400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:11 «А» Күні:
Сабақтың тақырыбы: 1- практикалық жұмыс. Органикалық заттардың сапалық құрамын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Осы тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін практика жүзінде дамыту.
Күтілетін нәтиже:
1.Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті тәжірбие жасау арқылы анықтап шығады.

2. Алған білімін бекітеді.

Сабақтың түрі:практикалық жұмыс.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта ,бор,есептер жинағы,оқулық,периодтық кесте су,спирт шамы,шыны таяқша,сірінке, стақан ,мыс(ІІ)оксиді,парафин,бензол,тұрғы,мыс(ІІ)сульфаты,әкті су ,т.б..

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:3минут

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, психологиялық ахуал тудыру.топқа қима қағаздарын беру арқылы бөлу.

Бағалау парағын тарату.

Оқушылар топқа қима қағаздарын біріктіру арқылы бөлінеді.


ІІ.Қызығушылықты ояту:5 минут

Қауіпсіздік ережесін сұрап шығам .


Оқушылар қауіпсіздік ережесін айтып шығады.

1.Керек сұйық затты тамшуырмен алу қажет.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес заттарды алып пайдалануға болмайды.

3.Тәжірибені аяқтаған соң қолды мұқият жуу керек.



ІІІ.Мағынаны тану:Жаңа сабақ 20минут

1. «Бірге ойлаймыз»»әдісі
1.
Органикалық зат құрамындағы көміртекті күйеге айналдыру арқылы анықтау.

Жұмыстың орындалуы:

қандуырдың ұшымен глюкозаның (қанттың немесе басқа да органикалық заттың) кристалын алып, жалынға ұстап, ептеп қыздырыңыздар


2.Органикалық заттағы көміртекті көміртек /ІҮ/ оксидіне, сутекті суға айналдырып анықтау.
Жұмыстың орындалуы:

Органикалық заттағы көміртекті анықтаудың қолайлы жолдарының бірі –затты мыс (ІІ) оксидімен тотықтыру. Бұл әдіспен көміртек пен сутекті сапалық анықтау үшін органикалық зат ретінде парафинді, глюкозаны, қантты, крахмалды немесе басқа да органикалық заттарды алуға болады. Органикалық зат реакцияға толық түсу үшін, мыс (ІІ) оксидін кемінде екі есе артық алу керек. Немесе органикалық зат пен мыс (ІІ) оксидіннің дайын қоспасын пайдалануға болады. Реакцияға глюкоза, қант сияқты кристалды зат алынса, оны мыс (ІІ) оксидімен жақсылап араластыру қажет. Егер парафин алынған болса, оны балқытып, мыс (ІІ) оксидімен араластырыңыздар.

2.Кестемен жұмыс.

Жұмыстың орындалуы

Не байқалды?

Қорытынды






Сарамандық жұмыстың қорытынды сұрақтары:

  1. Қара түсті мыс(ІІ) оксиді қандай өзгеріске ұшырады?

  2. Сынауықтың қабырғасында қандай өзгеріс байқалды?

  3. Мыс(ІІ) сульфатының түсі неге өзгереді?

  4. Әкті су неліктен лайланады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.



3.Сергіту сәті.

«Қара жорға биі»

1.Оқушылар топпен жұмыстың барысымен танысып шығады.

2.Бір –бірімен ой бөліседі .
3.Тәжірибелік жұмыстар жасайды.







2.Оқушылар практикалық жұмыс дәптерлеріне жазып шығады.
3.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді.

ІV.Ой толғаныс :10минут

1.Кім жылдам?

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

Глюкозаның формуласы?

А) С12Н22О11 В) С2Н5ОН
С) С
6Н14 Д)С6Н12О6
2. Көмірқышқыл газын анықтайтын сапалық реактив?

А) мыс (ІІ) гидроксиді
С) шала жанған шыра

В) кальций гидроксиді Д) темір (ІІІ) гидроксиді

3.Органикалық қосылыс құрамындағы көміртек пен сутекті анықтаудың тиімді әдісі:

А) хлорлау В) тотықтыру
С) нитрлеу Д) бромдау

4.Қыздыратын сынауықтың аузын неліктен өзіңе және көршілеріңе

қаратып ұстауға болмайды?

А) бөлінетін бумен тыныстамау үшін

В) ыстық сұйықтық төгілуі мүмкін

С) басқа пункттерде көрсетілгендердің барлығы

Д) оның ішінде не болып жатқаны осылайша жақсы көрінеді


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

V.Бағалау :3минут

1.Әр топ басшыларынан ,тобындағы оқушылардың ұпай саның сұрап шығады .



Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы оқушылардың ұпай саның айтады

VІ.Үйге тапсырма :1минут

Оқушыларға үйге тапсырма береді.
Қайталау.

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

VІІ.Кері байланыс парағы:1минут

Оқушыларға






Кері байланыс парағын толтырады.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі