жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Organic and non-organic food
8- сынып
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
XVIIIғ аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны:2,5 млн
Қай жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді:1897ж
1897 ж санақ бойынша Қазақстанда тұратын қазақтардың саны:3,4 млн
Қалада тұратыын қазақтардың үлес пайызы:1,1%
Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды қанша жыл билеп-төстеп келді: 600
Тәбәрік дегеніміз не:ұлықтау рәсімі аяқталған бойда ақ киіз ту-талақай тілгіленіп,құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде ,қасиетті естелік ретінде үлестіріліп жіберілген
Ханталапай дегеніміз:бүкіл ханның меншігіндегі малды бөліп әкету
Мұсылман дінің уағыздаушылар,өздерінің шыққан тегін Мұхаммед пайғамбардың туған туыстармен байланыстырған кімдер:қожалар
Халық арасында кеңінен таңылған қожалар:Күдері қожа,Мұхамед Салық Бабажанұлы
Алуан түрлі тайпалардың, рулардың,халықтардың өкілдерінен құралған топ:құрамалар
Ташкент төңірегіндегі құрамлардың саны:50 мың
Патша өкіметіне айрықща сіңірген адал қызметі үшін берілетін лауазым:тархан
1743 ж Ресей императоры ІІ Елизаветаның арнайы жарлығымен тархан атағын батырлар: Жәнібек,Есет
ХІХ ғ Қазақстандағы тархандардың саны: 20
Хандар мен сұлтандарға адал қызмет ететін топ:төлеңгіттер
Абылай ханда 5000үй төлеңгіт,ал Кенесары қанда қанша үй төлеңгіт болды:1000
Қай жылдан бастап қазақтарға құл ұстауға тыйым салынды:1822ж
XVIII ғ бірінші шиирегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Кімнің кезінде қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді:Тәуке хан(1680-1715)
Кімнің кезінде қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп аталды:Тәуке хан
Кім былай деп жазды: «Ол,оларды ,тайпаларды,өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты,олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты ,ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен ,қара қылды қақ жарған әділеттілігмен өзіне бағындыра білді:А.И.Левшин
Тәуке ханның жасағы: 80 мың
1715жылы Тәуке қайтыс болғаннан кейін билікке кім келді: Қайып
1697 жылы жоңғар хандығының басына кім келді:Цеван-Рабтан(1663-1727)
Қай жылы жоңғар әскері 40 мың жауынгерімен Ұлы жүздің шұрайлы жеріне басып кіреді:1698ж
Қай жылы Қарақұмда құрылтай өтеді: 1710ж
Қай жылы Әбілқайырдың басшылығмен жоңғарларды шығысқа ығыстырып тастады:1711ж
Кімді алғадай деп атайтын :жекпе-жекке шыққан жас жауынгерді
Жоңғар шапқыншылығы
Қай жылы батыр Қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды:1635ж
Қай жылы « Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды:1640ж
Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны: 100 мың
Тұрақты әскер саны: 60 мың
Жоңғарлардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде кімдер елеулі рөл атқарды: Тибет ламалары
XVIIғ жоңғарларда не пайда болды:білтелі мылтық
Зеңбірек құюды оларға кім үйретті: швед Иоган Густав Ренат
Халқының саны: 1 млн
Қай жылы Қытай императоры(боғдыхан)Канси қайтыс болды:1722ж
Қай жылы Цеван –Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды:1723ж
Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соқысына ұшырған қай жердің қазақтары:Жетісу мен Ертіс бойы
Жоңғарлар қай қалаларды басып алды:Ташкент,Сайрам,Түркістан
«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» деген кезеңін уақыты: 1723-1727жж
«Елім-ай» атты зарлы жырдың авторы: Қожаберген жырау
Кімнің дерегі бойынша қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған:Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Қайың сауған» деген сөз қайдан шыққан: өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлің ішкен
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Қай жылы Әбілқайыр20 мың жауынгерімен Еділ бойындағы қалмақтарға жорық жасады:1723ж
Қай жылы Ордабасы тауында бүкілқазақтық құрылтай өтті:1726ж күзінде
Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды,ал бас сардарбегі болып кім сайланды:Қанжығалы Бөгенбай
Азаттық күреске қатысқан батырлар:Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай,Шапырашты Наурызбай, Райымбек,Жасыбай,Есет,Малайсары,Баян,Олжабай,Қожаберген,Түгел,Бөлек,Шақантай,Қошқарбай,Байболат
Жоңғар басқыншыларына қатысқан әйелдер:Абылай сұлтанның қызы Айтолқын,Бұланбай батырдың қызы Айбике,Қабанбай батырдың әйелі Гаухар,қызы Назым
Қай жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында ,Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті: 1728ж
Бұл шайқаста қазақтар мен қырғыздар біріккен күшінің әскер саны:60 мың
Бұл шайқас «Қалмаққырылған» деген атаумен белгілі,қанша жуық жоңғар қаза тапқан: 10 мың
Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жердегі Аңырақай шайқасы қай жылы болды:1730ж
Аңырақай шайқасында жекпе -жекке шыққан батырлар:Шарыш пен Абылай
Ұлы хан Болат қайтыс болғаннан кейін билікке кім келеді: Әбілмәмбет
XVIII ғ алғашқы үштен біріндегі қазақ –орыс қатынастары
Қай ғасырдан бастап Строгановтармен сауда байланысының болғаны мәлім:XVIғ
Батыс Сібірдің әскери және шенеуніктік тобы қазақтарды қалай атаған:қырғыздар
Нағыз шын қырғыздарды қалай атаған: «тау-тас қырғыздары», «қара қырғыздары», «буруттар»
Қай жылы Қайып хан Ресейге елші жіберді:1716ж
І Петрдің құлағына қай қалада «алтын аралас құмның»мол екендігі жөнінде хабар жетеді:Еркеті
Кім І Петрге Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер шебін салу жоспарын ұсынған:Сібір губернаторы М.П.Гагарин
1715 ж экспедициялық жорықты бастаған:И.Д.Бухгольц
Жасақтың құрамында әскерилер Томск,Түмен,Тара қалаларының тұрғындары болған жалпы саны:2800
Жәмішев бекінісі қай жылы салынды:1715 ж қазан
Қай жылы И.Д.Бухгольц 700 адамымен бірге кері қайтып кетуге мәжбүр болды:1716ж
1715 ж Хиуа хандығына экспедиция жүргізген:А.Д.Бекович-Черкасский
1719-1720жж Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына экспедиция жасаған:И.М.Лихарев
1716 ж Ертістің оң жағалауындағы бекініс: Жәмішев,Омбы
1717 ж салынған бекініс:Железинка,Колбасинская
1718ж салынған бекініс:Семей
1720 ж салынған бекіністер:Өскемен,Черноярская,Коряковская
Кім былай деп жазды: «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды.Оның міндеті оң жағалауындағы жерлерді жоңғарлардан,ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан(қазақтардан)қорғау еді»: Н.Коншин
1716 ж қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов,1717ж кімдер болып қайтты: Борис Брянцев,Федор Жилин
1719 ж кімдер Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді:Колмаков,Урусов,Сомов
1713-1720ж Жоңғарияға жіберілген елші:Иван Чередов
Қай жылдары Әбілқайыр әскерлері Жайық пен Еділдің ортасындағы бүкіл аумақты басып алды:1723-1724жж
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
1726ж Ресейге Әбілқайыр жіберген елші:Қойбағар
Қай жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасауды ұсынды:1730ж
Қай жылы Әбілқайыр батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоаннованың атына жазылғанн өтінішті табыс ету үшін Петербургке келді: 1730ж қыркүйек
Қай жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы(грамотаға)қол қойды:1731ж
Қай жылы қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілікті жіберді:1731 ж 30 сәуірде
Дипломатиялық тапсырмамен келген башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры:Таймас Шайымов
Кім былай деп жазған: «Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та,оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек,өйткені ол, қырғыз- қайсақ ордасы..бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт». І Петр
Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі кімге тапсырылды:Нұралы сұлтанға
Қай жылы Әбілқайыр хан,сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі илер мен батырлардың тобы Ресей империясының құрамына өту туралы ант қабылдады:1731 ж 10 қазан
Ант қабылдауға 29 старшын қатсты бұл оқиға қай жерде өтті: Майтөбе
Кімге тархан атағы берілді:Таймас Шайымовқа
Қай жылы Әбілқайыр саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан:1748ж
Қай жылы Галдан-Церен Қазақстан жеріне жойқын жорық жасады:1741ж
Қай жылы Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және адал болуға ант қабылдады:1731ж
Қай жылы Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті: 1740ж
Қай жылы қырғыз-қайсақ экспедицясы құрылды:1734ж
Қырғыз-қайсақ экпедицияның кім басқарды: И.К.Кириллов
И.К.Кирилловтың көмекшісі: тілмаш А.Тевкелев
Кейінірек қырғыз- қайсақ экпедициясы қалай аталды:Орынбор
Оның құрамында қанша адам болды:2700 адамның қанша әскери қызметшілері еді 2500
Қай жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды:1735ж
Орынбор экспедициясының бастығы болып тағайындалды: В.И.Татищев
Қай ғасырда Үй шекара шебі салынды:XVIIIғ 30-40ж
Жайық бекініснен Звериноголвская бекінісіне дейінгі 770 км созылған шеб: Үй
Қай жылы қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп- қонып жүруіне қатаң тыйым салынды:1734ж
Қай жылы қазақтардың Жайық өзеніне,Жайық қалашығына келуіне қатаң тыйым салынды:1742ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген