жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Орамалды әшекейлеу"
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: He салғым келсе, соны саламын.
Мақсаты:
Білімділік: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуге үйрету;
Дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: көкөністер, жемістер.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Дүкен» ойыны. Балалар кезекпен келіп, педагогтің сұраған жемістерін сатып алады. Педагог «Дина, сары жеміс сатып әкел», «Арман, қызыл және домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді, балалар ол жемістердің аттарын айтады т.с.с. |
Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті (банан немесе алмұртты т.б.) атайды т.с.с. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог тақтаға көкөністер мен жемістердің суретін іледі. Жұмбақ жасырады. Бақшада өседі, Көп өнім береді. Аспай піскен, Қайнамай түскен. Суретпен жұмыс жүргізеді. - Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Айырмашылығы не? Түсі қандай? Пішіні қандай? - Балалар, біз күнделікті өмірде, балабақшада жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор. Сергіту сәті: Жемістер пісті, Бөрі жерге түсті. Жапырақтар да түсіп жатыр, Бөрі бір-бірін қуып, Ұшып жерге жетті. Біз оларды теріп алдың. Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішіннен |
Балалар толық жауап беріп үйренеді. - Көкөніс. - Жеміс. - Алма тәтті. Оның түсі қызыл, сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с. Өлең мазмұнын қимылмен көрсетіп, педагогпен бірге қайталайды. |
|
|
жемістердің суретін салады. - Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішін саламыз. |
Дәптерлерімен жұмыс. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды, мақтап - мадақтайды. |
Толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламның тек ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.
Игереді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды.
Меңгереді: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуді, сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуді.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіз.
Мақсаты: Сәбіздің суретін сала білуге үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сәбіздің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.
Сөздік жұмыс: сәбіз, сабақ.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. |
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог сурет бойынша жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізеді. - Қоянның қолында не бар? Педагог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарды жүргізеді. - Сәбіз қанша түстен тұрады? Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып - ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Педагог балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді. - Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір-біріне қосамыз. Сәбіздің үш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де дәл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады. |
Күз мезгілі жеміс-жидек, көкөністер байлығын береді. (Қимылмен көрсетеді). - Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай. Балалар толық жауап береді. - Жасыл түспен сабағын бояймын. Сәбізіміз дайын болады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог балалардың суретті жақсы салғандарын, қоянның қуанып, алғысын білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді. Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап - мадақтайды. |
Не салғандарын әңгімелейді. - Мен алмұрт сал дым, ол сопақшаға ұқсайды т.б. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сәбіздің суретін салуды.
Игереді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Меңгереді: пішіндерден бейне жасауды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, яғни жоғары жағы жіңішке, төмен жағы жуан болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімдігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: алтын күз - сары алтындай; жомарт - қолы ашық.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Моти вациялық – қозғаушылық |
- Балалар, сендерді аналарың не деп еркелетеді? Сендерге қандай жылы сөздер айтады? |
Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог күз мезгілі туралы тақпақ оңып, осы тақырыпта әңгімелеседі. «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) Алтын, алтын, сары алтын, Алтын күзде нұр жатыр. Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді, Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі. Педагог балаларға күз мезгілінің белгілерін айтқызады. Сергіту сәті: «Тамып, тамып, тамып, тамып» деп айтып отыра кетеді. Суретке қарап, сурет салғызады. - Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғарыға қарай жасаймыз, төмен жағы жуандау болып келеді, бұтақтары екі жақ шетіне, діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді. Балалар бұған қосымша жерді, бұлтты, күнді салады. - Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық сызамыз, қылқаламның бүкіл ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз. Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз. |
Сұрақ-жауап. - Күз мезгілі. - Алтын күз дейміз. - Жаңбыр жауып тұр. - Ағаштар қозғалып тұр. Жапырақтар түсіп жатыр. - Аспан бұлттанып тұр. - Күн суыта бастады. Педагогпен бірге қимылмен көрсетеді. Дәптерді ашып, жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды. Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз. Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр, жапырақтың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып, жапырақтар саламыз. Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз. Саусақпен көк түске бояймыз. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, бүгін біз не жайлы сурет салдық? - Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар. |
Балалар суретке қарап әңгімелеп береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді.
Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды.
Меңгереді: Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Мақсаты: Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттың киімдерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: «Омыртқа» өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол, кимешек.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды. Орамал қазақтың ұлттық киімдеріне жататыны туралы әңгімелейді. Педагог қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді (киімдердегі ою-өрнектерді көрсетіп, сұрақтар қояды). |
Балалар шеңберге тұрады. Амандасады. - Қамзол, шапан, кимешек. Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына салады. - «Ирек», «құс - қанаты», «тышқан ізі». Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар. Өрнек шыршаға ұқсайды т.б. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Қазақтың ұлттық оюының бірі «омыртқамен» таныстырады. Сергіту сәті: Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып «омыртқа» өрнегін салады. Педагог балалардан әженің орамалын ою-өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ-жауап әдісімен қандай ою-өрнек салуды анықтайды. Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, «омыртқа» өрнегін салуға кіріседі. - Үшбұрыштарды салу арқылы «омыртқа» өрнегімен әжеміздің орамалын әшекелейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз, содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалымыз әшекейлі және әдемі болып шықты. |
(Саусақтармен жаңбыр тырсылы дыбысын салады). Қылқаламды жуып, артық суды стақан ернеуіне қалдырып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс жасайды. - Әжеміз қуанып қалды. - Мен орамалды әдемі етіп әшекейледім. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Көрме ұйымдастыру. Жарайсыңдар, «омыртқа» өрнегіміз неге ұқсайды, балалар? Әженің риза болғанын, балаларға үлкен алғыс айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау. «Орамал тастау» ойынын ұйымдастыру. |
Балалар толық жауап беруі керек. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ою-өрнектермен әшекейлей білуді.
Игереді: қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқа» туралы.
Меңгереді: шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуді.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?
Мақсаты: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету; екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: дөңгелек заттардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмысы: дөңгелек, шеңбер.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Барлығы бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады. |
Шеңберге тұрып, жүрек пішінді ойыншықты бір-біріне береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
«Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойыны. Дөңгелек пішінге ұқсас ойыншықтардың, заттардың аттары мен белгілерін атап айтады, балалармен бірге анықтайды. Балалар топ ішіндегі заттардан дөңгелекке ұқсас заттарды тауып айтады. Сергіту сәті: Педагог: Қазым, қазым, қаңқылда, Жүз көліңе, салқында, Жем шашайын, жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе?... Қаз: Жоқ! Жоқ! Кәмпит маған болмайды ас, Арпа менен бидай шаш. «Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойыны. Балаларға берілген фигурадан бейне жаса деген тапсырма беріледі. Суретті салуға кіріспес бұрын педагог салатын суретті нүкте арқылы көз мөлшермен жасап алуды, содан кейін қылқаламмен бастырып, қалаулары бойынша бейне жасау туралы әңгімелеп түсіндіреді. |
Фигураларды еске түсіреді. Балалар ойланады. - Шар, доп т.б. Олар домалайды, дөңгелек дөңгелейді, бұрыштары жоқ. Тамақ ішетін ыдыс, сағат, доп т.б. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды еркін ұстап, дөңгелектің үстінен жүргізіп, қалаған бейнелерін жасайды. Ішін бояған кезде нүктеден бастап айналдыра бояу өдісін қолданады. Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар айтып, қалғандары ойланып шешімін табады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар,сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар (мақтау, мадақтау). |
Балалар толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды.
Игереді: екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді.
Меңгереді: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыта отырып бейнелер жасауды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, губка таяқшасы, қағаз, су, сүлгі, қарындаш.
Сөздік жұмыс: қабат, көп қабатты.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады. |
Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне тілектерін айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Біздің үй (Ғ.Өкеев) Қалаушы да табылды, Үй салынды, жабылды. қосып құмға лайды, Сылақшылар сылайды. Терезе, есік, едені, Қиюласты әдемі. құрылысшы боламыз, Зәулім үйлер саламыз. Балалар, үйді кімдер тұрғызады? (Педагог балалармен әңгіме жүргізеді). Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың терезелері, есіктері, шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады, қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді. Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады. Бір қабатты үй. 1. Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады. 2. Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды. 3. Шатыры үшбұрыш болып келеді, парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі. Бой сергіту: Мен құрылысшы боламын, Зәулім үйлер саламын. Өз қаламды көркейтіп, Ел алғысын аламын. Көп қабатты үй. Бірнеше қатарға (3-5 қабатты үйлерде) терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға, солға жылжыта отырып салу керек. Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр, есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады. Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады. |
Балалар толық жауап береді. - Менің әжемнің үйі ауылда. Оның үйі бір қабатты. Мен көп қабатты үйде тұрамын. Мен төртінші қабатта тұрамын. Мен қалада тұрамын т.б. Геометриялық фигураларды қайталап естеріне түсіреді. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды өте қатты баспай түзу сызықтар сызады. Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады. Мақтау, мадақтау. |
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.
Игереді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.
Меңгереді: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суретін салуды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күз бейнесі.
Мақсаты:
Білімділік: балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен таныстыру;
Дамытушылық: балалардың күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: отанды, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті. Саңырауқұлақ суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: күзгі саябақ, орман.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Күзгі орманға саяхат. Педагог балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды. |
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог тақтаға күз мезгілінің суретін іліп, оның әсемділігі неде екендігін тамашалатады және осы тақырыпта әңгіме жүргізеді. «Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны. Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады. Сергіту сәті: Саңырауқұлақ болайық, Тізе бүгіп отырайық. Жаңбыр жауса көтеріліп, Өсіп - өсіп алайық. Педагог сурет салған кезде қағаз бетін толық пайдалану қажеттігін ескертеді, қағаздың барлық бөлігіне күз көрінісінің суретін салуды ұсынады. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл-сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады. Соның ішінде орманда саңырау құлақтар өсетінін, оны қалай салуға болатынын көрсетіп, түсіндіреді. - Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады. Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте |
Күзгі саябақ, ашық күнгі орман бейнеленгенін айтады. Сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдайды. Күзгі бақтағы өзгерістерге көңіл бөліп, түстеріне назар аударады. Тақтаға екі бала шығып, саңырауқұлақ құрастырады (түсін, көлемін салыстырады). Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей жағу |
|
|
белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз. Қылқаламды еркін ұстау, батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Суретті толықтыру үшін күн, бұлт, ағаш, шөп салуға болатыны айтылады. Егер жаңын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айтылады. |
тәсілімен салады. Суретті ертерек бітірген балаларға қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын толықтырады. |
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
- Бүгін сендер жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте тамаша шығыпты. Педагог балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі. |
Балалар бір-бірінің суреттерін көріп, тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғатта өздері бақылаған жайларды суретте көрсете білуді.
Игереді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденеңінен жағуды.
Меңгереді: фигуралар салу арқылы бейне жасауды.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу
Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатың бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрелкенің суреті. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, тәрелкенің үлгісі.
Сөздік жұмыс: тамшы оюы.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Көрме» ойыны. Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектеріне мән беру. |
Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқан ізі», «толқын», «құс - қанаты» оюлары туралы түсіндіреді («құс қанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.). Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. - Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «су тамшысы» деп аталады. Су тамшысы - су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет - шетіне айналдыра кішкентай тамшылар - судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі трафарет - үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады). «Тамып - тамып» деген сөзді қатты - ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі. - Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді. |
- Қазақтың ұлттық ыдыстары - кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою-өрнектері -«қошқар мүйіз», «құс қанаты». Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. - Бұл ою «су тамшысы» деп аталады. Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі. |
Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: белгілі бір тұтанатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген