Нурмухаметова
Карлығаш Шаймуратовна
Құрлық
әскерлерінің Әскери институты
Философия
пәнінің оқытушысы
Орхон
Енисей жазба ескерткіштеріндегі ер
тұлғасы
Көне түркі елі десе тілімізге бірінші
оралатын ерлердің есімі бытырап жатқан
Түркі тайпаларының басып қосып негізін
қалаған Бумын, Күлтегін, Тоңыкөк, Білге
қағандар. Жоғарыда аты аталған ерлер
түркі рухының бет-бейнесі, ел-жұртының
намысын жыртқан дала тарландары. Өз
заманында Түркі елінің бірегей тұлғасы
атанған үш ердің басына ескерткіш тас
қойылған. Түркілер түрлі саяси жағдайды
басынан өткерген, тәуелсіздік үшін жан
аямай күрескен айбынды ел, ерлері ерен,
еліне адал оған тасқа қашап жазылған
таңбалар куәлік етеді.
V-IXғ.Енисей
өзені бойынан табылған құлпытастарға
ойылып жазылған таңбалардың жалпы саны
200-дей. Дания зерттеушісі В.Томсен 1893
жылы дыбыстық мағынасын дұрыс анықтап,
1894 жылы Күлтегіннің тұңғыш аудармасын
жасайды. Орхон Енисей ойма жазулары
скандинавияның руна жазуына ұқсас
болғандықтан, руна деп аталып кеткен.
Руна деген сөз құпия деген мағынаны
білдіреді екен. Дәл бүгін қойнына сыр
бүккен тастағы жазу емес, ердің бойына
керек қасиетті осы жерден тауып алуға
болатын аталар аманаты іспеттес.
Көне
Түркі жазуының нұсқаларын зерттеушілерден
38 әріп бар екенін білдік. Бұл айғақ Батыс
ғалымдары түркі халқының мәдениеті
жоқ, жабайы, тағы қоғам деуін теріске
шығарады. Жазу арқылы оқиғалардың болған
жылы, қағандардың ел басқарған уақыты,
қолбасшылар, әскерлердің саны
туралыдеректер алуға болады. М.Мырзахметов,
А.Қыраубаеваның «Білге», «Күлтегін»,
«Тоныкөк» ескерткіштері тақырыбы,
көтерген мәселесі, кейіпкерді бейнелеуі,
көркемдігі тұрғысынан қазақтың эпостық
жырларына жақындығынмәлімдейді. Елдің
қамы үшін түн ұйқысын төрт бөлген
ерлердің ерліктері, сұрапыл шайқастары,
аламан жорықтары суреттелген. Жырда
Күлтегін «жауға жалғыз ұмтылған» батыр
екендігін дәріптейді. Жырға негіз болған
басты тақырып елінің елдігін сақтаған
ерлерді мәңгілік есте қалдыру. Жазба
ескерткіште ата-баба
мекенін сақтау, Отанды сүю идеясы, елі
үшін жанын қию секілді маңызын жоймаған
құндылықтар көтерілген. Осы руханият
қазіргі қоғамымыздың өзекті мәселелерін
шешуде аса маңызды болып табылмақ.
Орхон
ескерткіштерінен түркі дүниетанымындағы
мифтік ойлау шеңберіндегі тотемдік
сенімді көруге болады. Көне Түркілер
өздерінің шығу тегін қасқырдан таратқан
бірақ, олардың ең басты жаратушысы көк
Тәңірі. Сонымен қатар Түркілер үшін
аспанда орналасқан денелерінің
барлығықасиетті саналған. Көне Түркілер
сенімінің элементтері бүгінгі күні
Қазақ халқының ұлттық рәміздерінде
көрніс тапқан. Байрақ көк түсті, көк
сөзінің тілдік таңба ретіндегі мағынасы
«ашық аспан тәрізді түс». Ә.
Марғұлан көк түс көкке табынудың,
аспанның символы екендігін атап
көрсетеді. Ол шексіздік пен мәңгіліктің
рәмізі ретінде Тәңірмен ассоцияланады.
Бүгінгі күні Түркі жұртының ата қонысында
Отанын орнатқан Қазақ елін мәңгі ел
деп білеміз.
Күлтегін
( 684-731 жж.)
Бүкіл
түркі халқы үшін
Түн
ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып
куйдім өрт болдым.
Күлтегінім
қасымда,
Екі
шад та Осында,
Аттап
барлық кесірді,
Мен
халқымды өсірдім.
Дауыл
өшті,жел қайтты,
Өрісімді
ұлғайттым.
Тынышталды
ит құсы,
Болдым
елдің ұйтқысы.
Бассыз
жатқан түркіні
Басын
қосып ұстаған.
Берік
болған тізгінге,
Бірақ
жұрттан қыспаған.
Еркін
көшіп жайлаған,
Еркін
қосып қыстаған.
Әділ
болса күшті-хан,
Әділ
болса күшті-адам.
Көкесіндей
інісі
Бола
алмады,әрине.
Әкесіндей
баласы
Бола
алмады,әрине.
Атасындай
немере
Бола
алмады,әрине.
Ақылдыдай
ақымақтар
Бола
алмады,әрине.
Бүкіл
түркі ақыры
Қала
барды зар илеп.
Соноу
бастан,о бастан
Бір-біріне
жарасқан
Жаралғалы
Қара Жер,
Жаралғалы
Көк Аспан
Естеби
мен Бумынның
Адамзаттан
бағы асқан.
Дырдай
болып келгенмен,
Бордай
болып үгілен.
Басы
барлар иіліп,
Тізесі
бар бүгілген.
Қадырханның-Шығыста,