400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Орган музыкасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орган музыкасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Классикалық музыканың үздік туындылары


Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Орган музыкасы

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Орган музыкасына сипаттама және анықтама беру;

  • Тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және стилі мен жанрын анықтау;

  • Канон элементтерін қолданып, әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, әнді орындау.

Бағалау критерийлері

  • Орган музыкасына сипаттама және анықтама бере алады;

  • Тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және стилі мен жанрын анықтай алады;

  • Канон элементтерін қолданып, әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, әнді орындай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Орган, орган музыкасы, канон, жанр

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Канон элементтерін қолдану барысында, мен ... негізге алдым.

Тыңдалған шығарма ... жанрға жатады.

Құндылық



Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойына бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікке баулиды.


Бастапқы білімдер


5 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Қорлар

Сабақ басы

0-4




4-6



1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар музыкалық аспаптарды таңдай отырып, 4 топқа бөлінеді.

Оқушылар таңдалған музыкалық аспаптарды талдай отыра сабақ тақырыбына шығады.

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау


Қосымша №1. Музыкалық аспап суреттері

Сабақ ортасы

6-11




11-13




13-20







20-30














30-36



36-38

2.Сабақ барысы

Тапсырма 1.Ақпарат іздену.

  • Орган аспабына сипаттама беріңіз.

  • Орган музыкасына ақпарат табыңыз.

Тапсырма 2. Тыңдау.

Орган музыкасын тыңдау.


Тапсырма 3. Талдау.

  • Орган музыкасы қандай көңіл-күйде орындалды?

  • Орган музыкасының жанрын атаңыз?

  • Орган музыкасының әуені қандай басқа да музыкалық аспаптармен ұқсастырасыз?

Тапсырма 4. Шығармашылық жұмыс.

Орган музыкасының көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, канон элементтерін қолданып, әнді орындаңыз.

Бағалау критерийлері:

- орган музыкасының көңіл-күйін терең ашып, жеткізе білу;

- көркем бейнесін тыңдаушыларға толық жеткізу;

- канон элеметтерін таза қолданып, әнді орындау.

Дескрипторлар:

  • Орган музыкасының көңіл-күйін терең ашып жеткізді;

  • Көркем бейнесінің толық мағынасын көрсетті;

  • Канон элементтерін таза қолданды;

  • Әнді орындады.

Тапсырма 5. Таныстырылым

Канон элементтерін қолданып әнді орындаңыз.

3. Бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.


Презентация

Интернет желісі


Қосымша №2. Аудиоматериал



Қосымша №3. Сұрақтар



Музыкалық аспаптар немесе музыкалық емес аспаптар (мүмкіндік бойынша)



стикер








Сабақ соңы

38-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі.

  • Бүгінгі оқу мақсатына жеттік пе?

  • Қандай іс-әрекет орындау арқылы сабақ мақсатына жеттік?

  • Шығармашылық жұмысты орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз және қандай шешім қабылдадыңыз?

Ауызша кері байланыс алу

Дифференциация – мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.


Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы канон элементтерін музыкалық аспапта немесе екі дауыста орындауына жол беріледі.

Қалыптастырушы бағалау

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Оқушылар топтық таныстырылымын сынып алдында көрсетеді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі