«Оқытудағы тиімді әдістердің бірі-талқылау құралдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқытудағы тиімді әдістердің бірі-талқылау құралдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
деңгейлік мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер сынып

Қатысушылар: мұғалімдер

Өткізуші:Сабралиева Г.С.

Шебер сынып тақырыбы

Оқытудағы тиімді әдістердің бірі-талқылау құралдары


Жалпы мақсат

Сабақта қолдануға болатын талқылау құралдарымен таныстыру, тиімділігіне көз жеткізу

Күтілетін нәтиже

1.Мұғалімдер «талқылау құралдары» туралы мәлімет алады.

2.Талқылау құралдарын сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

3.Талқылау құралдарының түрлерін ажырата алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сәлемдесу» жаттығуы,«Балалар философиясы» , «Уақыт шеңбері», «Алтын балыққа арналған аквариум» , «Тікелей радиоэфир», «Стикердегі диалог» атты тақылау құралдары, «3:2:1» рефлексиясы






Жұмыс барысы:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Әріптестердің іс-әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлемдесу» жаттығуы

Әріптестер өздері білетін бірнеше тілде бір-бірімен амандасып шығады

3 мин

Кіріспе.

Таныстырылым

«Не үшін сөйлеу керек?» слайдтан оқып беремін.

Мұғалімдер мұқият тыңдайды

1 мин

Негізгі бөлім:

«Мен қазір бірнеше талқылау құралдарымен жұмыс жасатамын.Соңында өздеріңіз жасаған талқылау құралдарын табуларыңыз керек болады»


3 мин

«Балалар философиясы»

Бөлме ішіндегі заттарға мұқият қарай отырып,не айта аласыздар?


Әріптестер бөлме ішіндегі заттарды толығымен қарайды.Өздері бүгінгі күннің тақырыбын айтады.Ары қарай не істеуге болатынын айтып,сұрақтар қояды.

5 мин

«Уақыт шеңбері»

Мұғалімдерді дөңгелетіп отырғызамын.Ортаға сұрақ тастаймын.

-Бүгінгі байқаудың мақсаты не?


Мұғалімдер сағат тілімен жылжи отырып,бір-бір ауыз сөзбен жауап береді.





5 мин

«Алтын балыққа арналған аквариум»

Қатысушыларды екі топқа бөлемін.

І топ сұрақтар қояды.

ІІ топ сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімдер бүгінгі байқауға қатысты сұрақтар қояды,талап етеді.

Екінші топ жауап береді.

5 мин

«Тікелей радиоэфир»

Мұғалім –жүргізуші

3 қонақ және аудитория .

-Біздің өтінішімізді орындап, қонаққа келгендеріңізге рақмет.

Алдымен өзіңізді таныстырып,өзіңіз жайлы айтсаңыз.

-Байқау жайлы не айта аласыз?

-Бізге қоңырау шалып жатыр екен.Тыңдап көрейік.

Келген қонақтар сұрақтарға жауап береді.







Аудиториядан сұрақтар қойылады.

Баға береді.

Ескертпелер жасайды.

5 мин

«Стикердегі диалог»

Тақтаға сөздер немесе сөйлемдер ілінеді.

1. «Шеберлік сынып» мұғалімдердің кәсіби өсу дәрежесін көтере ме?

2. «Үздік шеберлік сынып» байқауының мақсатына жеткенін қалай түсіндіре аласыз?

3. Менің қолданып жатқан талқылау құралдарым сабақтарыңызға тиімді ме?Болашақта қолданасыз ба?

Әріптестер қолдарындағы стикерлерге жауаптарын жазып, тақтада ілініп тұрған сөйлемдердің тиісті тұсына барып жапсырады.

3 мин

Қорытынды.

Таныстырылымды көрсетемін.

Әріптестер өздері қатысқан талқылау құралдарын табады.

2 мин

Рефлексия

«3:2:1»

Әріптестер

3 .Бүгінгі шебер сыныптың

3 жақсы жағын,

2.Сабақтың 2 жетістігін,

1.Сабақтың 1 кемшілігін жазады.





















«Үздік шеберлік сынып» байқауына қатысушының анкета-ұсынымы





1

Тегі,есімі,әкесінің аты

Сабралиева Гаухар Сарыбековна


2

Жұмыс орны

Жамбыл ауданы,Айшабибі ауылы,Айшабибі орта мектебі

3

Педагогикалық еңбек өтілі

26 жыл

4

Оқытатын пәні

Қазақ тілі мен әдебиеті


5

Байқауға ұсынылған шеберлік сыныптың тақырыбы

Оқытудағы тиімді әдістердің бірі -талқылау құралдары

6

Байланыс телефоны, электрондық поштасы

87718355651, gauhar-7373@mail.ru





























Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебі









Шебер сынып



Тақырыбы: «Оқытудағы тиімді әдістердің бірі-талқылау құралдары»



















Өткізуші: І деңгей мұғалімі Сабралиева Г.С.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі