400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орамалды безендіру (Дөңгелек, үшбұрыштарды тығын, картор ойындысы немесе саусақпен салу)

Материал туралы қысқаша түсінік
қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 14.03. 2019ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Жайнай бер Қазақстаным»

Тақырыбы : Орамалды безендіру (Дөңгелек, үшбұрыштарды тығын, картор ойындысы немесе саусақпен салу)

Мақсаты:

Тәрбиелік: балаларды әсемдікті көре білуге, салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.

Оқыту: қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету;

Дамытушылық : саусақ , қол қимыл- қозғалыстары мен икемділіктерін дамыту;

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық материалдар, әдемі орамалдар.

Ресурстармен қамтамасыз ету: парақ, бастырма, түрлі түсті бояу, сүлгі, су;

Сөздік жұмыс: орамал

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар, Айгүл деген кішкентай қыз 8 Наурыз мерекесіне әжесіне не сыйлайтынын білмей, сендерден көмек сұрай келіпті.

8 Наурыз- әжелер, аналар мерекесі, көктем мерекесі.

-Әжемізге не сыйласақ екен? Ол кісі үлкен қарт адам. Бәріміз Айгүлге көмектесейік. Балалар ойланады.

-Иә, көмектесейік.

2.Негізгі бөлім.

-Мына әдемі ою- өрнектері бар ормалға назар аударайықшы. Балалар аналарының, әжелерінің үйде орамал таққанын көрдіндерме? Орамал ол- әдеміліктің, сұлулықтың белгісі. Балалар әжелерінің, аналарының орамалдары жайлы өз білгендерін айтады.

-Бүгін әжемізге сыйға тарту үшін мына ормалды әдемі етіп безендіріп берейік. Балаларға алдын – ала дайын фон және онда үш бұрыш сызылған үлестірмелі материалды таратып беру. Берілген орамал пішіні ішінде дөңгелек пішіндерді салу жолын түсіндіріледі.

-Мен балалар қызыл гуашьты пайдаландым. Бастырма әдісі бойынша салуға да болады, ол үшін алдымен кішкентай дөңгелек пішіндер дайындалып алынады. Ол пішінді қызыл бояуға батырып алып, орамал бетіне бастырады. Мақта оралған таяқшамен, саусақпен, қылқаламмен салуға да болады.

Балалар тәрбиешінің басшылығымен жұмыс жасайды, орамалды дөңгелек бастырманы қызыл гуашьқа батырып алу жолымен безендіреді.

Жұмыс барысында балаларға нақты бағыт- бағдар беріліп отырады. Балалар безендірген орамалдарын Айгүлге ұсынады.

Қорытынды: Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Балаларға ұнаған жұмыстарды көрсетуін сұрау. Жұмыстарын бағалап, балаларға үлгі ретінде өте жақсы жұмыстарды көрсету, мадақтау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі