400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Орбұлақ шайқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқущылар мен мұғалімдерге де арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ пен жоңғар арасындағы ұлы шайқас- Орбұлақ.



Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 480 жылы Леонид патша бастаған 300 спарталық жауынгер және жетi мыңға жуық гоплит Фермопил түбiнде парсы патшасы Ксеркстiң 150-200 мың жауынгер тосқауыл жасап, үш күн, үш түн кiдiртi және Греция азаттығын қорғап қалды. Әскери ереже бойынша шегiнуге тиым салынған спарталықтар осы шайқаста түгелдей қаза тауып, бұл дүние жүзiлiк тарихқа жауынгерлiк табандылық, отансүйгiштiк мысалы ретiнде ендi. Иә осының бәрiн үлкендер де, ең ақыры жас бүлдiршiндер де өте жақсы бiледi, алайда өз халқымыз, қазақ халқының тарихындағы осындай шайқастың жай-жапсарын терең, дәл бiлемiз деп мақтана алмайтынымыз өкiнiштi-ақ.

1643 жылы Салқам Жәңгiр қолбасшылық еткен 600 сарбаз Орбұлақта Батыр қоңтайшы бастаған 50 мыңдық жоғңар қолын бөгедi және тарихта теңдесi жоқ ерлiк, жанқиярлық танытып, 10 мың басқыншыны жер жастандырды. Содан берi де 352 жыл зымырап өтiптiп, кезiнде 350 жылдығы 1-3 шiлде аралығында 1993 жылы қазiргi Алматы облысының Жаркент ауданында тойланды.

Екi ел арасындағы ұрыс Жоңғар хандығы құрылған соң, яғни 1630 жылдан соң, тiптi өршiген тәрiздi. Өйткенi осы тұстағы қазақ ханы Есiм мен тұңғыш жоңғар ханы Батыр қонтайшының арасындағы жиi соғыс осыны дәлелдейдi. Бұған қалмақ жағы алдын-ала әзiрленген де, қазақ жағы асығыс, намысты қолдан бермеу үшiн қамданған. Осал жау болмаған, мықты қарсыласушы болған!

Әр соғыстың өзiне қатысты себептерi болады. Ондай заңдылық мұнда да бар. Екi жақтың бiр-бiрiне ашынуы, әрине, негiзiнен ежелгi аңдысудан туындап жатады.

1635 жылы Жәңгiр сұлтан соғыста қалмақ қолына тұтқынға түсiп қалады. Оның ыза-кегi Жәңгiрдi, сөз жоқ қамшылайды. Қазыбек бектiң айтуына қарағанда, Жәңгiрдi ол тұтқыннан 1636 жылы әйгiлi Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батыр бiр тұнде ұрлап әкетiп құтқарады. Сол барыста түн iшiнде хан екенiн байқамай, Қарасай батыр Батыр қонтайшыны талдырып кетедi, ал Ағынтай батыр қыз екен деп, Батырдың қатынын көтерiп әкетедi. Мұның бәрi ел билеген қонтайшыға аз намыс емес.

Осындай-осындай себептер 1643 жылы қазақ-қалмақ соғысының айрықша ашыныста өтуiне қозғау салды. Тарихшы Златкиннiң келтiрген құжаттарына сүйене отырып, ол соғыстың Ресейге алғаш хабарын жеткiзушi Г.Ильин Батыр ордасынан Тобыл қаласына 1644 жылдың ақпанында келгенiн анықтаймыз. Және сол жорықтан Батыр 1643 жылдың 20 шiлдесiнен кейiн, яғни Илья келгеннен кейiн ғана оралады. Бұған қарағанда, Ор шайқасы бiр күнге ғана созылып, ертесi бiте қалған соғыс емес. Бiздiң ойымызша, бұл соғыстың бас аяғы аз дегенде 3-4 айды қамтиды.

Әуелi Батыр қазақ қырғызды шауып, 10 мың адамды тұтқындап әкеткен. 1643 жылғы соғысты осыдан бастаған дұрыс. Жәңгiр сұлтан мен Жалаңтөс батырдың арасында айрықша адамдық әрi жауынгерлiк достық болған. Жалаңтөс Батыр парсы жаққа шабуыл жасағанда, Жәңгiр оған үнемi көмекке келiп отырған. Мысалы: 1644 жылы Пәкiстан, Ауғанстан, Үндiстан кiретiн Ұлы Моғол империясымен Бұхар хандығы соғысты. Салқам Жәңгiр 100 мың қолмен Жалаңтөс батырға көмекке келдi. Сондай көмектiң бiр қарымтасын осы жолы Жалаңтөс те қайтарған. 600 қолмен жүрегi дiр етпей 50 мың әскер әзiрлеп отырған жауға аттанып кеткен. Жәңгiр, бiрiншiден, өз батырларының жауынгерлiгiне, екiншiден, Жалаңтөстiң дер кезiнде көмекке жетiп үлгеретiнiне сенген. Ондай есебi болмаса, Жәңгiрдiң де оның жауынгерлерiнде де сенiмдiлiк, мақсаттың айқындығы болмас едi. Ондай айқындық болмаса, 600 қол бүкiл Жоңғар әскерiне өзiмiз ғана төтеп беремiз деп қоймаса керек.

Осыдан 362 жыл бұрын қазылған оқпана-ордың қазiргi сақталуының өзi-ақ оның бiр күнде бiте қоймағанын өз болмысымен айтып тұр. Оқпана-ордың жалпы ұзындығы 2,5-3 шақырымдай. Оны қазған 600-700 адам. Оқпананың жау жақ бетi кiсi түрегеп тұратындай деңгейге дейiн биiктетiлген. Ал сырт жағы жайдақ, 1-1,5 метрдей жер жотаның ең шетiн ала тегiстелiп отырған. Сiрә қару-жарақ қоюға, байланыс жасауға ыңғайлы болуын ойластырған. Мұның бәрi қазақ қолы күнi бұрын бекiнiс жасап, жау қолын қайткен күнде де Жалаңтөс келгенше бөгеп тұруды мақсат еткен деп жорамалдауға негiз берсе керек. Жауды құртып жiберуден бұрын Жалаңтөс жеткенше өздерінің құрып кетпеуін қатты ойластырған.

Ертіс, Зайсан бойындағы Абылайды, оның ағасы Огирту-Цецен ханды, інісі Шоқыр тайшыны, Солтон тайшыны, тағы басқаларын біріктіріп, 50 мың қолмен Батұрдың қазақ жеріне қайта шабуылдап келе жатқаның Жәңгір, сөз жоқ, біліп отырған. Және оның қай тұстан аттанып, қай арамен келетінін де күні бұрын дәл болжаған. Ең ұрымтал жерге оқпана қаздыртуды да сол алдын ала білгендіктен.

362 жыл бұрын осы әйгілі соғыс болған жер Қызылқұмның желкесі Жарбұлақтың батыс жақ үсті. Осы екі жердің аты 1776 жылы жазылған Қазыбек бектің кітабында осылай аталады. Сол екі жерді жергілікті қазақ күні бүгінге дейін солай атайды. Соғыс өткен жер, соғыс біткен соң Ор аталған, сол жер түбіндегі кішкентай бұлақ Ордың бұлағы атанған. Жеңіс құрметіне асар жасаған, ту тіккен төбені бабаларымыз Асартөбе деп атаған екен, кейінгі жұрт Жалаүлы төбе деп атайды. Шамалнет қаласынан солтүстік-батысына қарай 80-100 шақырым.

Жасушы Қалмұқан Исабаев, «Соғыс тарихындағы соны тәсін» атты мақаласында ол өзінің Төмен қаласы архивінен тапқан Тобыл әскери қызметшілері Ильин мен Кучевтің мәліметін былай қазақшалайды:

«Біз барғанда қонтайшы ұлысында болмайшықты…Барлығы 50 мың әскермен Жәңгір ханның қазақ ордасы, Жалаңтөс және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен… ал жәңгір оларға қарсы 600 адаммен шығыпты. Бір тауда ор қазып (орысша текісінде «шансы» деп жазылған-қ.н.) оған 300 адам орналастырып, қолының қалған жартысын тауға жасырып күтіпті қонтайшы жерігін. Сол жерде алапат соғыс болып, Жәңгір хан әскері қонтайшының 10 мың адамын жер жастандырып үлкен жеңіске ие болады. Әскерінің қалғанын (олар әлі де 40 мыңдай) шегіндіріп әкетіп, кегін жібермеу үшін, екінші рет тиіскенде, Жәңгір хан бастаған қазақ ордасының күшіне Самарт бегі Жалаңтөс 20 мың әскермен көмекке келіп үлгеріп, дұшпан арманына жете алмай тағы да жеңіліс табады.

Бұл-жай жеңіс емес, ұлы жеңіс. 600 қолмен 50 мың қолдың алдын бөгеу, оның 10 мыңын құртып жіберу-ұлы ерлік. Ол ерлікке бабаларымыздың барып отырған ұлы күш не? Ол-елді, жерді, ұрпақты жаудан қорғау мүддесі: Халықты құрып кетуден сақтау бабаларымыздың ең үлкен мұраты, бүкіл тіршілігінің ұлы мақсаты болған. Сол үшін олар күш те біріктірген, сөз де біріктірген, бірігіп қанын да төккен, бірігіп жандарын да қиған. Сондай бірліктің, ел мен жер үшін жан қиюдың керемет үлгісін олар осыдан 562 жыл бұрын Ор шайқасында жарқырата көрсете біліпті. Бұл шайқас соңау Жайықтан Ертіске, Жетісудан Арқаға дейінгі аралықты алып жатқан қазақ елінің ең таңдаулы батырларымен бірге, қырғыз, өзбек ағайындардың да жерінен батырларымыз келіп бас қосқан. Мұндай теңдесі жоқ ірі жеңіс осындай үлкен бірліктің арқасында ғана болатындығы бүгінгі біздер үшін бағыт сілтеп отыратын шамшырақ іспетті.

Ор шайқасы қазақ-жоңғар соғыс тарихында айрықша рөл атқарады. Біріншіден, әскери әдіс қолдану жағынан ерекше. Оқ пана –ор қазу қазақ жауынгерлерінің әскери жетістігін көрсетеді. Екіншіден, ол кезгі соғыс жекпе-жектен, алдын ала келісуден басталған. Жағдайға байланысты, қазақтар ол тәртіпті өте орынды бұзған. Үшіншіден, атты жауға қарсы қазақ жаяу бекініп қарсы шыққан. Жарты қол ту сырттан шабуылдап, жер ыңғайын өте тиімді пайдаланған. Төртіншіден, аз қолмен өзінен сексен есеге жуық көп жауға қарсы шығу-аса отаншылдықтың, ел мен жерге деген теңдесі жоқ сүйіспеншіліктің сирек көрінісі. Бесіншіден, қазақта соғыс өткен жер де көп, олардың барлығының аты да белгілі. Бірақ мынадай өзінен кейін белгісі, оқпанасы 350 жыл бойы сақталып қалған басқа жер әзірге даласында бірен-сараң.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі