Білім беру саласы:
«Шығармашылық».
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Мақсаты: а)
Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету; ұлттық сәндік қолданбалы
өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды шаршының ішіне
өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық
ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру, оның суретін слау
жолдарын меңгерту, эстетикалық сезімдерге
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық
киімдерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар:
бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет
дәптер.
Сөздік жұмысы: «Омыртқа» өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол,
кимешек.
Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік,
түсіндіру.
|
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.
Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері
туралы сұрақтар қояды.
Орамал қазақтың ұлттық киімдеріне жататыны туралы
әңгімелейді.
Тәрбиеші қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың
естеріне түсіреді /киімдердегі ою- өрнектерді көрсетіп, сұрақтар
қояды/.
|
Балалар шеңберге тұрады.
Амандасады.
Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына
салады.
Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар.
өрнек шыршаға ұқсайды т.б.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Қазақтың ұлттық оюының бірі «омыртқамен»
таныстырады.
Сергіту сәті:
Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып
«омыртқа» өрнегін салады.
Педагог балалардан әженің орамалын ою-өрнекпен
әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ-жауап әдісімен қандай ою-өрнек
салуды анықтайды.
Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып,
«омыртқа» өрнегін салуға кіріседі.
- Үшбұрыштарды салу арқылы «омыртқа» өрнегімен
әжеміздің орамалын әшекейлейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін
қылқаламмен салып аламыз. Содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің
көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен
әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалмыз
әшекейлі және әдемі болып шықты.
|
/Саусақтармен жаңбыр тырсылы дыбысын
салады/.
Қылқаламды жуып, артық суды стақан ернеуіне
қалдырып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс
жасайды.
|
|
Рефлексиялық-түзетушілік.
|
Көрме ұйымдастыру.
Жарайсыңдар, «омыртқа» өрнегіміз неге ұқсайды,
балалар?
Әженің риза болғанын, балаларға үлкен алғыс
айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау.
«Орамал тастау» ойынын
ұйымдастыру.
|
Балалар толық жауап беруі
керек.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне
бейнелуді;
Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп
салуды;
Меңгереді: ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын,
жапырақтарын көлденеңнен салуды.