Материалдар / Орда патриоттық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Орда патриоттық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 сыныптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Орда» патриоттық ойыны (3- 4 сыныптар арасында)

Мақсаты:

  • Салауатты өмір салтын дәріптеу.

  • Ойын арқылы ойнаушылардың бойына отансүйгіштік сезімін сіңіру.

  • Өз отанын, ордасын қорғауға деген құштарлығын арттыру.

  • Топ болып жұмыла әрекет етуді үйрету


«Орда» патриоттық ойынының сөздіктері:

Орда-Жасақтардың алаңдарының бір бөлігінде орналасқан, диаметрі екі метрлік шеңбер тэрізді ту сақталатын орын.Қазақ тарихында хандардың отыратын қасиетті мекенін орда деп атаған.

Жасақ-«команда» сөзін Орда ойынында алмастырушы ұғым. Кезінде Хан ордасын қорғаушы негізгі эрі зиялы әскерді осылай атаған.

Ту-жасақтың ең қасиетті заты. Ені 20 см ұзындығы 40 сантиметрлік эр жасақтың өзіне сай түстес жэне жасақтардың қалауынша белгілер салуына да болады.

Тас бол-Қорғаушыларға арналған сиқырлы сөз. Осы сөзді айту арқылы қарсылас жасақтың ойыншысы өз алаңына өткен жағдайда, қол тигізіп қатыра алады.

Ойынның барысы: Ойынға 3А,Б- 4 сыныптар аралығынан 3 жасақ қатысты.Әр жасақ 11 ойыншыдан жасақталды. Әр жасақтың шабуылдаушы, қорғаушы, қолбасы деген жазуы бар белгі шүберектері, өз тулары болды. Ойынның ұзақтығы 20 минут, тең түскен жағдайда қосымша 5 минут беріледі.Ойыншыларға ойынның ережесі толық түсіндіріледі.

Ойынды алдымен 3А-3Бсыныптарының жасақтары бастайды. Одан соң 4-сыныптың жасақтары жалғастырады.Ойын ережесі бойынша ойнатылып жеңімпаз жасақты анықтап, 3А,Б- 4-сыныптарынан 2жеңімпаз жасақ тағы да ойынды жалғастырады. Осы ойын барысында ең үздік жасақ анықталады.

3А-сынып жасақтары:

1. Талғатұлы Хамза - қолбасы

2. Мәулен Досқан – жетекші

3.Кенжебеков Ербақыт- шабуылдаушы

4.Зинабдинов Дамир- шабуылдаушы

5.Зинәбдинова Нәйлә- шабуылдаушы

6.Шаймерден Жұлдыз- шабуылдаушы

7. Шаймерден Құндыз- қорғаушы

8.Сейдуллаева Әсем- қорғаушы

9.Усманова Халифа- қорғаушы

10.Нұрмағанбетов Бейбарыс- алмастырушы ойыншы

11.Қанапияев Әсет- алмастырушы ойыншы


3Б-сынып жасақтары:

1.Дәмбеков Досбол- қолбасы

2.Арыстанбек Темірхан– жетекші

3.Әлматов Нұрасыл- шабуылдаушы

4. Дүйсенбаев Ақыл- шабуылдаушы

5. Құлмаханова Ақтолқын- шабуылдаушы

6. Қасымбеков Ұлан- шабуылдаушы

7. Жәңсікбаев Бейбарыс- қорғаушы

8.Төлегенова Қарақат- қорғаушы

9. Фазылова Жанерке- қорғаушы

10.Шериязданова Меруерт- алмастырушы ойыншы

11.Мінайдаров Жарқынбек- алмастырушы ойыншы


4-сынып жасақтары:

1.Маханбетжан Саят - қолбасы

2. Дүйсенов Жігер – жетекші

3.Сайпырханов Әділет- шабуылдаушы

4.Мәдияров Балғынбек- шабуылдаушы

5.Сайпырханов Оразай- шабуылдаушы

6.Төлегенова Айдана- шабуылдаушы

7. Тұрғанбеков Айдар- қорғаушы

8.Қайратұлы Саят- қорғаушы

9.Оразбек Айдана - қорғаушы

10.Садырбай Данагүл- алмастырушы ойыншы

11.Ізбасар Динара- алмастырушы ойыншы



Ойынның ережесі:

  • Әр жасақтың өзіндік бірыңғай киім үлгілері(форма) жэне шабуылдаушы, қорғаушы, қолбасы жазуы бар белгі шүберектері болуы керек.

  • Әр жасақта 7 ойыншы, 2 алмастырушы ойыншы жэне 2 жетекші болуы тиіс.

  • Шабуылдаушылар мен қорғаушылардың санын қолбасшы өзі белгілейді.

  • Ойынның ұзақтығы 20 минут, тең түскен жағдайда қосымша 5 минут беріледі.

  • Белгіленген сызықтардан шетке шыққан жэне дөрекілік көрсеткен ойыншылар Қазының үйғарымымен 1 минутқа ойыннан шеттетіледі.

  • Ойын басталғаннан кейін ойыншы алмастыруға болмайды.

Қолбасшы ойыннан шеттетілген жағдайда ойыншылардың бірі қолбасшы болып сайланады. Шеттетілген Қолбасшы қайталап қолбасшы бола алмайды.


Шабуылдаушылар -Қарсыластардың отанына кіріп, қорғаушыларға ұсталмай, ордасынан туларын алып, Қолбасшыға тапсырады. Егер қарсыластардың отанына өткеннен кейін қорғаушыларға ұсталып қалса, сол орнында өз жасағының қорғаушылары келіп, қолын тигізу арқылы жібіткенше тұрады. Шабуылдаушы ешкімді тасқа айналдыра алмайды жэне жібітуге де құқы жоқ. Бірақ Шабуылдаушымен Қолбасшыдан басқасы өзге топтың ордасына кірмейді.


Жеңімпазды анықтау: Ойыншылар өз ордаларын қорғай отырып, қарсыластың ордасын бұзып, туларын иемденген жағдайда жеңіс беріледі. Жасақтардың жеңгенін 20 минут ішінде коп ту жыққанына байланысты анықтайды. Әр топтағы жасақтардың орын реті ту жығу санына қарай анықталады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!