Материалдар / Оралханды жырлаймыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оралханды жырлаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оралханды жырлаймыз» атты Орахан Бөкей туралы жазған атақты тұлғалардың пікірін оқу сайысы
Мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.

Әдеби кеш барысы:
1 - жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: - Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оралханды жырлаймыз» атты атақты тұлғалардың пікірін оқу сайысына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: - Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың қара өлеңнің сөзіндей.
Асқақ едің, атақты едің, нар едің,
Туған өлкең – өр Алтайдың өзіндей!
2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,

Бір- біріңе еріңдер,

Көркем сөзбен көмкеріп,

Сайысқа қатысып көріңдер - деп қатысушы оқушыларымызды қарсы алайық!

2 - сынып оқушылары, 3 - сынып оқушылары.

1- Жүргізуші: Алдымен бүгінгі сайыстың басты ережелеріне тоқталып өтсек,

1. Қатысушының мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы

2. Үзіндіні қатесіз жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

3. Оқығанда оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

2 - жүргізуші: Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,

1. Бастауыш сынып мұғалімі Накажина Динара Какеновна

2. Бастауыш сынып мұғалімі Дәулетханова Іңкәр Талғатқызы

3. Бастауыш сынып мұғалімі Газизова Гулназ Ерсаиновна
1 - жүргізуші: - Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары атанған
Оралхан Бөкейге атақты тұлғалардың пікірін оқуға 2 –«А» сынып оқушысы Советхан Нариманды ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: - Жазушы, драматург Дулат Исабеков: «Оралхан – бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер» деп жазушы шығармашылығына жоғары баға берген. Келесі сайыскеріміз 2-«Б» сынып оқушысы Минутбек Кәусарды ортаға шақырамыз.


1 - жүргізуші: - Ал, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов: «Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді. Заңғар таулардан құлап аққан өзендердей тасқын еді. Таулардың сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» деген екен. Олай болса ортада келесі сайыскеріміз 2-«Г» сынып оқушысы Қабдікәрім Айлин.

1 - жүргізуші: - Оралхан Бөкей – азғантай ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерген жазушы. Ортаға келесі сайыскеріміз 3-«А» сынып оқушысы Жанарбек Қарақатты шақырамыз.

2 - жүргізуші: - Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі, қазақ журналистикасындағы, қазақ публицистикасындағы қайталанбас құбылыс. Қазақ көркемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер.

1 - жүргізуші: Келесі сайыскеріміз 3-«Б» сынып оқушысы Қуанышқызы Дана

2 - жүргізуші: - Оралхан ағамыздың тағы бір ерекшелігі – сөзге шешендігі. Қара сөзбен сөйлесе де төгіп - төгіп салған сөйлемдері өлең секілді ұйқасқа толы болған деп еске алады танымал жазушы Дидахмет Әшімханұлы. Ортаға келесі сайыскеріміз 3-«В» сынып оқушысы Рафилқызы Ислананы шақырамыз.

2 - жүргізуші: Өр едің, өр Алтайдың, тірегім ең,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзіңді қастерлеген туған елдің,
Жатырсың орын алып жүрегінен. - Ендігі кезекте 3-«Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжан.

2 - жүргізуші: - Осыменен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті.
1 - жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды. Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде. Марапаттау.
1 - жүргізуші: - Осыменен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!
2 - жүргізуші: - Келесі кеште кездескенше сау - сәлемет болыңыздар!




«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ











Оралханды жырлаймыз!

Атақты тұлғалардың пікірін оқу сайысы

Жауапты:Жунусова А.Б

Далаева Н.Т









Өскемен қаласы 2023-2024 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!