Оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін дамыту
«С.Сейфуллин
атындағы гимназия»КММ
қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Амиркулова
А.Ш.
Қазіргі заман талабына сай
білім беру мазмұнын жаңғырту аясында ұстаздардың алдына жаңа
міндеттер қойылып отыр.Ол - оқушылардың дайындық деңгейіне қарай
оқу материалын сұрыптау,сабақтың типі мен түрін, оқытудың
әдіс-тәсілдерін таңдау, мақсаттарды және күтілетін нәтижені
анықтау. Мектептегі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің
бірі – оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.Бұл
ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім мен тәрбие беруде белгілі бір
құзыреттілікті бойына сіңірген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
«Құзыреттілік дегеніміз-
оқушының алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде қолдана білу
қабілеттілігі» .(1) Қоғам талабына сай, бәсекеге қабілетті ,
шығармашылығы дамыған тұлға болып қалыптасуы үшін коммуникативтік
құзыреттілігін дамыту қажет. Мен өз тәжірибемде орыс сыныбында
мемлекеттік тілді оқытуда осы мақсатты алға қоя отырып, әр сабақта
оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін қолданамын.Білім саласындағы қазіргі
жаңа технологиялар оқушылардың оқушылардың білімге деген ынтасын
арттырып, таным деңгейін кеңейтуге ықпал жасайды. Бұл технологиялар
қоғамда болып жатқан өзгерістермен байланысты және заманның жаңа
талаптарына сай оқушының тұ лға ретінде қалыптасуына , дамуына
бағытталған. Мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау», «Деңгейлеп оқыту
технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», « Компьютерлік
технология» және т.б. Осы жаңа технологияны сабақта тиімді қолдану-
мұғалімге қойылатын басты талаптардың бірі. Оқушыға білімді жүйелі
меңгертуде және оқушының танымдық белсенділігін дамытуда
М.Жанпейісованың модульдік технологиясының маңызы ерекше. Осы
технология бойынша сабақтың мақсатына жету үшін түрлі жұмыстар
жүргізу, қажетті әдістерді қолдану оқушылардың рефлексивті
дағдыларын қалыптастырады. Модульдік технологияны қолдану арқылы
тілдік коммуникативтік құзыретттілікті дамыту, мемлекеттік тілді
оқыту өте тиімді. Оған қазіргі жаңа бағдарлама бойынша шығып жатқан
оқулықтар дәлел.
Модульдік технологияның
өзектілігі:
-
оның тұлғаның танымдық
қабілеттерін жетілдіруге;
-
жадының алуан түрлерін (есту,
көру, қимыл), ойлау, ынтаны дамытуға;
-
қарым-қатынас, ойын, белсенді
сөздік қорын қалыптастыруға;
-
дарынды балалармен тұрақты,
жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік беруі.
Сабақта оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін
жұмыстар:
-
диалог (оқушы мен
оқушы)
-
монолог (қысқаша хабарлама,
әңгімелесу, суреттеу, мінездеме)
-
сұрақ-жауап (мұғалім мен
оқушылар)
-
ауызша қарым-қатынас (оқушы
мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
-
жазбаша қарым-қатынас
(тақырыпқа байланысты мәтінмен, суретпен
жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері
коммуникативтік құзыреттіліктің алғы шарттары болып табылады.
(2)Модульдік технологияның тағы бір ерекшелігі - берілген
материалды бірнеше рет қайталау мүмкіндігі.Соның нәтижесінде
материал оқушы жадында ұзақ сақталады. Бұл технология бойынша
сабақта оқыта үйрету ойындарын қолданамын. Сабақта «Брейн-ринг»,
«Қарлы кесек» ойындары, кез келген жаңа тақырыпты өткенде
тірек-сызба оқыта үйрету ойындарын жиі өткіземін. Мысалы, 7-сынып
бағдарламасы бойынша І.Жансүгіров, Ш.Берсиев, М.Жұмабаев.
Б.Момышұлы сияқты атақты адамдар туралы мәтіндер берілген. Қайталау
сабағында « Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны бойынша жүргізуші
немесе мұғалім парақтар таратады.Онда атақты тұлғалардың
портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 оқушыдан топқа бөлініп
отырады. Оқушылар тұлғаны танып, оның аты-жөнін, тарихтағы
рөлін,оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды
естеріне түсіреді. Топ ішінде талдаған соң , біреуі шығып қорғайды.
Жүргізуші неғұрлым толық жауап берген топты
анықтайды.
Сабақта жиі қолданатын
технологияның бірі –В.Ф. Шаталовтың «Тірек-сызбалар негізінде
оқыту»технологиясы. Тірек-сызбамен жұмыс істеу- оқушылардың
логикалықойлауын кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін
арттырады және қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолы болып
есептеледі. Тірек-сызбаны тек көрнекілік ретінде ғана емес,
деңгейлік тапсырмалар бергенде,жеке кәртішке ретінде, топтық,
жұптық жұмыста да қолдануға болады. Оқушылар мәтінді оқып болған
соң негізгі ойды анықтау мақсатында да тірек-сызбамен түсіндіреді.
Грамматикалық ережелерді тірек-сызба көмегімен түсіндіру де тиімді
.Сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, жалғау түрлерін, септік атауларын
тірек-сызба арқылы үйретсе, оқушының есінде жақсы сақталатынына көз
жеткізуге болады.
Тілдік қарым-қатынаста
сөйлесудің немесе диалог пен монологтың маңызы зор. Бұл да сабақта
жиі қолданылатын тиімді әдістердің бірі. Жаңа оқулықтарда диалогті
толықтыр, диалог құрастыр деген тапсырма түрлері көптеп кездеседі.
Диалог –айтылған ойдың адамға түсінікті болуы, оны қабылдау арқылы
екінші адамның оған жауап қайтаруы.Ол тілдік коммуникация арқылы
жүзеге асады.Диалгте сөзді дұрыс айта білу заңдылықтары мен
қалыптасқан нормаларын білу маңызды.
Монолог түрінде сөйлесу де
қарым-қатынаста сөйлеуге қажетті құралдардыдұрыс қолдану, логикалық
жүйемен бірізді айтып беруге үйрету мақсатын көздейді. Монолог
түрінде сөйлеуге қойылатын қатысымдық құзырет деңгейіндегі талаптар
бағдарламада көрсетілген. Ол бойынша білім алушы қазақтың белгілі
адамдары, туралы айта білуі, мақал-мәтелдерді қанатты сөздер мен
шешендік сөздерді қосып сөйлеуге үйренуі, оқыған немесе естіген
мәтіндерді мазмұндай білуі, өзі , туған жері, халқының мәдениеті
мен тарихы, өнері, мәдениеті мен әдебиеті туралы айта білуі қажет.
Сондықтан әр сабақта оқылған немесе тыңдалған мәтін бойынша монолог
айтуға дағдыландырамын. Топтағы оқушылар бір-бірін тыңдай отырып,
толықтыру нәтижесінде тұтас мәтін
мазмұндалады.
Тілді үйретуде басты мәселе
–қазақ тіілінде сөйлеуге үйрету, өз ойын жеткізе білу.(3)Қатысымдық
әдісті жиі қолданған сайын өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде
сөйлетуге болады деп есептеймін.
Ж. Аймауытов: « Сабақ беру-
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын
өнер» ,- деген.(4) Олай болса, қазақ тілін заман талабына сай жаңа
технологиямен оқытуды әр ұстаз өзіне мақсат етіп қойса, оқушы терең
біліммен қаруланады, бәсекеге қабілетті, алған білімін өмірде
қолдана алатын тұлға қалыптасады .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
Ф.Оразбаева . Тілдік қатынас.
А.,2005
-
М.М. жанпейісова .
Интерактивті модульдік оқыту технологииясы
-
С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту
методикасы.А., 1975
4. Ж.Аймауытов. Бес томдық
шығармалар жинағы4-том.А.,1998, 447-бет