
«Орал гуманитарлық- техникалық колледжі»
мекемесі жанындағы «AZIM» бөбекжайы

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ
ҚЫЗМЕТІ
ОРАМАЛ ТЕАТРЫ «ҮЙШІК»
ЕРТЕГІСІ
Дайындаған:З.М.Меңдіханова
тәрбиеші
2023 ж
Білім беру ұйымы:
«Орал гуманитарлық- техникалық колледжі» -
мекемесі жанындағы «AZIM» бөбекжайы.
Топ: «Балдырған» ортаңғы
тобы.
Жасы: 3-4 жас
Ұйымдастырылған
оқу-қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:
Орамал театры «Үйшік» ертегісі
Мақсаты: Балаларға орамал театрын қолдана отырып ,үйшік
ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік
қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін
қалыптастыру.
Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты
бағалай білуге баулу.
Әдіс- тәсілдер:
түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық
ойындар.
Ресурстар:
интерактивті тақта, тышқан, бақа, түлкі, қоян,
тиін, аю суреттері және үйшік, сәбіз, бал,ірімшік , шырша, орамал
театры.
Блингвальды
компонент: үйшік-теремок
Сөздік жұмыс:
үйшік
Барысы: Келген қонақтарымызға QR- код жүйесімен мобильді
кітапхана арқылы «Үйшік» ертегісін
таныстыру.
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан
тоқтай қалып сұрайды:
Мирас: (Тышқан)
Мен шиқылдауық
тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам
өзінмен.
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не
тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір
сүреді.
Бақылдап бақа келеді:
Расим: (Бақа)
Мен бақамын бақ- бақ,
Басы менің жалпақ.
Су түбінде көп жүріп.
Басым содан
жалпақ.
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не
тұрады?
— Мен, шиқылдауық
тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған
бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан
үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып
сұрайды:
Медина: (Қоян)
Мен қоянмын, қоянмын
Сәбізді жеп тоямын.
Сәбіздерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямыз.
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не тұрады?
— Мен, шиқылдауық
тышқанмын.
— Мен,бақылдаған
бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген
қоянмын.
— Кел, бізбен
тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені
түлкішек-әпке тоқылдатады:
Алима: (Түлкі)
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішін де жүремін,
Айқай шу
күлкінің.
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не
тұрады?
— Мен, шиқылдауық
тышқанмын.
— Мен, бақылдаған
бақамын.
— Мен, секеңдеген
қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен
түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен
тұр!
Енді олар төртеу
болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр
сұрайды:
Әмірхан: (Қасқыр)
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не
тұрады?
— Мен, шиқылдауық
тышқанмын.
— Мен, бақылдаған
бақамын.
— Мен, секеңдеген
қоянмын.
— Мен,
түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр
қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу
болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән
айтыпты.
Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан
дауыстарды естіп,
тоқтап айқайға салады:
Шахмина: (Аю)
Кезгем ішін орманның,
Мен аюмын қорбанмын.
Қалын нудан балпандап,
Жүрмін міне қорбандап.
— Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте не
тұрады?
— Мен, шиқылдауық
тышқанмын.
— Мен, бақылдаған
бақамын.
— Мен, секеңдеген
қоянмын.
— Мен,
түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр
қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған
аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре
алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып
қаласың.
— Жоқ,
қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп
құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі,
қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап
үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып
шықты!
Тақпақ:
Біз тату боламыз,
Досты көп тамабыз.
Қашан да, қайда да,
Бір- бірімізге сенімді
боламыз.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
«Ашық микрофон»
әдісі
Балалардан бүгінгі ертегіден алған әсерлерін
сұрау.
Балалар шеңберге айнала жүріп «Дос болайық
бәріміз» әнің орыңдайды,
Ойын: « Кім немен қоректенеді»
Мақсаты:Жаңа технологияны қолдана
отырып QR-
код жүйесімен « Кім немен
қоректенеді» ойының ойнатып қызығушылықтарын
ояту. (ересек
тобы)
Мадақтау:
Балаларға жұлдызша беру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани
біледі.
Игереді: сахналау арқылы мазмұнын
игереді.
Меңгереді:
ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің
көңіл-күйін меңгереді.
