400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Электорндық оқулықтарды оқу процесіне пайдалану тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары

Сыздыкова Айгуль Жаномкановна


Қызылорда қаласы,Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің информатика пәнінің оқытушысы



Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту - басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Осы мақсатта студенттердің ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу студенттер уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.

Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды..

Студент өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі –  есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім студенттің ішкі мұқтаждығымен  сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды.

Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен оқытушыға байланысты. Қазіргі заман оқытушының өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Студенттерді білімінің сапалы болуы бір жағынан оқытушы сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынныңда техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Студенттер берілген білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде.

Солардың ішінде студент үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

  • оқу материалдары туралы студенттерге дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

  • абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

  • оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

  • оқытушы мен студенттің еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керек:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;

  • зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар;

  • материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар;

  • аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;

  • материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.

Электрондық оқулықты қолдана отырып студенттер төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

  • Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

  • Студенттің өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге;

  • Жұмысты тиянақты түрде орындап, оқытушыға файл түрінде тапсыруға;

  • Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

  • Оқулықты сабақтарда қолданып, студенттің өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

  • Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық технологиялардың  мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы оқытушы мен студент өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану студенттердің сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен оқытушының нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі студентті бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар студентке өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша студенттердің дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, оқытушының   жұмысын жеңілдете түседі.

Өз тәжірибемде электрондық оқулықты пайдаланудағы тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, студенттерді машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, студенттердің білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары (есептер, диктант) студенттердің білімін бақылауда және өз бетінше ізденісін туғызады.

Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • оқытушының ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • студенттің пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Қорыта келгенде электрондық оқулықты қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының артатындығы байқалады. Оқытушы да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде студент бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір студент таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.


Әдебиеттер

1.Медетбекова Р.Ә. Компьютерлік түр-түстің психологиялық-педагогикалық әсері. Алматы, 2010. –Б.280-287.

2. Р.Ә.Медетбекова. Ақпараттану. Шымкент, 2011

3. Ә.Қ.Бүркіт. Информатика. Шымкент, 2010

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі