400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ОРФОГРАФИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» 3 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

№33 жалпы білім беретін орта мектеп







«ОРФОГРАФИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ»

3 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН

ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ







Құрастырған:

Кусаинова Гулимжан Бопиевна



Екібастұз қаласы, 2018 жыл





Мазмұны:

  1. Кіріспе

Өзектілігі ……………………………………………………………

Түсінік хат .…………………………………………………………

Мақсат, міндеттері ………….……………………………………………

  1. Бағдарламаның мазмұны……..………………………………………

  2. Күтілетін нәтиже …….........…………………………………………

  3. Сабақ жоспары

















































Өзектілігі.

«Орфографиялық сауаттылық » бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 3 сынып оқушыларына арналған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ- оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.





































Жалпы білім беретін мектептің 3- сыныбына арналған «Орфографиялық сауаттылық » факультатив курсының бағдарламасы.

Түсінік хат

Бұл факультатив бағдарламасы – 3-сыныптың «Қазақ тілі » оқулығына қосымша ретінде, қазіргі жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген оқу құралы. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; 2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып жасалынды.

Тілдік материалдар грамматиканы қатаң түрде меңгерту үшін емес, баланы оқу-жазуға үйретумен тəрбиелеуге, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуына, жалпы дамуының қалыптасуына жəне өз ойларын еркін жеткізулеріне мүмкіндік жасау мақсатында ұсынылып отыр. Бұл ретте бағдарлама 8 лексикалық тақырыптың («Жанды табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Уақыт», «Сəулет өнері», «Өнер», «Атақты тұлғалар», «Су – тіршілік көзі», «Демалыс мəдениеті. Мерекелер») аясында оқушыларды мұқият тыңдауға, өз ойларын анық айтуға, сауатты , көркем жазу мақсатын көздейтін оқу материалдары мен тапсырмалардың ұтымды қолдануға болатынын атап өткен жөн. Бұл жерде , лексикалық тақырыпқа сəйкес берілген мəтінмен жұмыс арқылы оқушылардың қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы теориялық түсініктерін жəне дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруға болатынын айта кеткен жөн. Оқушының əр сабақ сайын сауатты жазу, көркем жазу, шығармашылық тапсырманы орындауына байланысты әр түрлі тапсырмалар берілген.

Бұл арнаулы курс аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағатты құрайды. Білім мазмұнын жаңарту аясында 8 негізгі ортақ тақырып қамтылған. Әр тақырыпқа 4-5 сағат бөлінген.

1. Жанды табиғат (3);

2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (4);

3. Уақыт (5);

4. Сәулет өнері (5);

5. Өнер (5);

6. Атақты тұлғалар (4);

7. Су – тіршілік көзі (3);

8. Демалыс мәдениеті. Мерекелер (5).



Бағдарламаның мақсаты:  оқушылардың қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы теориялық түсініктерін және дұрыс, сауатты , көркем жазу дағдыларын қалыптастыру .


Бағдарламаның міндеті: 

  1. Оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуінде олардың сыныпта қарым-қатынас жасауға жағдай тудыру ;

  2. Оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік беру;

  3. Тақырыпқа байланысты берілген түсінікті кеңейте, бекіте түсу, соларға сұрақ қоя білуге үйрету, оқушылардың сөз байлығын молайту ;









































Жалпы білім беретін мектептің 3- сыныбына арналған «Орфографиялық сауаттылық » факультатив курсының

тақырыптық – күнтізбелік жоспары

Аптасына 1 сағат (барлығы 34 сағат)

№

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Ескертулер

Мақсаты: «оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыру

Сынып

1сынып




1.

Кіріспе сабақ. Тіл және сөйлеу.

1


Бөлім «Жанды табиғат»

Мазмұны

Тілдің ауызша ,жазбаша түрі.




2.

Тіл және сөйлеу


1


Бөлім «Жанды табиғат»

Мазмұны

Ауызша жəне жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері




3.


Тіл және сөйлеу.

1


Бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мазмұны

Хат жазу.Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




4.

Мәтін.



1


Бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мазмұны

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.




5.

Мәтін

1


Бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мазмұны

Мəтіннің қай түріне

жататынын ажырату, мəтін бөліктерін анықтау, мəтіндерге салыстырмалы талдау жасау,





6

Мәтін

1


Бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мазмұны

Сюжетті суреттер жəне жоспар бойынша əңгіме құрау, мəтінді əрі қарай жалғастыру, əңгімеге жоспар құру.Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.







7

Мәтін


1


Бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мазмұны

Хат жазу, шақыру қағаздарын дайындау. Тыңдалған мəтіннен тірек сөздерді белгілеу жəне тірек сөздер арқылы ауызша

əңгіме құрау.





8

Дыбыс және әріп

1


Бөлім «Уақыт»

Мазмұны

Сөздердің жазылуын есте сақтау жаттығулары.Өздік диктанты.Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.




9

Дыбыс және әріп

1


Бөлім «Уақыт»

Мазмұны

Дыбыс үндестігі. Практикалық жаттығулар. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




10

Дыбыс және әріп

1


Бөлім «Уақыт»

Мазмұны

Көптік жалғаудың сөздерге əртүрлі жалғану себебі. Көру диктанты




11

Дыбыс және әріп

1


Бөлім «Уақыт»

Мазмұны

Дыбыстық талдау жұмыстары. Іріктеу диктанты. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.




12

Дыбыс және әріп

1


Бөлім «Уақыт»

Мазмұны

Шығарма жазу. Қамқорлық




13

Сөз және оның мағынасы

1


Бөлім «Сәулет өнері»

Мазмұны

Бір мағынада және бірнеше мағыналы сөздер.Сөздікпен жұмыс.




14

Сөз және оның мағынасы

1


Бөлім «Сәулет өнері»

Мазмұны

Синонимдер. Көру диктанты. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.




15.

Сөз және оның мағынасы

1


Бөлім «Сәулет өнері»

Мазмұны

Антонимдер. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




16.

Сөз және оның мағынасы

1


Бөлім «Сәулет өнері»

Мазмұны

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер. Шығармашылық диктант





17.

Сөз және оның мағынасы

1


Бөлім «Сәулет өнері»

Мазмұны

Жаңа сөздер. Сөздікпен жұмыс. Суретті диктант




18.

Сөз құрамы

1


Бөлім« Өнер »

Мазмұны

Түбір, жұрнақ, жалғау.Білімдерін нақтылауға , жинақтауға арналған жаттығулар. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




19.

Сөз құрамы

1


Бөлім« Өнер »

Мазмұны

Түбір сөз бен туынды сөз. Жаңа сөздер құрау. Сөздікпен жұмыс




20.

Сөз құрамы

1


Бөлім «Өнер»

Мазмұны

Түбірлес сөздер. Түсінікті тиянақтау жаттығулары. Өздік диктант. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.




21.

Сөз құрамы

1


Бөлім «Өнер»

Мазмұны

«Түбір мен қосымшаның жазылуы». Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




22.

Сөз құрамы.

1


Бөлім «Өнер»

Мазмұны

Түбір мен қосымшаның жазылуы». Шығармашылық диктант




23.

Сөйлем

1


Бөлім «Атақты тұлғалар»

Мазмұны

Сөйлем түрлері. Графикалық диктант Пунктуациялық қателерді түзету жұмысы.





24.

Сөйлем


1


Бөлім «Атақты тұлғалар»

Мазмұны

Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.




25.

Сөйлем

1


Бөлім «Атақты тұлғалар»

Мазмұны

Сөйлем құрау, сөйлемдермен мəтін құрастыру жəне əр

сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін дұрыс қойып жазу. Пунктуациялық қателерді түзету жұмысы.





26

Сөйлем

1


Бөлім «Атақты тұлғалар»

Мазмұны

Сөйлем құрау, сөйлемдермен мəтін құрастыру жəне əр

сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін дұрыс қойып жазу





27

Сөйлем мүшелері

1


Бөлім «Су- тіршілік көзі»

Мазмұны

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою, сол арқылы

сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білуге арналған тапсырмалар.Графикалық диктант




28.

Сөйлем мүшелері

1


Бөлім «Су- тіршілік көзі»

Мазмұны

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.Жалаң және жайылма сөйлем. Пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзету жұмысы.





29.

Сөйлем мүшелері

1


Бөлім «Су- тіршілік көзі»

Мазмұны

Талдау жұмыстары. «Жоғалған сөз» ойыны. Графикалық диктант




30.

Сөз таптары. Зат есім

1


Бөлім « Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мазмұны

Сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесін меңгертуге арналған. тапсырмалар. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы





31.

Сөз таптары. Етістік

1


Бөлім « Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мазмұны

Салыстыру. Түбірі етістік және түбірі зат есім болып келетін етістіктер . Іріктеу диктанты.





32.

Сөз таптары. Сын есім

1


Бөлім « Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мазмұны

Заттың өзін әр тұрғыдан сипаттау.

Салыстырмалы шырай жұрнақтары





33.

Сөз таптары. Сан есім

1


Бөлім « Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мазмұны

Есептік және реттік сан есімдер. Көркем жазу. Өзіндік диктант.





34

Сөз таптары.

1


Бөлім « Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мазмұны

Сөз табына талдау жұмыстары.Көркем жазу сайысы. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы











Күтілетін нәтиже:



1.Оқушылардың пәнге деген танымдық, шығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дамиды.

  1. Сауатты, көркем жазуға үйренеді.

  2. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артады.

  3. Оқушылардың ізденімпаздығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

  4. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артады.

  5. Тақырыптың мазмұнын ашуда бір-бірімен ұжымдық қарым- қатынас жасайды.

  6. Жүйелі сөйлеуге, әсерлі баяндауға, ауызша, жазбаша сөйлеуге дағдыланады.

  7. Өз ойын дұрыс жеткізеді, қажетті ақпаратты қолданады.

  8. Оқушыларда өзіндік көзқарасы қалыптасады.



Қимылдық нәтиже

Білім алушы үйренеді:

  • Білмегенін еркін сұрауына;

  • Басқаларды үйретуіне;

  • Топта ақылдасуына, бірлесе жұмыс істеуіне;

  • Әрекеттердің дұрыстығын бағалауды;

  • Тапсырманы өзара тексеруіне.



Танымдық нәтиже:

Білім алушы үйренеді:

  • Топтың пікіріне өзіндік көзқарасын білдіруі;

  • Өз көзқарасын дәлелдеуі;;

  • Өз пікірін білдіруі;

  • Өзін-өзі бағалап, өз іс-әрекетіне кері байланыс жасай алуы ;

Қатысымдық:

Білім алушы үйренеді:

  • Бір-бірімен еркін тілдік қатынаста болуына;

  • Жауаптарын бірге жоспарлауына;

  • Сөйлейтін сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуіне;





№1 сабақ

Лексикалық тақырып: Жанды табиғат

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Балалар шеңберде отырып бір-бірімен танысады. Өздерін таныстырған кезде өзін жақсы жағынан сипаттайтын сөздерді қолданады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі «Сүйікті жануарым».Жұпта үйінде тұратын жануар туралы әңгімелейді. (нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін)

Әдеби калейдоскоп:

Оқушылармен табиғат тақырыбында жазылған өлең, шығармаларды оқыту.

Бұл шығармалардың негізгі ойын анықтату. Абайдың «Күз» атты шығармасымен жұмыс жүргізу.

Тіл жəне сөйлеу» тақырыбына кластер жасау

Тілдің қызметі туралы диалог құрау.

Сызбамен жұмыс жасап, сөйлемдерді толықтыру.

«Толықтыр» ойыны.

Тіл арқылы адам сөйлеседі.

Shape1

ТShape2 іл арқылы

Shape4 Shape3




«Тіл арқылы адам тағы не істейді?» сұрағына жауап беріп,

көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, сөйлемді толықтырып айту.

Тапсырма: Берілген сөздерді мұқичт тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Араша» тақырыбына мәтін құрап айтып көр.

Тірек сөздер : бақ іші, құстың ұясы, балапанның даусы, мысық, қуып жіберу, балапанды аяу, бас киім, ұяға салу, құстардың алғысы, өз ісіне риза болу.


«Сыйлық» ойыны: «Менің досым» өлеңін өзі қалаған досына оқып беру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не алдым ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№2 сабақ.

Лексикалық тақырып: Жанды табиғат

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. (Ауызша жəне жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері)

Сабақтың мақсаты: Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Тілек шоғы..

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі «Қызықты сурет». Кестедегі бейнеленген сурет туралы әңгімелейді. Кестелерімен ауысады.






Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңда.

Демалыс күні Ақжол саяжайға барды. Бақтағы алмалар нарттай қызыл болып

пісіпті.Ақжол анасына алма жинап көмектесті. Нарттай алмаларды бұтадан абайлап үзіп, себетке салды. Кенет қатты жел соқты. Піскен алмалар жерге түсе бастады. Ақжол алма ағашының астында тұрған кірпіні көрді. Ағаштан түскен алмалардың біреуі кірпінің инесіне қадалып қалды. Кірпі жорғалап жөніне кетті.

Ақжол бұл көрініске қызыға әрі таңдана қарады.

• Түсіндірмелі сөздіктен «нарттай» сөзінің мағынасын анықта.

Нарттай - ______________________________________________________

• Сұрақтарға жауап бер.

1. Ақжол қайда барды?

2. Алманы қайда салды?

3. Кірпі алманы қалай алды?

4. Ақжол неге таңданды?



«Жасырын сөз» ойыны : мұғалім сөз жасырады.Оқушылар сүрақ қою арқылы жасырылған сөзді табады.

Сабақты бекіту. Қорытынды

№3 сабақ.

Лексикалық тақырып: Жанды табиғат

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.

Сабақтың мақсаты: өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс:

Оқушылармен аңдар тақырыбында жазылған өлең, ертегі, шығармаларды оқу. Бұл шығармалардың негізгі ойын анықтату. Түлкі, қораз және мысық» атты ертегісімен кешенді талдау арқылы жұмыс жүргізу.

Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау.

«Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы. Жұппен жұмыс.

Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырып жазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу.

Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.







Жұбына жазбаша хат жазу.

Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазу

уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.

Жұмыстарын топта жариялау.

Көркем жазу:

Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт

беріледі.

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдім?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 4 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық жəне жабық сұрақтарға жауап беру;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

  1. Мәтінді оқы.

Ата насихаты

Әкесі балаларына «тату тұрыңдар» деп талай рет айтыпты. Балалары тілін алмай, бір-бірімен араздаса беріпті. Бір күні әкесі бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп:

- Сындырыңдар!- дейді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.

Әкесі шыбықтарды шешеді де:

- Бір-бірлеп сындырыңдар – дейді.

Балалары шыбықтарды оп–оңай сындырады.Сонда әкесі айтады:

- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боласыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!

Тіршілік күші – бірлікте.

(Ахмет Байтұрсынов)

Сұрақтармен жұмыс:

• Балалар бумадағы шыбықтарды неліктен сындыра алмады?

• Әкесінің балаларына айтқан өсиетін қалай түсінесің?

• Мәтіннің мазмұнына қатысты ойыңды (ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз, себебі ... ) айт.

Мәтіннен қандай ой түйдің?

2 тапсырма: мəтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазып көр.

Қамқорлық

Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты. Жаңбыр жауып тұр. Асқар мен Жанар үйлеріне қарай келе жатты. Олар жол бойында бүрісіп отырған кішкентай күшікті көрді.

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы

балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария түсті. Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды.

Күшікті аяп, үйлеріне алып келді. Оған сүт, тамақ берді. Күшік тамаққа тойды. Бір кезде ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болды. Олар бір-біріне жымыңдай қарады.

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 5 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: Мəтіннің қай түріне жататынын ажырату, мəтін бөліктерін анықтау, мəтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 Тапсырма

Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз



Қамқорлық

Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.



  • Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде.



2 тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.

Үй шаруасы

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.

-Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?

  • Қолым тимеді, ағай!

  • Не істедің?

  • Үй шаруасымен айналыстым.

  • Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?

  • Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім аяғандай болды.

  • Отыра ғой,шырағым!- деді.

Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 6 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: Сюжетті суреттер жəне жоспар бойынша əңгіме құрау, мəтінді əрі қарай жалғастыру, əңгімеге жоспар құру.Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 Тапсырма: Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?

Т ышқанның айласы











Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып, мәтін құрастыр.



    • Оқиға неден басталды?

    • Оқиға қалай жалғасты?

    • Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?



2 Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңда.



Т үлкі мен ешкі

Бір түлкі далада жортып келе жатып, байқаусызда апанға түсіп кетеді.

Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.



Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның түбіндегі түлкіні көрді. Одан апанда тұруының себебін сұрады. Түлкі апанның іші салқын,түбінде мөлдір суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті.



Осыны күтіп тұрған түлкі бірден ешкінің үстіне секіріп мінді. Одан мүйізіне мініп, апанның сыртына қарғып шығып кетті.




  • Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.



1.Оқиға неден басталды?

2.Содан кейін не болды?

3.Түлкі не істеді?

3 тапсырма: Өлеңді көркем жаз.

Зымырандай ғимарат



Алыстан көз тартады.

Әлемге аян атағы:

  1. метр –биік ол, Бұлттан да әрі асады. Қиюласып тастар нақ, Кеткен шырқап аспандап:



  1. қабат үй емес, Көкке бастар баспалдақ.

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 7 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: Хат жазу, шақыру қағаздарын дайындау. Тыңдалған мəтіннен тірек сөздерді белгілеу жəне тірек сөздер арқылы ауызша əңгіме құрау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 Тапсырма

Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз



Қамқорлық

Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.



  • Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде.



2 тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.

Үй шаруасы

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.

-Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?

  • Қолым тимеді, ағай!

  • Не істедің?

  • Үй шаруасымен айналыстым.

  • Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?

  • Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім аяғандай болды.

  • Отыра ғой,шырағым!- деді.

Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 8 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Сөздердің жазылуын есте сақтау жаттығулары.Өздік диктанты.Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 Тапсырма

Сөздік диктанты, ң – дыбысы

Шаңқай түс, шаңдатып өту, шыңдағы асу, таңдана қарау, шыңғыру, шыңырау, еңіске шығу, қараңғы, таңғы, соңғы қоңырау, меңіреуқұр, кеңкілдеп күлу, жаңғырық, қаңбақ, жаңғақ, тоңғақ, ыңырана тиелген, сыңғыр күлкі, сеңнің көтерілуі, сеңсең бөрік, меңді қыз, ертеңгі күн, қаңтарулы ат, жаңбырлы жаз, саңырауқұлақ.

Тапсырма

  1. Етістікті сөз тіркестерді тауып жаз.

  2. Меңіреуқұр сөзіне дыбыстық талдау жаса.




2 тапсырма: Жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Саяжайдан бұлбұлдың әдемі (дауысын, даусын) естідім.

Менің (ауылымда, аулымда) әдемі үйлер көп.

Қазақстан (халық, халқы) Бәйтерекке жиі барады.

Жансаяның (орыны, орны) жетінші қатарда

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 9 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігі. Практикалық жаттығулар. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 Тапсырма

Орнын тап» ойыны.

-Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою.

. Н…урыз к…ні әл…мг… шу…ғ…н ш…ш…п т…р, бір…қ қ…зуы әлс…з …йткен…н к…кт…м де к…ліп қ…л…пты.


2 тапсырма:

Суреттегі заттарды ата.Осының ішінен соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді ата.

Сөздерге қосымшалар жалғап жаз.

1-жаттығу.

Ағаш, жолбарыс,қасқыр, гүл, кесе,кітап, бүркіт,арыстан.



3 тапсырма: Өлеңді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.



Торғай



Мен торғаймын, торғаймын, Суықтан да тоңбаймын. Құрт - құмырсқа, шіркейден Бау - бақшаны қорғаймын.





Көру диктанты


1.Жазылуын есте сақта!

Ыс – іс, ұн – үн, ақ –әк, аң – ән, от – өт, ос – өс

2.көшіріп жаз.

Еңбек, кіші, ішік, інішек, кеш, түс, ит, ине, инелік, іңір, таң, шаң.

3.Мына буындарға сөз ойла .

Ба - ..., та - ...., қа - ...., са - ..., кө - ..

4.Сөйлемнен дауысты дыбысты тап.



Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?





№ 10 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Көптік жалғаудың сөздерге əртүрлі жалғану себебін меңгеру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1-тапсырма.Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.

Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).




2 тапсырма: Сәйкестендіру. Бір- бірін тексеру.

күн                        тар

жыл                       тер

мереке                  дер

ай                          дар

сырғанақ             лар

сурет                      лер



Шығармашылық диктанты.

Су құдықта Асан тартты.

Науаға суды қойды.Су ішті қойлар. Шөлі қанды олардың. Шөп қалың өрісте. Қайтадан жайылды қойлар


Тапсырма

1.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Қалам, дәптер, ұштағыш, кітап, парта. тақта.

2.Осы сөздерді көпше түрде жаз. қалам – қаламдар, ...



Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?





№ 11 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Дыбыстық талдау жұмыстары. Іріктеу диктанты. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Тапсырма

Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.





Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерді зерттеген. Су барлық эмоциямыздың, сезімімізді, сөзімізді, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мысалы, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңдегі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде аш қарынға ішіп отырса, емдік қасйеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі.





2 тапсырма: Сәйкестендіру. Бір- бірін тексеру.

күн                        тар

жыл                       тер

мереке                  дер

ай                          дар

сырғанақ             лар

сурет                      лер



диктант

Аударыспақ

Аударыспақ – ашық алаңда,көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт беріледі.

Осы уақыт ішінде екеуі бірін-бірі аттың үстінен аударып түсіруі керек. Жеңген жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпазбен бәсекелеседі. Ойын осылай жалғаса береді.

(42 сөз)

Тапсырма

  1. Қазақтың тағы қандай ұлттық ойындарын білесің?

2. Аударыспақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



















№ 12 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп . Шығарма жазу. Қамқорлық

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойын және тілін дамыту, өз ойларын

жазбаша байланыстырып бере алу дағдыларын жетілдіру



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Қызығушылықты ояту.

-Балалар, мен сендерге шағын әңгіме оқып берейін.

Балапан мен мысық

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапанның іреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапандарды құтқармақ болып мысыққа қарай ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман әсем әуенге басты.



  • Оның істегенін бір сөзбен қалай атуға болады? 

Жақсылық жерде қалмайды. Е.Бағай

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.  
Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң – сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Психологиялық тренинг

Жақсы ,жаман қасиеттерді жазу, керексізін лақтыру



«Қамқорлық» атты шығарма жазу

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 13 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Бір мағынада және бірнеше мағыналы сөздер.Сөздікпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Тапсырма: Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.



Мен таба алмай бұрышты,

Қарадым бар қуысты.

Таусылған соң шыдамым,

Інімнен кеп сұрадым.

Мен іздесем бұрышты,

Көрсетті- ау ол бұрышты.



  • Берілген сөздерді тура және ауыспалы мағынада қолдануға мысал келтір.

Тіл, терең, бет, жылы, көз

Тура

Ауыспалы











2 тапсырма: Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А) Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы
Б) Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В) сағат тілі, кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

3 тапсырма:. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,...

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 14 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Синонимдер. Көру диктанты. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Тапсырма: . Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.
Бұл кім?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Ер бала, жігіт, ұл
Қарт, кәрі, қария
Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент
Бұл не?
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қандай көңіл күй?
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу

2 тапсырма: Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер

2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет

3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу

4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі

5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі
3 тапсырма:. Көру диктанты

Цирк, компьютер, ноутбук, фильм, шаян, ноян, цех, альбом,ою, қою, ащы, борщ.

Тапсырма.

1.Жоғарыдағы сөздерді пайдаланып сөйлем құру

Балалар циркке барды.Мен альбомға сурет салдым.Әжем ою ойды. Саят аға ноутбукпен жұмыс істеп отыр.

Я, Ю, дыбыстары қандай дыбыстар?( қосарлы, екі дыбыс естіледі,

я, ю дыбыстарына сөз ойлап жаз)

Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 15 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Антонимдер. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Тапсырма: . « Сынарын тап» ойыны
Биік – аласа --------------------- Жақын – алыс ----------------- Ұзын - қысқы
Тез – баяу ------------------------ Алды – арты ------------------- Ақ - қара
Таза – лас ------------------------- Дос – қас ----------------------- Ыстық - суық
Бар – барма --------------------- Жарық – қараңғы ------------- Іші - сырты
Әдемі - әдемі емес ----------- Жуан – жіңішке ---------------- Алыс - жақын
Үсті – асты ------------------------ Сүйкімді - сүйкімсіз ---------- Құрғақ - ылғалды
Ащы – тұщы Кең – тар Сәнді – сәнді емес

2 тапсырма:  «Артық болмас білгенің»
Ауыр -...
кең -...
ыстық -...
жас -...
артық -...
арық -...
оңай -...
Өтірік -...
алғыс...
қарғыс -...
рахат -...
Ерте -...
жоғары -...
алыс -...
әрі -...
3 тапсырма:. Көркемжазу. Бас әріптер  конфигурациясы 

Жж    Жж    ЖЖ      Жж      

Жанат       Жайық    Жақсан

ВВ  Вв  Вв  ВВ   Вв   Вв    ВВ  

Владимир      Владивосток



Тексеру.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 16сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Тура және ауыспалы мағыналы сөздер. Шығармашылық диктант

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

Тапсырма: . Сағаты бар шортан.Мұғалім мәтінді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. 

Бірде жұмысшы шортан ұстап алды. Жұмысшы шортанды үйіне алып келді. Шортанның түсі суық екен. Әйелі балықты тазалады. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағаттың тілі жүріп кетті.«Балдырған» журналынан

Шортанның ішінде сағат қалай пайда болды? Осы сұрақтың жауабын топта ақылдасып, тап.

Оқушылар топта мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды. Тура мағыналы сөздермен алмастырып, ойларымен бөліседі.

. 2 тапсырма:  «Шығармашылық диктант

Әр сұраққа сөйлем жаз.

Жазда не жауады?

Асқар далада не қуды?

Далада қандай гүлдер өсіп тұр?

Қойшы нелерді жайып жүр?

Қозы – лақтар не істеді?

Таза ауада жүрген Асқарға ұнады ма?

3 тапсырма:.  Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Әә ӘӘӘ әәә Әскербектің әтеші әдемі де, әсем. 

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 17 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздер. Сөздікпен жұмыс. Суретті диктант Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: . Бет адамның беті ( тура мағ)

кітаптың беті ( ауыспалы мағ)

құлақ, қабырға, дүние, кілт, ақ, өту, келу, тереңсөздерінің де ауыспалы мағынасын жазып, тіркес жасаңдар



2 тапсырма:  Сөздікпен жұмыс (жаңа сөздер)

Әр сұраққа сөйлем жаз.

Жазда не жауады?

Асқар далада не қуды?

Далада қандай гүлдер өсіп тұр?

Қойшы нелерді жайып жүр?

Қозы – лақтар не істеді?

Таза ауада жүрген Асқарға ұнады ма?

3 тапсырма:.  Суретті диктант

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 18 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: Түбір, жұрнақ, жалғау.Білімдерін нақтылауға , жинақтауға арналған жаттығулар. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Екі аққу көл - де жүзіп жүр.
2. Мәлік кітапхана - ға келді.
3. Өзен - нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр.
4. Мектеп басшысы сыйлық - ты Дәуренге табыс етті.
5. Орман - нан құстардың дауысы естілді.

2 тапсырма: Кім жылдам ойыны

 

Сөз

Түбір

Жұрнақ

Жалғау

Бүркітшілер




Өнерпаздар




Арбакештер






3 тапсырма:  Көркем жазу. Әріптермен  байланысу  тәсілдерін  меңгертуге  арналған   графикалық  жаттығу    



яИя      яИя      дария  тақия  қария                                       

Көк  жүзінде  көп  жолақ ,

   Қойды  екен  кім  бояп?

3 тапсырма:  

  • Дөңгелек үстел» әдісі. Берілген сөздерге жұрнақ пен жалғауды қатарынан жалғап айт. Әр топ бір түбір сөзден бастап жазып, жұрнақ жалғауға екінші топқа береді, олар жалғау жалғату үшін келесі топқа береді. Осылайша айналып келіп, әр топтың бастаған сөзі жаңа сөз болып, өз тобына келеді. Енді әр топ сол жаңарған сөзді сөз құрамына талдап, қорғайды.

Мал, біл, жаңа, ұш.Сөздерге жұрнақ пен жалғаудың қайсысын бұрын жалғадың? Осыдан өзің қандай қорытынды жасай аласың?

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 19 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: Түбір сөз бен туынды сөз. Жаңа сөздер құрау. Сөздікпен жұмыс

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма :Топтық жұмыс
I топ. Түбір сөздерді тап.
Өнер, ек, жарыс, іс, егін, жаз.
II топ. Туынды сөздерді тап.
Жазушы, ертең, сарғыш, ертеңгі, көңілді, балапан.

Тапсырма: Сағат тілімен әдісі бойынша топтар бес түбір сөзден жазады. Стикерге жазылған сөздерді айландырып келесі оқушыға береді. Келесі оқушы оларға қосымша жалғап жазады.

Тапсырма: Би, ән, жұмыс, еңбек, мал, дәрі.берлген сөздерге қосымша жалғап жазады. Осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жазады

Тапсырма: Мақалдарды оқып, көшіріп жазады. Қосымша жалғанған түбір сөздерді сөз құрамына талдайды.

2 тапсырма: Сөздікпен жұмыс

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 20 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: Түбірлес сөздер. Түсінікті тиянақтау жаттығулары. Өздік диктант. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма : «Ішіне, сыртына». Ішіне – түбірлес сөздерді, сыртына түбір сөздерді жазамыз.

шіне

Сыртына

                          Жыршы

Қырлы

Мақтадай

Мақташы

Мақталық

Қардай

Жазушы


Қар

Мақта

Тау

Қал

Ет

Шаш

Тапсырма: Берілген буындардан бірнеше түбірлес сөз жаса.

      шы                      ғы                ушы          гіш              ші         ла           на

Тық      пахана        ған     ғыш                        пе                   мақ      ын

Қар



2 тапсырма: Өздік диктанты

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қолайлы баспанасы.Оны тез құрып, тез жинауға болады.Жазда салқын, қыста жылы болады.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.( 27 сөз:

Тапсырма

1.Сөздерді тасымалдау ретімен жаза:

Кереге, шаңырақ, есік,киіз

2.осы сөздерді көпше түрде жаз.


3 тапсырма: Мәтінді оқы. Сөйлемдерде жіберілген қателерді түзетіп, сөйлемді көшіріп жаз.

Күн жылы. Аспан ашық. Біз орманға шиі теруге бардық.Қырмызы мен жанар терген шиелерін ыдысқа салды.Өздеры де жеп әбден тойды.Таза ауада жақсы дем алды. маржандай тізілген шиелер сондай әдемы. (30сөз)


Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 21 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылуы». Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма Сәйкестендіру тесті. 1-топ
 1. Түбір сөз ---------------------------------- 1. оқу, оқушы, оқулық 
 2. Туынды сөз ------------------------------- 2. қалалар 
 3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып 
 4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. мерекеңізбен 
 5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. бала 
 6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. жазушы 

Тапсырма:Сөйлемдерді түсініп оқы.

 1. Құстың ең қырағысы - сұңқар. Ол бір шақырым қашықтықтан титімдей жәндікті көре алады.
 2. Құстардың ішіндегі жүзгіші-пингвин. Ол сағатына отыз шақырымға дейін жүзе алады.
 3. Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс - тек бүркіт қана.
 4. Қарлығаш ұсақ жәндіктерді тек қана әуеде ұшып жүріп қана аулайды.

  • Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.

  • Түбір сөзге жалғанған қосымшалардың жуан, жіңішке болып келу себебі неден деп ойлайсың? (Ережені пайдаланып айту.)



2 тапсырма: Көркем жазу. Үш  элементтен  тұратын  әріптер


к   к    к   ккөзілдірік     күрек        галстук Кебекті  үрме , көзіңе  түсер .

  қ    қ    қ    қосаяқ       орындық

Жазғы  тұры  қалмайды  қыстың  сызы ,

   Масатыдай  құлпырар  жердің  жүзі


Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 22сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылуы». Шығармашылық диктант

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма Семантикалық карта.
Қосымшалы сөз Түбір +жұрнақ ---- Түбір + жалғау ------Түбір +жұрнақ +жалғау
Өнерпаздар
Құрылысшы
Балалар
Еңбегі
Қайратты
Қарны

Тапсырма: Көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосмшасын табамыз.
Топ- тобы
Бақ-бағынан
Әдептілік – әдептілігі
Сабақ-сабағынан
Ерлік-ерлігі

2 тапсырма: Шығармашылық диктант


Су құдықта Асан тартты.

Науаға суды қойды.Су ішті қойлар. Шөлі қанды олардың. Шөп қалың өрісте. Қайтадан жайылды қойлар


Тапсырма

1.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Кілем, кітап, ұштағыш, торғай, парта. оқушы.

2.Осы сөздерді көпше түрде жаз. қалам – қаламдар, ...


Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

№ 23 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сөйлем түрлері. Графикалық диктант .Пунктуациялық қателерді түзету жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма



Тапсырма: Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдып жазу

Түйе  боталады  .  Ақ  түйе боталады .  Сәуле  үтіктеді .  Сәуле  киімді  үтіктеді   Ара  қонды  . Ара  гүлге  қонды .  Күн  жылдынды .  Күн  бүгін  жылынды .

 Тапсырма: жайылма  сөйлемдерді  жалаң  сөйлемдерге  айналдырып жазу

Балалар сабақтан келді. Оқушылар қызықты әңгіме оқыды.

Тапсырма: Семантикалық  картамен жұмыс.

Сөйлемдер

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Мал өрістен келді



Кептер  ұшты



Арман  суға  шомылды



Жазира  киноға  барды



Жаңбыр жауды



Гүл  ашылды



 

Сөйлемдер

Жалаң  сөйлем

Жайылма  сөйлем

Әжем  дүкенге  барды



Балық  жүзді



Балалар  өзенге  шомылды



Мұғалім  келді



Боран  соқты



Сәуле   ыдысты  жуды



 



2 тапсырма: Графикалық диктант

-Мен ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер айтамын, оқушылар сөйлемді аңғарып, әр сөйлемді тік бір сызықпен белгілеп, сызып шығады. Мысалы, «Оқу басталды. Оқушылар мектепке келді». Осындағы 2 сөй-лемді аңғарып, екі сызық сызады.

- Сыныбымыз таза. Сыныптың жарығы мол. Сыныбымыздың үш терезесі бар». Міне, мұнда үш сөйлем бар екендігін, бірінші сөйлемде 2сөз, екінші сөйлем- де 3 сөз, үшінші сөйлемде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып береді. Сонда оқушылардың жазуы мынадай болады.

1.Оо.

2.Ооо.

3.Оооо.

Бұл не? Бұл – бояу қарындаш.

Ура, ура! Мұнда оқушылар графикалық жолмен былай жазады:

Оо? Ооо. Оо!

3 тапсырма: Пунктуациялық қателерді түзетіп, көшіріп жаз ..

Менің атым кітап. Мен адамның досымын. Мен адамның досымын. Балаларға ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырағанын айтып беремін. Балаларды білімді, өнерлі бала болуға үйретемін. Ойлаңдаршы, балалар. Мен сонда кіммін. Мен сенің де досыңмын. Мені күтіп жыртпай таза ұста.



Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 24 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Көркем жазу. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу. Жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: 1-топДұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

(Өсімдіктер, өседі жайқалып. Аспанда жымыңдайды жұлдыздар)

2-топ.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Шағала көлін қорғайды, Шопан төлін қорғайды.

3-топ Сурет бойынша сөйлем құра. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

2 тапсырма: Көркем жазу. Үстінен  жүргізілген  жалғас  сызықтар  арқылы жазылатын  әріптер .

Вв   Вв     Вв   В в   автобус    вагон     трамвай

Космонавтар  ғарышқа   Байқоңыр   космодромынан  ұшады. 

Оо    О о   О о    Орман   омарта   ошақ     ожау

Оқу –оқығанды  өмірге  қолдану  деген  сөз .

3 тапсырма: Сөйлемдегі сөздерді сәйкестендір.Бірінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
1.Ағам Алматыда шықты 2.Қонақ төрге тікті 3.Досым суреттұрады 4.Айжан көйлек салды

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 25 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сөйлем құрау, сөйлемдермен мəтін құрастыру жəне əр

сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін дұрыс қойып жазу. Пунктуациялық қателерді түзету жұмысы.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Өнерлі әжей» тақырыбына әңгіме құрастырып айт.

Тірек сөздер: ауыл, әжесінің өнері, түрлі түсті оюлар, текемет басу, әшекей, өрнекті сырмақ сыру, тоқылған алаша, көздің жауын алу, немересіне үйрету, қуану, риза болу.





Жоспар:



  1. Әжесін сағыну

2.Әженің өнері

3.Өнер үйрену

  1. Ризашылық

.

2 тапсырма: Көркем жазу. Үстінен  жүргізілген  жалғас  сызықтар  арқылы жазылатын  әріптер .

Фф   Фф    Портфель   фильм       светофор

Футболдың  отаны  Англия  деп   есептеледі

3 тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
1 - қатар
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2 - қатар
Ақан, сырғанады, шанамен.
3 - қатар
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

Бес жолды өлең құрастыру.
Не? (1)
Қандай?(2)
Не істеді?(3)
Қайда болды?(4)
Сөйлем жаз.(5)

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?















№ 26 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Сөйлем құрау, сөйлемдермен мəтін құрастыру жəне əр

сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін дұрыс қойып жазу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Әр қатарға бір сөзден қосып, пирамида құрастыр.

Қарға қарқылдады.

Қарға далада қарқылдады.

2 тапсырма: Суреттер бойынша екі сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыр.  Әр сөйлемдегі  сөздерге сұрақ қой.  Құрастырған сөйлемдегі  сөздердің санын арттырып жаз.  Әр сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.  Сөйлемнің мағынасында  қандай өзгерістер болды..

.

  1. 3 тапсырма: Көп нүктенің орнына баяндауыш болатын сөздерді қойып жазу. Сөйлемнен тек қана тұрлаулы мүшелерді табу.


1. Сәкен табиғат көрінісі бейнеленген үлкен суретті ... . 2. Мая теледидардан қызық кино ... . 3. Шоқанның аты бәйгеден бірінші болып ... . 4. Даяна апасына бақшаның шөбін ... . 5. Дидар мен Думан көлеңкеде ... .

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?







№ 27 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою, сол арқылы

сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білуге арналған тапсырмалар.Графикалық диктант



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Орны ауыстырылып берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

Самал, бармақшы, Сырым, тауға, мен.

Ажар, бара жатып, мектепке, Мадиярдя, жолықтырды.

Шыршалар, аулаға, біз, әкелеміз, үшін, отырғызу.

Махмет, отыр екен, інілерімен, ойнап.



2 тапсырма: Мәтінді түсініп оқы.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшелердің астын қажетті сызықпен сыз.


Бәйге

... бір тойда бәйге болды. Сабыр ... атқа мініп шапты. Басын ақ шыт ... байлап алды. Төреші бәрін қатар тұрғызып, қолындағы ... сілкіп қалды. ... дүбірлеп кетті. ... сатыр –сұтыр шаба жөнелді. Көк ала шаң ... көтерілді. Жүйріктер суырылып .. шыға бастады.

Керекті сөздер: Торы, орамалмен, үлкен, жалаушасын,

сәйгүліктер, дала, алға, аспанға.


3 тапсырма: Құрмалас сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қойып, келесі сөйлемді

бас әріптен бастап жаз.


Оқушылар жұмыстарын бітіріп үйлеріне қайтты Ермек далаға шығып жан-жағына қарады түс ортасы ауа жұмысшылар демалып тамақ ішіп тынықты Дидар шыбықты тамырымен қоса жұлып алып ат қып мініп алды да көшемен жүгіре жөнелді аю жыртқыш болғанымен аңды сирек аулайды таңертеңнен кешке дейін орманды кезіп жүріп өзіне қорек іздейді.

.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



















№ 28 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.Жалаң және жайылма сөйлем. Пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзету жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Мәтінді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

Шахтада

Менің шахтаны көргім келді. Көкем сыйлаған қолшамды алып, шахтаға келдім.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай тордың есігін жапты. Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.

2 тапсырма: Мәтінен жайылма сөйлемдерді тауып, жалаң сөйлемге айналдырып жаз.





Жаз келді. Демалыс басталды. Әли мен Айя Астанаға келді. Қаланың көрікті жерлерін аралады. Оларға Бәйтерек ғимараты өте ұнады. Олар қалада ұзақ қыдырды.

.

3 тапсырма: Пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзетіп жаз

Ахмет Байтұрсынов қазақтың ғалымы, ағартушысы. Ахмет Байтұрсынов торғай облысында қарапайым шаруа отпасында туған. Ахметтің әкесі байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған . Ол Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, орынбордағы төрт жылдық мектепке оқуға түседі. Ол өте кеменгер, білімді тұлғаның бірі болған.

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?



№ 29 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Талдау жұмыстары. «Жоғалған сөз» ойыны. Шығармашылық диктант

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Өлеңнен құрмалас сөйлемдерді тап. Әр құрмалас сөйлем неше жай

сөйлемнен тұратынын анықтау.


Күрестің жырын жырлаған,

Халықтың мұңын мұңдаған.

Елі ұйып әнін тыңдаған

Жаяу Мұса - бір бабаң.

2 тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, тиісті

сызықтармен сыз.

1.Балапан ауладан дән тауып алды. 2. Дулат пен Индира мектепке қарай асығып барады. 3. Нұрила апасына тез бауыр басты. 4. Самал қуыршаққа көйлек тікті. 5. Серік доп ойнады. 6. Бағдат досына хат жазды.

.

  1. 3 тапсырма: «Жоғалған сөз» ойыны Көп нүктенің орнына баяндауыш болатын сөздерді қойып жазу. Сөйлемнен тек қана тұрлаулы мүшелерді табу.


1. Сәкен табиғат көрінісі бейнеленген үлкен суретті ... . 2. Мая теледидардан қызық кино ... . 3. Шоқанның аты бәйгеден бірінші болып ... . 4. Даяна апасына бақшаның шөбін ... . 5. Дидар мен Думан көлеңкеде ... .

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?















№ 30 сабақ

Лексикалық тақырып: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың мақсаты: Сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесін меңгертуге арналған. тапсырмалар. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Шуақты күн.

Ат таңдау, мəтін тақырыбын жəне ондағы негізгі ойды анықтау, мəтін

тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу.

1 тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшір: 
... жолдасым, ... кітабым 
... табысымыз, ... тәрбиешіміз 
... мектебің, ... кітабың 
... баласы, ... тапсырмасы 

2 тапсырма: Семантикалық карта
Зат есім ------------ І жақ ------------ ІІ жақ -------------- ІІ жақ
Ағасы
Дәптерім
Мұғалімің
Мектебім
Бесігің
Ауласы
Қаламыңыз
оқулық
Оқулық сөзін жекеше, көпше тәуелде..

3 тапсырма: Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажырат.
Сағатым, мысығың, қаламсабы.
«Тез ойлан» ойыны
Мысық - мысығы.
қаламсап - қаламсабы

Сабақты бекіту

Қорытынды

-Бүгінгі сабақтан не білдің ?

- Не үйрендік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?







Сөз таптары. Зат есім

Сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесін меңгертуге арналған. тапсырмалар. Орфографиялық қателерді түзету жұмысы







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
81 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
3713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі