400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Орхон-Енисей ескерткіштері. Күлтегін жыры 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.1.«Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі

Мектеп: «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Лекерова Арайлым Мукаметовна

Сынып : 7 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


Сабақ мақсаттары

(Тақырыпқа байланысты сабақтың оқу, тілдік мақсаттары)

Барлық оқушылар орындай алады: Жырдан кейіпкерлерді айта алады. Жырдан кейіпкерлердің бейнесін ашатын үзінділер таба алады. Кейіпкелерге қатысты сұрақтар құрай алады. (білу, түсіну)

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жырдағы кейіпкерлерге мінездеме бере алады. Кейіпкерлердің образын салыстыра айта алады. Кейіпкерлер туралы тарихи деректер келтіре баяндай алады.

(қолдану, талдау)

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлер мінездеріне сараптама жасайды, жырдың мазмұнындағы айтылған ойды бүгінгі күнмен қарастырады, жырдан алған әсерін сипаттайды, хат, өлең жазады. (жинақтау, бағалау)

Бағалау критерийі

(Оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар)

  • Жырдың мазмұнын жетік меңгеріп, кейіпкерлердің көркем шығармадағы образын дұрыс анықтап, табады. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Жырдан алған әсерін сипаттайды, хат,өлең жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: «Күлтегін» жырындағы кейіпкерлердің көркем шығармадағы образдарын, типтерін анықтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: рунь, қаған, Әз, шад, бек, ұлан, чуб, соғды, табғаш, оңтұтақ, күн ортасында, түн ортасында, бәдізші

Диалог құруға/ шығарма, хат жазуға арналған пайдалы тіркестер: Түркі халқы, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, ерлік, қаза болу, қайғырдым

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Мәтіндегі Бумын, Істемі қағандардың мемлекет құру жолындағы еңбегін ашып көрсететін жыр жолдарын айтыңыз.

2.Неліктен Күлтегін батырдың аты тарихта ерекше аталады?

3.Бала Күлтегін қандай болды деп ойлайсыңдар? Пікірлеріңді білдіріңдер.

Жазылымға қатысты қажетті тіркестер:

1.Төл теңгемізде бейнеленген Күлтегін ескерткішінің және тасқа басылған жан-жануарлар бейнесінің мәні неде? Не себепті олай деп ойлайсыз? Өз ойымызды жазайық.

2.Мәтінде кездескен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар.

Құндылықтарға баулу

Жырды оқыта отырып, Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының

6-құндылығы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Тақырып бойынша алдыңғы білім









Қызығушылықты ояту.

С. «Пошта жәшігі» әдісі (5 мин)

арқылы оқушылар өткен сабақ материалдарын пысықтауға арналған сұрақтар әзірлейді. Мысалы:

-Орхон ескерткіштерінің сырын ашқан ғалымдар кім?

-Көне түркі әдеби ескерткіштері мұраларын атаңдар.

Мақсаты: Сұрақ қою және жауап беру дағдысын қалыптастыру, Алдыңғы білімді естеріне түсіру

Нәтижесі: Көркем шығармадағы кейіпкерлердің образын анықтайды

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.







С. Күлтегін туралы деректі фильм көрсету. (1 мин)

Ж. «Ассоциация» әдісі (3 мин)

Оқушылар Күлтегін туралы ассоциация құрайды.

«Күлтегін» сөзі

1.Күлтегін кім?

2.Не істеді?

3.Кімдермен соғысты?

4.Кім не үшін істеді?

5.Нәтижесінде не болды?

Сабақтың мақсаттарымен, критерийлерімен таныстырады.

Мақсаты: Күлтегін туралы осыған дейін жинақтаған білімдерін көрсету

Нәтижесі: Күлтегіннің образын анықтайды.

Топтастыру. (2 мин)

Сынып оқушылары стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Оқушылардың орындықтарында әр түрлі стикелер берілген, түстеріне қарай әркім өз тобына бөлінеді.

Мақсаты: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Нәтижесі: Бірлескен әрекеттестікке түседі.

https://www.youtube.

com/watch?v=qTji3D-ti6M

АКТ: интерактивті тақтадан Күлтегін жырынан

1 мин бейнежазба көрсету

А.С.Ақтанова, А.Қ.Жундибаева

Әдебиет оқулығы, Алматы «Атамұра» 2017, дәптер, стикерлер


Сабақтың ортасы

24 мин.























Тапсырма 1

Ж/ Т. «Қазына іздеу» жаттығуы (9 мин)

Жыр мазмұны бойынша әрбір топ кейіпкерлерді атап, кейіпкердің бейнесін айқындайтын түйінді сөздер немесе сөйлемдері бар үзінділерді тауып, кейіпкерлерге қатысты сұрақтар құрайды.

Кейіпкерлер: Күлтегін, Білге қаған, Істемі қаған

Түйінді сөздер мен сөйлемдер: Жетім қалған Күлтегін, Түркі халқы, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, ерлік, қаза болу, қайғырдым, Йоллығ тегін, Бумын қаған, Істемі қаған отырған

Сұрақтар: 1.Қандай себептермен ақын Күлтегіннің ерлігі туралы «Бастыны-еңкейтті, Тізеліні-бүктірді»дейді?

2. Күлтегін жырының маңызы қандай?

3.Мәтіндегі Бумын, Істемі қағандардың мемлекет құру жолындағы еңбегін ашып көрсететін жыр жолдарын айтыңыз.

4.Неліктен Күлтегін батырдың аты тарихта ерекше аталады?

5.Бала Күлтегін қандай болды деп ойлайсыңдар? Пікірлеріңді білдіріңдер

Жазылымға қатысты қажетті тіркестер:

1.Төл теңгемізде бейнеленген Күлтегін ескерткішінің және тасқа басылған жан-жануарлар бейнесінің мәні неде? Не себепті олай деп ойлайсыз? Өз ойымызды жазайық.

2.Мәтінде кездескен тәулдік жалғаулы сөздерді табыңдар.

Мақсаты: Кейіпкерлердің атын атап, түйінді сөздер мен сөйлемдерді айтып, кейіпкерлерге қатысты сұрақтар құрай білу

Нәтижесі: Кейіпкерлердің атын атап, түйінді сөздер мен сөйлемдерді айтып, кейіпкерлерге қатысты сұрақтар құрай алады.

ҚБ: Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысы

1



2



3



4



5



Тапсырма 2

ЖЖ. «Раунд-робин» әдісі. (8 мин) Оқушылар жырдағы кейіпкерлердің образдарын табады, мінездерін салыстырады. Кейіпкерлерге тән мінездерді ашып жазуларын қадағалайды. Мұғалім образды ашуда тарихпен байланыстырып, картаны қолдану.


Шығармадағы кейіпкерлер

Жырдан мінездемесін, образын, әс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздер

Кейіпкерлер туралы тарихи дерек

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

Күлтегін




Білге қаған




Елтеріс




Мақсаты: Жырдан кейіпкерлердің мінездемелерін тауып, кейіпкерлерді салыстырып, тарихи деректер келтіреді.

Нәтижесі: Жырдағы тірек сөздерді табады, мінездеме береді, образын ашады.

Бағалау критерийі: Кейіпкерлердің мінезін салыстыра отырып, көркем шығармадағы образын жасаудағы тірек сөздерді анықтайды.

ҚБ: Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысы

1



2



3



4



5



Тапсырма 3

Т. «FILA толтыру» (7 мин) әдісі шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағыттайды.

Оқушылар «FILA толтыру» әдісі бойынша кестені толтырады.

F/ Дерек/- шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау

I/Пікір/-кейіпкер туралы өзінің ой-пікірі

L/Сұрақ/-кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар

A/Іс-әрекет/- автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.(қандай тәсіл екенін жазу, мысалы, аллитерация, ассонанс, т.б)

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет









Мақсаты: Кейіпкердің образдық тұлғасын ашады

Нәтижесі: Кейіпкерлердің бейнесін ашатын деректер жинайды, тәсілін анықтайды.

Бағалау критерийі: Автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін анықтап, көрсетеді.

ҚБ: Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысы

1



2



3



4




Хат-қалта, А 4 парағындағы қима қағаздар, дәптер






































А4 парақ, карта





























А3 парағы, маркер

Сабақтың соңы

10 мин

Бекіту. (5 мин)

ҚБ: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

1-тапсырма. Бірінші бағанға өлеңдегі өзіне әсер еткен үзіндіні жазыңыз.

Екінші бағанға үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, хат немесе бір шумақ өлең жазады.


Бағалау. Үйге тапсырма (5 мин)

Сабақ барысында оқушыларды белсенділігі бойынша бағалайды. Топ басшысы бағалау парағын қайта бір тексереді, мұғалімге тапсырады.

Үйге тапсырма сараланып беріледі.

АКТ: интер.тақта Күйші Секен Тұрысбеков - Күлтегін күй .Doğru sözü Kül Tigin kitabesinda ara /KAZAKH DOMBYRA KUİ /


Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмаларды жүйелі түрде, сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, жырдағы кейіпкерлер бейнесін ашуға, образдарын жасаудағы тәсілдерге мән беруге бағытталады. Мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап беруге жағдай жасалды.Оқушылар бірін-бірі оқытады.Білім деңгейі төмен оқушыларға қабілеті жоғары оқушылар мен мұғалім тарапынан қолдау көрсетуді қарастырдым. Сараланған тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай беру жоспарланған. Тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша құрылды. Сабақтағы топтық, жұптық, жеке жұмыстар барлық оқушылардың оқу мүмкіндігін жүзеге асырады. Жоғары деңгей сұрақтары бойынша хат жазу әдісі барысында талантты, дарынды балалардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау «Бағалау парағы» әдісі арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асырылады.



Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Егер зейіндері шоғырланбаса, қажеттіліктеріне сәйкес ойсергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаутуралы ескеріледі.

Тарихымызға қатысты болғандықтан, Қазақстан тарихы пәнімен байланысады. АКТ-дан үзінді мен тапсырмалар ұсынылады.

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығын жетілдіруге бағытталады.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1: «Раунд-робин» кестесі

2: «FILA толтыру» әдісі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:Сыни тапсырмалар

2: бірлескен жұмыс

Сабақ барысында мен сынып емес жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. сөздік қорларын толықтыру.

2. сыни ойлауға машықтандыру



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1

Бөлім

Тақырып

Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Орхон ескеркіштері «Күлтегін» жыры


Оқу мақсаты

7. Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Ойлау дағдыларының

Деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Жырдың мазмұнын жетік меңгеріп, кейіпкерлердің көркем шығармадағы образын дұрыс анықтап, табады. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Жырдан алған әсерін сипаттайды, хат,өлең жазады.

Тапсырма

Тапсырма 1.

Бірінші бағанға өлеңдегі өзіне әсер еткен үзіндіні жазады.

Екінші бағанға үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, хат немесе бір шумақ өлең жазады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жырдың мазмұнын жетік меңгеріп, кейіпкерлердің көркем шығармадағы образын дұрыс анықтап, табады. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Жырдан алған әсерін сипаттайды, хат,өлең жазады.

Өзіне ұнаған тұсын жаза алады, үзіндіден алған әсерімен авторға хат немесе бір шумақ өлең жаза алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
46 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
5221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі