400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі,түзілу механизмі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі,түзілу механизмі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2 Химия пәні. Сынып:11 «А» Күні:

Сабақтың тақырыбы: §1.2Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.Көміртек атомының гибридтік күйлері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға көміртек атомының құрылысы,гибридтену күйіне көшіру,гибридтенген орбитальдар,гибридтену тәсілдері және осыған байланысты көміртек атомының гибридтік күйлерінің түзілуі жөнінде түсініктер беру,SР
3, SР2, SР-гибридтенулерінің түзілуін мысалдар келтіріп түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушылармен көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы талқылау.
2. Көміртек атомының гибридтік күйлерін химиялық байланыс арқылы меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
1. Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясын біледі. 2. Көміртек атомының SР
3, SР2, SР-гибридтенулерінің түзілуін жаза алады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:
Ізденіс сабақ Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта ,бор, ватман, бейнетаспа,түрлі-түсті стикер,маркер,химиялық байланыстың түзілуі кестелері,метан молекуласының тетраэдрлік моделі,этиленнің шарөзекті модельдері.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудыру.Оқушыларға суреттерді беру арқылы

топқа бөлу.

Бағалау парағын тарату.

Оқушылар топқа бөлінеді.
1 топ

2топ Picture 5
3 топ
4 топ


ІІ.Қызығушылықты ояту:

1.«Әңгіме кестесі».Әр топқа сұрақ-жауап беріледі.

Сұрақтар

Жауаптар



1.Көміртек атомы ядросының заряды қандай?

2.Көміртек атомының ядросындағы протондар саны қанша?

3.Көміртектің С12изотопының ядросында неше нейтрон бар?
4.Көміртек атомындағы электрондар саны қанша?

5. Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?
6.Сыртқы энергетикалық деңгейде неше электрон бар?

7.Көміртек атомының жалпы электрондық формуласын жазыңдар.

8.Орбиталь деген не?

Электрондық орбитальдардың қандай түрлерін білесіңдер?


1.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жауабы:
1.көміртек атомының ядро заряды +6-ға тең,себебі оның периодтық жүйедегі атомдық нөмірі 6.

2.протон саны элементтің атомдық нөміріне сәйкес болғандықтан ,6-ға тең.

3.нейтронның саны атомның массалық саны мен ядродағы протон санының айырмасына тең,яғни 12-6=6.


ІІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ

1.«Ойлан,бірік,бөліс»-әдісі.

1-топ Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.
2-топКөміртек атомының гибридтік күйлері.
3 –топКоваленттік байланыс
4-топ Радикалдар.

2. 2.«Кім жылдам?» әр топқа органикалық заттардың моделдерін құруға арналған орбитальдар таратылады. және гибридтену күйін айтып беруіне


3.Сергіту сәті.

«Қара жорға биі»

1.Әр топ мәтінмен танысады.Постер арқылы өз ойларын түсініктерін жеткізеді.

2. Оқушылар берілген заттардың моделдерін құрып ,гибридтену түрін,валенттік бұрышын айтып береді.

.

3.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді.

ІV.Ой толғаныс:

1.« Сұрақты ұстап ал!

»

Әр топтағы оқушыларға қапшықты лақтырып сұрақ қойылады.

1.Метан молекуласында неше химиялық байланыс бар?

2.Көміртек атомының кәдімгі күйі мен қозған күйінің айырмашылығы қандай?

3.С-Н байланысының типі қандай?

4.Гибридтену деген не?

5.Метан молекуласындағы байланыстар неліктен бірдейленеді?неге біреуі S-S байланысы,басқа үшеуінен (S-Р)өзгеше емес?

6.Гибридтенудің қандай тәсілдері болады?

SР3, SР2, SР-гибридтену қандай көмірсутектерде кездеседі?

Оқушылар сқрақтарға жауап береді.


V.Бағалау :

1.Әр топ басшыларынан ,тобындағы оқушылардың ұпай саның сұрап шығады .

Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы оқушылардың ұпай саның айтады

VІ.Үйге тапсырма

Оқушыларға үйге тапсырма береді. §2,3-ті оқу №8

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

VІІ.Кері байланыс парағы:

Оқушыларға таратылады.



Кері байланыс парағын толтырады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі