Эстетикалық тәрбие. «Буктрейлер» оқушыға визуалды және дыбыстық элементтер арқылы оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамын арттырады.

  3. Қысқаша ақпаратты қабылдау дағдыларын дамытады. «Буктрейлерлердің» қысқа әрі нақты болуы, оқушының маңызды ақпаратты тез және тиімді қабылдау қабілетін дамытады.

  4. Кітапты талқылау мен пікір алмасуға ынталандыру. «Буктрейлер» әдісін пайдалану оқушылар арасында кітапты талқылап, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісіп, кітаптың мағынасын тереңірек түсінуге ұмтылады.

Мысалы, 7 сынып. Қазақ әдебиеті. М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.



4. «Тарсия» әдісі

«Тарсия» әдісі – бұл оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған оқыту тәсілі.

«Тарсия» әдісінің маңызы – бұл әдіс оқушыларды шығармашылық түрде ойлауға, өз ойын жүйелі және нақты жеткізуге бағыттайды. «Тарсия» әдісі, әдетте, белгілі бір тақырып немесе мәтін бойынша оқушылардың сұрақтар қойып, жауаптар іздеуі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс ойлауды белсендіруге, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал етеді. Оқушыларды жүйелі ойлануға үйрету, есте сақтау қабілетін жақсартады. Қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура кұрастырады.

Оқушыға әсері:

  1. Сыни ойлауын дамытады: «Тарсия» әдісі оқушылардың өз ойларын терең талдап, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

  2. Жауапкершілік пен белсенділік: Оқушылар өз пікірін дәлелдеуге және аргументтер келтіруге ынталы болады, бұл олардың белсенділігін арттырады.

  3. Жүйелі ойлау: Әдіс оқушыларды тақырыпты жүйелі түрде зерттеуге, маңызды тұстарын бөліп көрсетуге үйретеді.





5. «Телешоу» әдісі

«Телешоу» әдісінің маңызы – бұл әдіс оқушыларды сөйлесім дағдыларын дамытуға, қоғамдық сөйлеу қабілеттерін арттыруға бағытталған. Оқушыларға тележүргізуші рөлін беру арқылы олар ақпаратты нақты, түсінікті және қызықты түрде жеткізуді үйренеді. Бұл әдіс, сондай-ақ, оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде білдіруге, сөздік қорын кеңейтуге көмектеседі.

Оқушыға әсері.

1. Қоғамдық сөйлеу дағдыларын жетілдіреді: Оқушылар өз ойларын толық әрі әсерлі түрде жеткізуді үйренеді.

2. Өзін-өзі сенімді сезінеді: «Телешоу» әдісін орындау арқылы оқушылар өзіне сенімділік арттырады.

3. Топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырады: Бұл әдіс оқушылардың коммуникация дағдыларын дамытып, топ ішінде тиімді жұмыс істей білуге үйретеді.

Мысалы:

Үстеу. Қазақ тілі. 6-сынып

Мұғалім оқушыларға тақырыпты меңгерту мақсатында «Телешоу» әдісін қолданады.

Әдіске 1 жүргізуші, 7 қонақ, студиядағы көрермен, теледидардың ар жағындағы көрермен қатысады.

7 қонақ – үстеудің мағыналық түрлері.



6. «Елші» әдісі

«Елші» әдісінің маңызы – бұл әдіс оқушыларға топпен жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар топқа бөлінеді, қолдарындағы қағазға берілген тақырыбын жазып, келесі топқа түсіндіреді. Қалған топ мәліметті өз қағаздарына толтырады. Нәтижесінде оқушылар тақырыпты толық қамтиды, әр топ қалған топтың ақпаратын біле алады.

Оқушыға әсері

1. Коммуникация дағдыларын дамытады: Елші рөлінде оқушылар өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіреді.

2. Сыни ойлауды арттырады.

3. Жауапкершілік пен өзара сыйластық.



  1. «Шолу» әдісі




«Шолу» әдісі маңызы — оқушыларға белгілі бір тақырыптың немесе бөлімнің негізгі мазмұнын қысқаша, жан-жақты таныстыру. Бұл әдіс оқу процесін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады, себебі ол оқушыларға жаңа ақпаратқа қызығушылық оятып, олардың жалпы түсінігін қалыптастырады.

Оқушыға әсері:

  1. Жалпы түсінік қалыптастырады: Оқушылар тақырыптың негізгі идеяларын тез меңгереді.

  2. Қызығушылықты арттырарды: Тақырыпқа деген қызығушылықтары артып, әрі қарай зерттеуге ынталанады.

  3. Ақпаратты жүйелейді: «Шолу» әдісі оқушылардың ақпаратты жинақтап, жүйелі түрде қабылдауына көмектеседі.

Мысал. 8-сынып. Қазақ әдебиеті. Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ»

Тапсырма.

Оқушыларға Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» фантастикалық әңгімесінен   үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.

А тобы жанрын, мазмұнына қысқаша шолу жасайды.

В тобы сұрақтар қояды:

1.Әңгіменің тақырыбы қандай?

2. Қандай ой айтылған ?

С тобы қорытынды ой айтып, сараптама жасайды.



  1. «Ертегі әлемі» әдісі

«Ертегі әлемі» әдісі — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлығын арттыруға, моральдық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәсіл. Бұл әдістің маңызы балалардың қиялын ұштап, өз ойларын шығармашылық тұрғыда білдіруге мүмкіндік береді.

Оқушыларға әсері:

  1. Шығармашылық және ой-өрісін кеңейтеді. Оқушылар берілген тақырып бойынша ертегі құрастырады.

  2. Тіл байлығын арттырып, сөздік қорын көбейтеді.

  3. Қиялын дамытады.

  4. Қызығушылықты арттырып, оқуға деген ынтасын күшейтеді.

Мысалы. 6-сынып. Қазақ тілі. Есімдік

Ерте, ерте, ертеде Есімдік деген байдың жеті баласы болыпты. Əкесі жеті баласын өз есімдерімен атамапты. Олар: Жіктеу, Сілтеу, Сұрау, Өздік, Жалпылау, Болымсыздық, Белгісіздік. Байлығын бөліп беру үшін əкесі балаларын жинап алып: «Балаларым менің жағдайым өте ауыр, сол үшін мен сендерге тірі кезімде байлығымның бəрін теңдей бөліп берейін»,- дейді. Балаларының ішінде кім ақылды екенін білу үшін оларға тапсырма береді. Жетеуіне де жеті түрлі тапсырма береді. Жетеуі де тапсырманы мүлтіксіз орындап шығады. Əкесі балаларына байлықты теңдей бөліп берген екен.



  1. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады.

Бөліктің оң жағына: мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Бөліктің сол жағына: сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруде маңызды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің маңызы - мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

Оқушыларға әсері: өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға, материалды қайта өңдеуге және түсіну деңгейін жақсартуға көмектеседі. Түсініктеме күнделігі оқушыларды белсенді оқу процесіне тартады, өйткені олар тек мәліметтерді қабылдап қана қоймай, оларды өңдеп, өз ойларын жеткізуге мүмкіндік алады.

Мысалы,

М.Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы (8-сынып)

Орындалу үлгісі:

«Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі.

Балам өлсе, бақыттың керегі не,

Топан су басып кетсін қалғандарын. 

Перзент сұрап несіне армандадың,

Құрысын онсыз сенің жанған бағың

Мылтық әкел!

Атты ертте

Жалған бәрі!»

Ең алдымен поэмада анасының балаға деген сүйіспеншілігі, махаббаты білінеді. Әрбір ана өз баласын аялап, әлпештеп өсіреді. Ана өзінің туған баласын өзінің құшағында, бауырында жылытады. Баласы жақсы оқып,оны қоршаған балалардан кем болмас үшін анасы оған қолынан келгенінің бәрін жасайды. Сол сияқты баласының жазылып кетуі үшін «Аққулар ұйықтағанда» поэмада анасы баласы аққуды атуға мәжбүр болады. Өйткені анаға өзінің туған баласы аққудан да қымбат.





  1. «Әдебиет лотосы» әдісі

«Әдебиет лотосы» әдісі — оқушылардың әдеби шығармалар мен мәтіндерді тереңірек түсініп, талдау жасауына көмектесетін әдіс. Бұл әдістің маңызы әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, мәтінді жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.

Оқушыға әсері:

-аналитикалық ойлауға үйретеді;

-тақырыпқа толықтай анализ жасай отырып қорытындылауға

-дәлел келтіруге

-ізденімпаздылыққа

-түсінікті тереңдетуге: Әдеби шығарманы терең түсініп, оның мазмұнын жан-жақты талдауға ықпал етеді.

Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

 

 

 

 

 

 



М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы (8-сынып)



Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

"Бақытсыз Жамал"

М.Дулатов

Ғали

Оқыған, мәдениетті. Медресе бітірген, мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.

Ғалидың ақылдығы. Себебі, оның бұл қасиеті әрбір іс-әрекетінен, жазған хаттарынан бұл көрінеді.

Ұқсағым келеді. Себебі, ол оқыған, ақылды, адал адам.



  1. «Мен автор болсам» әдісі

«Мен автор болсам» әдісі оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту арқылы олардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл әдістің маңыздылығы оқушылар өз идеяларын еркін түрде жеткізе алады, өз пікірлері мен көзқарастарын дәлелдей отырып, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Әдістің оқушыға әсері:

-Шығармашылық қабілеттерді дамытады. Бұл әдіс оқушыларды шығармашылық ойлау мен өзін-өзі білдіруді дамытуға ынталандырады. Берілген шығарманы қиялына қанат беріп, өз ойымен аяқтайды, өзін автордың орнына қоя отырып, жаңа туынды жазады.

-Креативті және сыни ойлау қабілетін дамытады. Оқушылар өз шығармаларында тек қиялдарын ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойларын қолдануға мәжбүр болады. Бұл әдіс сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға, проблемаларды шешу жолдарын іздеуге және логикалық дәлелдер келтіруге көмектеседі.

-Талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы оқушылар өздерінің шығармаларын сынып алдында немесе топтық талқылауларда ұсына алады. Оқушылар өз шығармаларымен бөлісіп, бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, әлеуметтік дағдыларын да жетілдіреді.

Мысалы, «Қыз Жібек». 7 сынып. Қазақ әдебиеті

Егер мен автор болсам, «Қыз Жібек» жырын калай аяктар едім​?

Төлегеннің әкесі батасын береді де, Төлеген қайын жұртына барады. Әкесі қасына әскер қосып беріп жолға аттандырады. Қособа көліндегі қарақшылар мен Бекежан жеңіліс тауып бәлкім олар мерт болушы еді. Төлеген Жібекке үйленіп бақытты ғұмыр кешіпті, балалары да көп болыпты.



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі білім беру саласында маңызды рөл атқарады. Олар мұғалімдер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер мен құралдар ұсынады, оқыту мен оқу процесін тиімді әрі қызықты етеді. АКТ құралдары дәстүрлі оқыту әдістерін толықтырып, сабақты жаңа деңгейге көтереді. Бұл құралдардың сабаққа пайдасы тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білім сапасын да арттырады.

  1. «Wordwall» әдісі

Маңызы:

  1. Интерактивті және ойын негізіндегі оқыту: «Wordwall» әдісі оқушылардың оқу үдерісін ойын түрінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, өйткені олар тек теориямен жұмыс істемей, белсенді түрде ойнап, жаңа білімді меңгереді.

  2. Білімді қайталау мен бекіту: Платформа оқушыларға жаңа тақырыпты игерген соң, оны қайталауға арналған түрлі тапсырмалар мен тесттер ұсынады. Бұл оқушылардың білімін пысықтап, тереңдетуге көмектеседі.

  3. Уақытты тиімді пайдалану: «Wordwall» әдісі арқылы тапсырмалар мен тесттерді жылдам құруға болады, бұл мұғалімдерге сабақ уақытын тиімді пайдаланып, оқушылардың нәтижелерін тез тексеруге мүмкіндік береді.

Оқушыларға әсері:

  1. Қызығушылық пен ынталандырады: «Wordwall» әдісі әдісі оқушыларға қызықты тапсырмалар мен ойындар ұсынады, бұл олардың сабақты жақсы қабылдауына және оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

  2. Ойлау дағдыларын дамыту: Оқушылар «Wordwall» әдісі арқылы түрлі тапсырмалар орындау барысында сөздік қорын толықтырып, түрлі логикалық тапсырмаларды шешеді.

  3. Жылдам кері байланыс алу: «Wordwall» әдісі әдісі оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында жылдам кері байланыс алуға мүмкіндік береді, бұл олардың қателіктерін бірден байқап, оларды түзетуге көмектеседі.



  1. «Padlet» әдісі

Padlet тақтасы-мектепте сабақта жұмыс істеуге ыңғайлы құрал. Оның функционалдығы - жазбаларды, фотосуреттерді, бейнелерді, файлдарды және сілтемелерді қоса алады. Платформаның ерекшелігі – оны бір уақытта бірнеше адам, мысалы, сыныптағы барлық оқушылар қолдана алады және бір-бірінің жұмысына пікір бере алады.

Маңызы:
Padlet — бұл онлайн интерактивті тақта, мұғалімдер мен оқушыларға өз идеялары мен ақпараттарын бөлісіп, бірге жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ол оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді, өйткені оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, түрлі тапсырмаларды орындау барысында өз пікірлерін айта алады.

Оқушыға әсері.

-Өткенді қайталау;

-Өз ойын білдіру;

-Бір-біріне пікір білдіру.



  1. «Kahoot» әдісі

«Kahoot» — бұл оқыту үшін қолданылатын онлайн ойын түріндегі платформаның бір әдісі, мұнда мұғалімдер сұрақтар қойып, оқушылар жауабын жылдам әрі қызықты түрде береді. «Kahoot» әдісінің маңызы оқушыларды білім алу процесіне белсенді қатыстыруға, оқуды ойын түрінде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс сабақтың тартымдылығын арттырып, оқушылардың білімін тексеруді жеңілдетеді.

Оқушыға әсері:

  1. Қызығушылықты арттыру: «Kahoot» оқушыларды ойын арқылы білім алуға ынталандырады, бұл олардың сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатады.

  2. Білімді пысықтау: Оқушылар жылдам әрі ойын түрінде жауап беріп, өз білімдерін тексеріп, қандай тақырыптарда қателескенін анықтай алады.

  3. Бәсекеге қабілеттілік: Ойынның нәтижелері бойынша оқушылар арасында жарыс пайда болып, олар өз білімдерін жақсартуға тырысады, бұл олардың мотивациясын арттырады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12