400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Орал қаласының көше атаулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қажетті мәліметтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 20 жалпы орта білім беретін мектебі






Тақырыбы: «Орал қаласның көше

атаулар»



Орындаған: Жеткиевич Полина

3 «Ж» сынып оқушысы

























Орал – 2019

Астанада Ба­тыс Қазақстан облысының күн­де­рі өтеді. Осыған орай, Орал қала­сында жүзеге асқан мына бір жа­ғым­ды жәйт туралы әңгімеле­ген­ді жөн көріп отырмын. Жалпы­сын­да, тек бір қала ауқымында ғана емес, республика жұртшы­лы­ғы арасында үлкен жаңғырық туғыз­ған бұл қуанышты оқиға­ның орын­далғанына да алтыншы жыл­ға ауысып барады. Мен ол кезде Орал қаласы әкімінің орын­ба­са­ры, сонымен қатар, қалалық оно­мастикалық комиссияның төр­аға­­сы едім. Тәуелсіздік алғаны­мызға 14 жыл өтсе де, қала көше­лері­нің коммунистік-тоталитар­лық ба­ғыт­­та­ғы атаулары мызғы­май сіресіп тұрған болатын. Тұрғындар мен қоғамдық ұйым­дардан оны тәуелсіздік та­лап­тарына қарай өзгерту, ыңғай­лау жөнінде комиссия атына ұсы­ныстар мен пікірлер үздіксіз түсіп жатты. Оны аяқсыз қалдыру еш мүмкін емес еді. Комиссия төр­аға­сы ретінде бұл жауапты істің негізгі жобасын өзім жасауға тура келетінін терең түйсіндім. Сөйтіп, іске кірістім. Оны көше атау­лары­на талдаулар жасаудан бастадым. Қалада халқымыздың танымал тұл­ғалары мен ұлты қазақ Кеңес Одағы батырларының бір де біріне көше атаулары берілмеген бо­лып шықты. Соның бәрін жүйеге түсірген кезде ең алғашқы кезекте 34 кө­ше­нің атауын шұғыл ауыстыруға тура келетіні белгілі болды. Содан соң комиссия мүшелерімен кеңесе отырып Құрманғазы, Мұ­хит, Дина секілді халқы­мыз­дың біртуар талант иелері бір бағыт­тағы параллель көшелерге орна­лас­қаны орынды деген тоқтам жасадық. Ерліктің қос қана­тын­дай Мәншүк пен Әлия атындағы даңғылдарды да бір-бірімен жа­рыс­тыра қатар қоюды ұйғардық. Сонымен бірге, қазақ хал­қы­ның тарихына тікелей қатысы бар, оның қайғысы мен мұңына ортақтаса білген Мирзоян, Савичев, Иванов секілді тарихи тұл­ға­ларға да көше атаулары берілгені орынды деп табылды. Орал қала­сында XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген Карев деген көпес болыпты. Сол кездегі оның Оралда тұрғызған еңселі ғимараттары сәулет өнерінің қайталанбас үлгі­сіндей көрінетін. Бұл орындарда бүгінде облыстық филармония мен кітапхана орналасқан. Келешекке қалдырған осындай өшпес ізі үшін Каревтің атында да Оралда бір көшенің болғаны әділетті деп есептедік. Осылайша әр көше жөнінде тү­йін­демелер мен анықтамалар және қабырғалық материалдар жинақ­та­лып, қалалық мәслихат депутат­тары­­ның назарына ұсы­ныл­ды. Әрі комиссия отырысында түсінбестік туғызған барлық сұ­рақ­тарға терең де жан-жақты жауаптар қайтарыл­ды. Көшелердің атауын алмастыру жөніндегі түсі­нік жұмыстарына Болат Жек­сенғалиев, Жаңабек Жақ­сы­ғалиев секілді филолог ғалым­дар тар­тыл­ды. Сөйтіп, Орал қала­сын­да 34 көшенің атауын бір мезгілде өзгерту жөніндегі мәселе Орал қалалық мәслихаты қарайтын мәселелердің қатарына енгізілді.

Орал қаласында 57 көшенің атауы өзгерді.БҚО әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы бірлескен қаулысы мен шешімі әділет департаментінде тіркелді. Осыған сәйкес «Астана» шағынауданы бойынша №1 көше Қазыбек би, №2 көше Әйтеке би, №3 көше Төле би есімін иеленді. «Жұлдыз» шағынауданы бойынша бұдан былай №4 көше Нұрғиса Тілендиев, №6 көше Фариза Оңғарсынова, №8 көше Ермек Серкебаев, №13 көше Асқар Сүлейменов, №23 көше Медеу көшесі болып аталады. Атап айтқанда БҚО әкімдігі және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі Әділет департаментінде тіркелді. Республикалық ономастикалық комиссияның тізіміне сай Орал қаласындағы көшелерге тарихи тұлғалар мен жер-су атаулары берілді. Көше атаулары өзгертілмес бұрын құзырлы мекеме қызметкерлері  алдымен тұрғындардың пікіріне құлақ түріліп кейін барып өзгерту енгізу туралы шешім шығарған.Атаулары өзгертілген бірнеше  көшеге тоқталып өтсек, Орал қаласы бойынша Верхняя көшесіне - Шалқыма, Проселочная көшесіне - Назерке, 1-ой садовый переулок көшесіне - Ағыбай батыр, 2-й кольцевой переулок көшесіне - Бұланты, 2-я молодежная көшесіне - Балқаш, 26 бакинских комиссаров көшесіне - Жидебай, Речная көшесіне - Ертіс, Больничная көшесіне - Ырысты, Вершигора көшесіне - Халел Досмұхамедұлы, Заводская көшесіне – Естай атауы берілді. Оған қоса «Сарыарқа» шағынауданындағы №41 көше Бердібек Соқпақбаев, №44 көше Шәмші Қалдаяқов болып аталады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы Орал қаласы бойынша жалпы саны 231 көше қайта аталды.  Мән-мағынасын жоғалтқан 135 көшенің атауы ұлттық танымға сәйкес өзгертілді. 96 көшеге жаңа атау берілді.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында төрт ауылдың байырғы атауымен аталатынын, Елбасы Жарлығына сәйкес Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгертілген болатын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі