жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бәсекеге қабілетті бала тұлғасын қалыптастыру
Оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бәсекеге қабілетті бала тұлғасын қалыптастыру
Мухамедиева Жанар Абдиевна,
Аубакирова Айгуль Даулетхановна
Шоқан Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназияның
математика пәнінің мұғалімдері
Мақсаты:
Оқушылардың білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің әрекеттері арқылы өз орнын анықтау,өзін-өзі жетілдіру,адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру,сөйлесу,әрекет ету сияқты қасиеттерін жетілдіру арқылы өмірдегі өз орнын табу.
Егемен елдің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ. Олардың білімді де білікті, жан-жақты жетілген жоғары мәдениетті, парасат пайымы мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан да мұғалім- мектептегі басты тұлға. Мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін анықтап,соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін,ұлттық мәдениетін,ұлттық рух пен сана-сезімін дамытатын, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістікке жетелейді. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес,еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Осы орайда мұғалімге артылар сенім жүгі соншалық ауыр,әрі ұлағатты ұлы жол. Ұрпақ тағдыры- еліміздің ертеңгі тағдыры.
Міндеті:
Өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді.Ол бұрын пәнге бағытталған түрге жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болады. Бұл-қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс.
Жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Білім – рухани жаңғырудың басты алғы шарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ең маңызды фактор-тәрбие. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі.
Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында бүкіл қазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғы шарты ретінде айрықша атап өтіп, «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деген болатын. Мұндағы мақсат айқын, ол- еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сананы қалыптастыру. Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі,ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе,егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.
Сондықтан сабағымызда оқушыларға білім берумен қатар,саналы,білікті және кәсіби мамандыққа баулуға тәрбиелейміз.
«Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Тұңғыш президент жаңғырудың алты бағытын белгіледі:
Бәсекеге қабілеттілік;
Прагматизм;
Ұлттық бірегейлікті сақтау;
Білімнің салтанат құруы;
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
Сананың ашықтығы.
Білімділіктің,адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері иен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау,өзін-өзі жетілдіру,адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру,сөйлесу,әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып осылардың нәтижесінде-өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында.
Осыған орай оқушылар үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарына қайталау есептерін шығару сабағында жасырынды жұмбақтың шешімін үш тілде жеткізе алды.
Ылғи үштен тұрамын
Үш қабырға, үш төбе
Бұрыш болар құралым.
Қай элементімді санасаң
Үштен асып көрген жоқ
Өз алдыма бір елмін
Ешкімге есе бергем жоқ.
Бұрыштарым қосындысы
1800 қа тең болады
Бір қабырғам ұзындығы қалған
екеуінің қосындысынан кем болады.
Жауабы: үшбұрыш, треугольник,triangle.
«Арифметикалық және геометриялық прогрессия» тақырыбы бойынша «Прогрессияның адам өмірінде алатын орны» атты үй тапсырмасы берілді. Оқушылар өнеркәсіпте,биологияда,қиял ғажайып есебінде тақырыптарына көріністер жасады. Тарау соңында латын алфавитін пайдаланып сайыс сабақ өтілді.
Дифференциялай қатынас жасау – оқушының әрқайсысымен даралай, саралап жұмыс істеу деген сөз. Әр оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекеттер, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Демек, әрбір ұстаз педагогикадан, психолгиядан, әдістемеден терең білім алуы керек-ақ, ал әдіс-тәсілді жақсы меңгермеген ұстаз оқытуда көп қателік жібереді, бір сарындылыққа бой ұрады. Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілмеген материалды ұғуы бірдей.
Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі. Сондықтан барлық оқушыға бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызын зертеуші ғалымдарымыз ғылыми жағынан дәлелдеп келеді.
Дифференциялай қатынас жасау жағдайында жақсы сезіммен баланың жүрегіне жол таба отырып сұрау, сөйлесу, түсіндіру жағы мақсат етіледі.Тапсырмалар беру арқылы мұғалім сабақ барысында өз бетімен жұмыс жүргізгенде не таным жорыққа барғанда жеке топқа тапсырма беру, өз пәні бойынша үйірмеге тарту, т.б. жолдармен жүргізіп отырады. Есептерді тексеру кезінде «Пазл», «Лото» ойындарын қолданамыз.
‘TARSIA’ тәсілі
Бұл кезеңде , екі топқа екі түрлі геометриялық фигуралардың қиылған кеспе бөліктері таратылады. Топтың мүшелері толығымен ақылдаса отырып, осы кеспе қағаздарды дұрыс орналастыру арқылы, фигураны дұрыс құрастырып шығады.
І топқа үшбұрыш
ІІ топқа ромб
Кеспе қағаздардың бір шетіне берілгені, бір шетінде жауабы тұрады. Соны оқушылар есептер шығару барысында дұрыс жауабын анықтап, сәйкестендіріп, нәтижесінде берілген геометриялық фигураны қатесіз құрастырып шығару керек. Бұл кезеңде оқушылардың теориялық білімдерімен қатар, логикалық ойлау қасиеттері де қалыптасады.
2. Прагматизм
Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес.
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Прагматизм
– өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды
нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған
сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық
пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Прагматизм - ұстамдылық, қанағатшылдық
пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен
орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
«Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп,
дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап
артуда. Соңғы жылдары Қазақстан қандай
үлкен жетістіктерге қол жеткізді?
Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да
бір үлкен жетістігін сөз етеміз.Осы
орайда Мемлекетіміздегі әлемдік деңгейде
аталатын іс-шаралар жөніндегі жаңалықтарды
сабағымызда жиі қолданамыз.
Мысалы: «Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарына қайталау» есептерін шығару сабағында ауызша сұрақ-жауап арқылы жауапқа сәйкес әріптер бойынша «ЕХРО-2017» көрме мазмұны ашылады.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Ұлттық жаңғыру:
- ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
- ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
«Жайлауда» атты ашық сабақта қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланып қызықты сабақ өтілді.
8-сыныпта өткен «Квадрат теңдеулер» сабағында Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып квадрат теңдеу құру үшін мақал-мәтелдерді пайдаланамыз.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Бір тал кессең, он тал ек.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
Ұлға 30 үйден, қызға 40 үйден тыю.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлесеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Осы орайда өтілген материалға тоқтала кетсек, 7-сыныпта үшбұрыш теңдігін бірнеше тәсілмен дәлелдеуде есеп берілді.
Мысалы: АВС тең қабырғалы үшбұрыш. ВЕ оның биіктігі. АВЕ және ЕВС үшбұрыштары тең болатынын 6 тәсілмен дәлелдеңдер.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуы.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Осыдан шығатын қорытынды:
Сенімділікпен жұмыс жасау.
Бар ынтасымен оқуға берілу.
Пікірлерді тыңдау, құрметтеу.
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет
Нәтиже: кері байланыс
Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдене жасай аламын ба?
Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?
Өз ойларын кері байланыста түсіндіре алады.
«Үшбұрышың бұрыштарының қосындысы» сабағында үш топқа тапсырмалар берілді.
I топ: берілген үшбұрыштарды бүктеу(оригами әдісі) арқылы;
II топ: берілген үшбұрыштардың бұрыштарын транспортирмен өлшейді, қайшымен
бұрыштарын қиып бір түзу бойына түйістіред;,
III топ: оқулықтағы теореманы оқиды,дәлелдемесін түсіндіреді.
Бейіндік сабақтарға жазылған авторлық бағдарламада торқөзге салынған фигуралардың ауданын есептеу үшін неміс математигі Георг Пиктің мына тамаша формуласын қолдануды ұсындық:
S = І + Ш/2 – 1,
мұндағы: І- фигураның ішкі нүктелері саны,
Ш- фигураның шекарасындағы нүктелер(«түйіндер») саны.
Суреттегі фигуралар аудандарын есепте:
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың бет алысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Адам бойындағы қабілетті шыңдауда танымдық туындылардың алар орны ерекше. Әйгілі француз философы, әрі жазушы Дени Дидро « Ештеңе оқымаған адам ештеңе ойламайды» десе, аққан жұлдыздай қысқа ғұмырында ұлы істер атқарып үлгерген Шоқан Уәлиханов жүрегін жарып шыққан ғажайып ойын былайша бейнелегені мәлім: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек.» Өте көрегенділікпен айтылған осы асыл сөздің мәні мен мағанасы бүгінгі күнмен үндесіп-ақ тұр.
Деңгейлі тапсырмалар беру нәтижесінде әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді.Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі,төмендегі топтар жоғарғы топқа өтуге,жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға тырысады.Топқа бөлу кезінде олардың білім дәрежесін анықтау үшін тест жұмыстарын аламыз.
Ең жоғарғы балл алғандар –І,
оннан төмен жинағандар- ІІ және ІІІ топтарға кіргізіледі.
6. Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Өзгелердің ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Тест жұмыстарын тез тексеру кезінде сызба графикті пайдаланамын,сонымен қатар қазіргі кезде kohod,plicers бағдарламалары арқылы тексеруге болады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді. Ол білімді әр түрлі әдебиеттерден табуы мүмкін, сондықтан ой қорытуы да әр түрлі болады. Оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды төрт негізге бөлуге болады.
Оқушылар шығармашылық ізденіс жұмысын бастамас бұрын, жұмыстың негізгі мақсатын айқындап, ажырата білуі керек. Шығармашылық ізденіс мақсаты: сабақта алған білімін тереңдете отырып, берілген тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізуі, ол оқушының танымын кеңейтеді, білімін тереңдетеді, көзқарасын дамытады.
Берілген пән бойынша нақты тақырыпқа зерттеу жұмысын жүргізу. Оқушылар жұмыс барысында тақырыпқа байланысты әдебиеттерді пайдалануды, көрсетілген әдебиеттерден нақты материалдарды сұрыптап алуды үйренеді.
Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша белгілі тақырыпқа реферат, баяндама дайындап, қосымша шолу жасауды үйренеді. Бұл кезеңде оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Оқушы өзінің шығармашылык ізденіс тақырыбы бойынша көрнекіліктер жасап, оны теориялық жағынан қорғауға дайындалады. Мұнда тақырып алдын ала беріліп, оқушының белгілі бір кезеңде жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Ізденіс жұмысы оқушылардың шығармашылық отырысында қорғалады.
Осындай ізденіс жұмысын шығармашылық мүшелері «Шығармашылық тобы»отырыстарына ұсынып,тақырыптарын қорғайды. Соңынан өз тақырыптары бойынша аудандық және қалалық оқушылардың Кіші Ғылыми Академиясы байқауларында қорғайды.
Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздарының адамгершілігіне, белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық- әрекетіне байланысты болмақ.
Қорытынды
Әр оқушының мүмкіндігі өте көп, өзін дамытамын деген ,өзінің қабілеттілігін дәлелдейтін кез-келген адамның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі-тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интелеллектуалдық , адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады. Міне, осы қасиеттерді игере алатын адам-жеке тұлға болуға нық сеніммен қадам басқан адам.Біз әрбір жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті деп айта аламыз .
Қорыта келе, білім негіздерін меңгерген мектеп түлегінің моделін ұсынамыз:
кәсіби маман иесі;
бәсекеге қабілетті;
білім, дағды , көзқарас;
дарынды, белсенді;
құндылық қасиеті қалыптасқан ;
сандық технологияларды меңгерген.
«Мәңгілік ел» дегеніміз – халқы бәсекеге қабілетті, түтіні түзу шыққан , елі байқуатты, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын ел! Мәңгілік елге айналу жеке тұлға болу жолында аянбай еңбек етіп жүрген жастардың қолында.
Қазақстан, бәсекеге қабілетті Қазақстанның қарышты экономикасы жақсы экономикадан демеу алатын , қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін ең қажеттісі- БІЛІМДІЛІК!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы.
2. Дереккөз:https://e-history.kz/kz/contents/view/2154
3. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы Стил С.,Крутис С.
4. Бағдарлы мектеп және кәсіптік мектеп Журналдары.
5. Педагогика. Журнал
6. Л.Фридман, Е.Турецкий « Как научиться решать задачи »
Мухамедиева Жанар Абдиевна - zhanar.abdi@mail. ( ұялы телефон-87012043367)
Аубакирова Айгуль Даулетхановна- aigul020476@mail.ru (ұялы телефон-87055786759)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген