400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оригами-қағаз бүктеу өнері ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


"Қызылорда облысы,Қазалы ауданы ,Әйтеке би кенті , № 276 орта мектеп"

2019-2020 оқу жылы


Орындаушы: Бақытжан Ақниет Оңғарұлы, 4 "А" сынып оқушысы

Жетекшісі: Бақытжан Гүлзат Оңғарқызы, № 276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Жұмысты орындау мерзімі: 2019 жыл,ақпан-қыркүйек айы

Аннотация

Ғылыми жоба тақырыбы: Оригами-қағаз бүктеу өнері

Ғылыми жоба мақсаты:Оригами арқылы ми жүйесін жақсарту,оригамиді өмірде пайдалану

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оригами саусақ моторикасын дамытады,зейінді тұрақтандырады

Жұмыстың эксперименттік әдістемесі: Зерттеу барысында талдау әдісі қолданылады;Теориялық мәліметтер жинау;Оригами танымалдығы жөнінде сауалнама жүргізу

Зерттеу жаңалығы: Оригами орындату арқылы сал балаларды сауықтыруда зор үлесі бар

Практикалық мәнділігі: Оригами жасау оқушының елестету,қиялдау,шығармашылық қабілетін дамытады

Зерттеу жұмысының нәтижесі: Оригами көмегімен ертегі кейіпкерлерін,сыйлық қораптарын,гүл макеттерін жасау

Annotation

Theme of scientific project: Origami - art of paper folding

Purpose of the research project: Improving the brain system through origami, using the origami in life

Scientific Prognosis: Origami develops fingerprints, stabilizes the mind

Experimental Methods of the Work: In the course of the research, the analytical method is used, theoretical data collection, the survey of the popularity of origami

The novelty of the study: The Origami has a great role in helping children to cope

Practical significance: The development of origami develops imagination, imagination, creative abilities

Result of the research: Creation of fairy-tale heroes, gift boxes, flower-layouts using Origami


















Мазмұны:

Кіріспе.

1-тарау Ғылыми әдебиеттерге шолу

2-тарау.Оригамидің оқушылар өміріндегі алар орны

3-тарау.Қағаз туындыларының жауһарлары

және мен бағындырған белес

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер































Кіріспе 

 Дүние жүзін таң қалдыру әр­бір тұлғаның арманы екені сөзсіз. Небір металлдардан, ағаштардан, пластмассалар­дан жасалған бұйымдар көз­дің жауын алар жауһар туын­дылар. Солардың қатарында қағаздан жасалған бұйым­дардың орны ерекше. Тех­нология пәні ая­сында осы бір атаулы қағаздан жасалған қол­өнердің керемет туынды­ларын зерттеу ныса­ныма алуды міндет санадым.

Зерттеу жұмысымның не­гізгі мақсаты - қағаздан жа­салған сәндік көркем өнер бұйымдарын дамытуға ат салысу, оның түрлері мен олардың маңызына тоқталу, зерттеу. Және де қағаз туын­ды­ларының сан түрлі қырын ашу. Қағаз туындыларын өс­келең ұр­паққа мұра етіп қал­дыру. Ғылы­ми жұмыстың әдістемесі қағаз туындылары жайлы көп­теген деректерге сүйеніп жа­салған.

Зерттеу жұмысының ба­ры­сында қағаз туындылары­ның не­гізгі түрлері сипаттал­ды. Олардың жасалу жолда­ры - бүгу, кірістіру, иу секілді нұс­қаулары пайдала­нылды. Сон­дай-ақ негізгі ори­гами­дің жаңа түрлері ойдан құ­растырып жа­салды. Мәсе­лен, жануарлар, өсімдіктер, техни­ка­лық құрал­дар, халық­тық қол­өнер бұйым­дары, т.б.

Қағаз туындыларын жа­сау­ды меңгеру - жасөспірім­дерді агент, интернет секілді заман­ның дерт­терінен тез арылтуға әсерін ти­гізеді. Оны құрасты­рып жасау кез келген адамды қызықтыра­ды.

Негізінен, қағаз - өсімдік тал­шықтарын белгілі бір тә­сілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру ар­қылы жіңішке түрінде жасала­тын материал. (Италиянша bambagіa, яғни "мақта" деген ұғымды білдіреді) кейін осыдан барып "қағаз" сөзі өмірге келді.

Қағаз - біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді бі­реулер үшін қолөнерде тап­тырмас материал. Қытай­лық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңа­лық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алын­ған жаңқаны жұқалап, түрлі бей­нелер салуға пайдала­ныпты. Осы­лайша, қы­тай­лықтар жүн мен жі­бекті арзан және қолда бар мате­риалмен - өсімдік талшықтары, тұт аға­шының қабығы және бамбук сабақтарымен алмас­тырды. Мүл­де жаңа материал - "қа­ғаз" пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б.э.д. 105 жыл деп саналады.

Тарихқа көз жүгіртсек, ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қара­пайым қағазды қалай пайда­лану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жет­кілікті меңгерген. Қағаз, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені, қағаздың отаны саналатын Қытай - Азия ел­дерімен қатар алыста жатқан еуропалық­тар да қарапайым қағазды қол­өнерде таптырмас материал ретін­де кеңінен қол­данады.

VII ғасырдың басында буд­далық монах Дан Хо Жа­понияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жа­понияда жібек талшық­тарының пілләсінен алса, бертін келе қым­бат шикі­затты арзанымен алмас­ты­рып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберек­тен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздері­нің қа­ғаздарын шығарады, бұл са­пасы жағынан Қытай қа­ғазы­нан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.

Қағаздан сан түрлі дүние жа­сауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы мең­герген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орны­мен жұмсай білу - үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару - нағыз шеберліктің белгісі.

Көз қырын салып қара­сақ, қағаздан жасалған көз­дің жауын алатын көркем өнер туын­дыла­рына сан жет­пейді. Қол­өнердің оригами, киригами, квиллинг, скрап­букинг (ағыл­шын тілінде scrapbooking - "құрақ кітап"),  папье-маше (француз тілінде papier mаchі - шайналған қағаз),

аппликация (латын тілінде аpplica­tion - жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек, мұнда пайдаланылатын негізгі ма­териал - қарапайым қағаз.

Қағаздың қыр-сырын қа­нық білетіндердің қатары - қолөнер­дің квиллинг деген түрімен айналы­сатын­дар. Қағазды жіңішке әрі ұзынша етіп қиып, оны шиыр­шықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға кел­тіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді "квиллинг" деп атайды. Шиыр­шықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүние­лерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.

Біреулер шиыршық­талған қағаздан алуан түрлі бұйым­дар жасау орта ға­сырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған де­генді алға тар­тады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері - Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Деген­мен, бұл ай­тылғандарға қара­мастан, квиллингтің отаны не­гізінен Оңтүстік Корея сана­лады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылар­дың үлкен Ассоциациясы да жұ­мыс істейді.

Сондай-ақ, шиыршық­талған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фо­то­альбомдарды сәндеу кеңі­нен қолданады.

Дегенмен, қағаздан да қан­шама туындылар шыға­ты­нына нұсқау жасағаным­мен, өз жүре­гімнен орын алған ерекше қағаз туын­дысы оригами болып та­былады. 

Оригамидің шығу тарихы.

Жапонияда бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, дәстүрге айналған. 
Алғашқы жапон баспасынан шыққан кітап “Сенбадзуру ориката” (1797 жыл) болып табылады. Кітаптың атының аудармасы “мыңдаған тырналарды қалай бүктейміз» дегенді білдіреді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында оригами жапон шекарасынын шықты. Англия және Америкада оригами бір-бірімен кездесуге мүмкіндік жасады. Ресейде ең ғажап оригами орталығы Мәскеу мен Санк-Петербургте орналасқан.

Оригамидің жаңадан дүниеге келуіне 1945 жыл 6 тамызда болған Хиросима қаласындағы ядролық бомбаның жарылысымен байланысты. 
Сол кезде зардап шеккен балалар арасында, егер қағаздан 1000 тырна жасасақ ,аурудан жазылып тірі қаламыз деген аңыз бар. Сол балалардың арасында Садако Сасаки атты қыз бала бар болатын. Тырналарды жасау, ол жазылып кетудің соңғы үміт болатын. Бірақ Садако тек 644 тырна... ғана жасап үлгерді. 
Херосимада бомбадан зардап шеккендерді еске алатын Бейбітшілік паркі мен қаза болған балаларға монумент ашылды. 

Оригами техникасы бойынша жасалған алғашқы көрме 1931 жылы Токиода болған. Оған жапон шебері Мичио Учияманың қағаздан жасалған бұйымдары қойылған. Кейіндер осындай көрме Мексикада болды. 




















1-тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

Фребельдің оригамидің даму жолында қосқан үлесі.


Оригамиді алғашқы ұстаздық тәжірбиеде қолднғанда оны неміс гуманисті Фридриха Вильгельма Августа Фребеля (1792-1852) мен байланыстырады. Дәп сол кісі XIX ғасырдың басында балабақшалар мен мектептерді аша бастады.

Фребель идеясы әлі күнге дейін қызықты . Қазір оригами адамның дамуында маңызды рөл атқаратыны таң қалдырарлық жағдай емес. Оригами сол жақ мидың белсенділігімен қоса оң жақ мидың белсенділігін арттырады. Себебі біз оригамиді жасағанда екі қолымызды қолданамыз.

Роджер Бэконның қанатты сөздері

Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 - 1292) «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын

«... ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те - математика» деп жоғары бағалаған.
Математика құралдық ғылым ретінде басқа ғылымдардың негізі болып қалмастан, ғылыми зерттеуде маңызды рөл атқарады. Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.







































2-тарау.Оригамидің оқушылар өміріндегі алар орны


Оригами жасау өнері үлкенге де, кішіге де зор пайдасын тигізеді. Атап айтсақ, ол адамдардың ой-өрісінің дамуына, мидың оң жақ және сол жақ жартышарларының белсенді жұмыс жасауына оң ықпал етеді. Екіншіден, бұл жұмыс екі қолмен атқарылатындықтан, қимылдың тез әрі шапшаң болуына және бұлшық еттердің шымырлануына, моториканың дамуына үлкен септігін тигізеді. Өйткені, адамдардың тіл дамуы жіңішке қолдың дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, қолдағы ұсақ моторикалардың жақсы қызмет атқаруы аса маңызды. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің саусақтарының икемділігін арттырып, ал ол өз кезегінде көркем жазуға алып келеді. Бұл қолөнер түрі өнер иесін төзімділігік, шыдамдылық, еңбекқорлық қасиеттерге баулып, креативті ойлау қабілеттілігін арттыратыны шүбәсіз. Ал егер ересек адамдар хобби ретінде айналысатын болса, жұмыстан тыс уақытта эстетикалық ләззат алып, біраз сергіп алуына таптырмайтын мүмкіндік. Өз кезегінде психологтар да бұл өнерді жоғары бағалап, стресс пен уайым-қайғыны жеңу мақсатында қарапайым халыққа осы шығармашылықпен айналысуға кеңес береді.Бұл шығармашылықтың ыңғайлы жағы - оның қолжетімдігі, яғни көп қаржыны талап етпестен әрбәр тұлға фантазияларына орай алуан түрлі мүсін жасап шығара алады. Есту, көру және қимыл-қозғалыс рефлекстері бірдей уақытта жұмыс атқаратындықтан, адамның физикалық денсаулығы да күшейеді. Оригами өнері математикаға тұнып тұр деп айтсақ артық болмас. Кейбір мемлекеттер бұл өнер түрін мектепке міндетті пәндер қатарына қосқаны да белгілі. Мысалы, АҚШ-тың орта білім беретін мектептерінде осы өнерді математика және геометрия пәндерін оқыту кезінде креативті әдіс ретінде қолданған. Соңында бұл іс-шара жақсы нәтижелер беріп, оқушылардың осы пәндерге қызығушылықтары біршама артқандығы байқалған. Есептерді логикалық жолмен шешіп, геометрияға керек төртбұрыш, конус іспеттес фигурларды жақсы сыза алғаны да белгілі болды. Ал жоғары сынаптағы шәкірттерге атом мен молекулалардың орналасу реті мен көпірлердің құрылысын ұғынуға, жалпы алғанда физика және химия пәндерін терең түсінуге зор пайдасын тигізеді.

Медицинада: Профессор Кавасима Рюта Тохоку университетінде мидың физиологиясына зерттеу жасай отырып : Адам оригамиді жасаған кезде оның миындағы қан айналымы жақсарып, жақсы жұмыс жасауға көмектесетінін көрсеткен. Сол себепті көптеген елдерде жасы келген адамдардың клубында оригами үйірмелері ашылған. Олардың бірі Жапония еліндегі«Синия нэттоваку Сэндай» клубы. Ол жерге аптасына бір рет 60-80 жастағы адамдар келіп оригами жасауды меңгере бастайды екен.













3-тарау.Қағаз туындыларының жауһарлары және мен бағындырған белес

Оригами үйінің директоры Макото Ямагути: «Оригами авторлары қағаз парақтарына нақыш бере отырып, түрлі элементтермен дизайндық туындылар жасайды. Көптеген оригами шеберлері 20 мен 30 жас аралығындағы жастар. Олардың оригамиге берілгендігі соншалықты үйлерінен шықпай қоғаммен араласуды тоқтатқан», – деп әңгімелейді. Оригами өнерінің шебер майталмандарының бірі – 22 жасар Сатоси Камия. Шебердің қолымен үлкендігі 120 см болатын техникалық жағынан қиын саналатын таңғажайып айдаһардың келбеті жасалды. Ол оригамимен 17 жасынан бастап айналысып келеді. Оның жеке туындылары тізбегіне T-rex – солтүстік бұғы үлгісі, Бахамут – мифологиялық тіршілік иелері кіреді. Камия өзі: «Мен бұл айдаһарды жасауға қанша уақыт кетіргенім есімде жоқ, бірақ екінші рет жасамасым анық», – деп мұндай туындының жасап шығудың оңай еместігін айтады. Оның өнер туындары Сан-Диегода, Мингей мұражайында көрсетілімге қойылған. Оригами өнерінің шебері саналатын Макото Ямагути 1989 жылы Оригами Үйін ашты. Ол жерде оригами шеберлері бір шаңырақта бас қосып, көкейіндегі ой-пікірлерін талқылап форум ұйымдастырады. Пайда болған жаңа тәсілдерді саралайды. Соның арқасында архитектуралық қиын мүсіндер дүниеге келеді. 1999 жылы Ямагути мен басқа да оригамишілер Жапония Оригами Академиялық Одағын (JOAS) құрды. Одақтың алдына қойған мақсаттары: шетелдердегі оригами өнерімен айналысып жүрген адамдармен байланыс орнату. Жыл сайын «Одақ» әдеттегі халықаралық көрмелерін ұйымдастырады. Ең алғашқы оригами оқулықтары ретінде 1797 жылы Эдо кезінде (1603-1868) "Хидэн сэмбадзуру ориката" атты кітап шыққан. Кітапта классикалық үлгідегі тырналардың жүздеген диаграммалары мен суреттемелері бар. Қазіргі уақытта Токиодағы "Ниппон оригами" дейтін ассоциацияда 30 елден 10 мыңға жуық мүше бар. Олар: Белгия, Ұлыбритания, Колумбия, Египет, Кения, Ресей және АҚШ мемелекеттерінен. Мамандар ассоциациясында инженер, ғалым, математиктерден тұратын жасақ құрылды. Технологияны жақсарту мақсатында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, математикалық дәлдіктерді есептейді. Оригамидің техникалық үлгілерін дизайндық өнеркәсіпте кеңінен қолдануда.

Қағаздан бейне жасаушы

Қазалыда дарынымен, ерекше өнерімен дүйім жұртты өзіне елітіп алатын қасиетті жандар көптеп кездеседі. Соның бірі Ақниет Оңғарұлы десек артық айтқанымыз емес. Ол Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде небәрі үшінші сыныпта оқиды. Дегенмен «болар бала жасынан» деп бекер айтылмаса керек. Зерек шәкірт келешекте ғалым болуға ниеті бар екенін жеткізді.


Анасының айтуы бойынша, Ақниет сәби кезден шығармашылыққа жақындығын байқатып, екі жасынан сурет салуға құмар болған. Кейін үлкейе келе тартымды бейнелер сала бастапты. Сабақ үлгерімі өте жақсы, үздіктер қатарында екен. Соңғы уақыттары оригами құрастыруды сүйікті хоббиіне айналдырған. Жапонша оның мағынасы “бүктелген қағаз” дегенді білдіреді-мыс. Ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Ешқандай көмекші құралдарсыз бір қағазды неше түрлі пішінде жинауды Ақниет тұңғыш рет алты жасында ағасы Беріктен үйренген болатын. Одан соң әкесі де қағаздан жасалған бейнелер арқылы ертегі айтып, оның қызығушылығын арттыра түскен. Алғашында дарынды бала жұмбақ жасырылған бүктемелі кітапша дайындауға ден қойса, кейіннен ғаламтор арқылы қилы дүниелер жасап шығаруды әдетке айналдырған. Бүгінде өз ойынан құрастырылған мультфильмдегі кейіпкерлер бөлмесінде жинаулы тұр. Оның қатарында «Ну, погоди!» мультфильміндегі қасқыр мен қоян, Том мен Джери, Спайк, тағы басқа да шығармашылық бейнелеріне бала қиялымен жан бітірген.


«Әрбір ата-ана баланың ой-қиялы, шығармашылық белсенділігі және эстетикалық талғамының артуы үшін жан-жақты жағдай жасау керек. Бұл тұжырымды жұбайым Оңғар Бақытжанұлымен отбасында мықтап ұстануға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Балаларды жастайынан еңбекке баулуға тырысамыз. Ол үшін ең әуелі өзіміз үлгі болып, үй шаруасына бірге араласамыз. Негізгі мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Сондықтан жұмысымда да, үйде де балалардың еркіндігін шектемеймін. Қайта олардың ашылып, қабілеттерінің дамуына демеу беремін» – дейді анасы Лəззат.


Ақжарқын мінезді Ақниет бір-жар сағаттың ішінде бойында бірнеше өнердің тұнып тұрғанын көрсетті. Көз ілеспес шапшаң қимылдайтын сүйріктей саусақтарымен А4 форматындағы түрлі-түсті қағаздан көңілің қалаған құс-жануарды құрастырып үлгереді. Барлық дайындаған туындыларын жеке-жеке таныстырып шықты. Өлең де шығаратын көрінеді. Тәтесіне, әншілерге арнаған өлең шумақтарын нақышына келтіріп оқып берді. Ән айтып, домбыра тартуға да қызығушылығы бар екенін жасырмады. Бар-жоғы он минуттың ішінде суретімді де салды. Ғалым болумен қатар, сурет салу, сәулетшілік, зергерлік өнердің қыр-сырына қаныққысы келеді екен. Анасының сабақ жүргізу кестесіне орай көрнекілік бейнелер жасап қолғабыс береді. Өзіне арналған бөлмені шеберхана ретінде тұтынатынын жеткізді. Сабағына дайындалып болған соң тапжылмай түрлі-түсті қағаздардан ойындағы сүйікті бейнелерін жасап алып-ұшқан көңілін басады. Кейбірін ғаламтордан қарап дайындаса, енді бірін өз үлгісі бойынша жасайды. Мектепішілік қоғамдық жұмыстар мен жарыстарға белсене қатысады. М.Әлімбаевқа арнаған жыр кешінде мәнерлеп оқудан бірінші орын алған. Көрмеге қатысып, қолдан жасаған оригами бейнелерін көпшілік назарына ұсынады. Сыныптастарының арасында көшбасшылық қасиетке ие. Кішкентай Ақниеттің өнерінің барынша дамуына ата-анасы, ағасы мен тәтесі жан-жақты қолдау көрсетеді. Оның өзін еркін ұстауына, қысылмай ойын ашық жеткізу қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА






























Қорытынды

Менің оригами өнеріне қызығушылығымның туындауы отбасымның жемісті еңбегі деп білемін. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек. Мен зерттеу барысында сауалнама жүргізіп, әр түрлі оригами жасадым. Оригамиді ыдыс ретінде және декаративті зат ретінде үйге қоюға болады. Бұл жобаны әрі қарай дамытып, болашақта мектепте геометрия мен матемтика пәндерін игеруге көмектеседі деп ойлаймын. Бұл іспен шұғылданғанда біріншіден, адамның миы оң жақ, және сол жағы бірдей жұмыс жасайды.Жоғарыда медицина қызметкерлері дәлелдегендей. Қазіргі кезде көп бала компьютер, смартфондармен жұмыс істеп немесе ойын ойнап отырады. Ал оригамимен жұмыс жасағанда шыдамдылыққа, әсемдікке, дәлдікке, математиканың өмірмен тығыз байланысты екендігіне көзің толықтай жетеді.Геометрия мен математиканың оригамимен байланысты екендігін іс жүзінде көресің. Таза ауаға серуенге шыққанда ыдыс ұмытып кетсең, қағаздан ыдыс-аяқ, іні-бауырлардын , тіптен ата-анаңның туған күндері, мерейлі мерекелерінде оригамиден жасалған табиғи таза сыйлыққа не жетсін? Кішкене сіңілдеріңе үй жихаздарын жасап сыйлап қоймай, оларды осы өнерге тартсаң, қала баласының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көмегің тиеді. Сыныптастарымның ішінде осы өнерге қызығушылар да болды. Менің жасаған оригамилерім:











Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Афонькин С.Ю., Афонькина Е.Ю. Рождественское оригами. М, «Аким», 1994

  2. Афонькин С.Ю. Уроки оригами в школе и дома. Экспериментальный учебник для начальной школы. М, «Аким», 1995

  3. Коротеев И.А. Оригами для малышей. М, «Просвещение», 1996

  4. Тарабарина Т.И. Оригами и развитие ребенка. Ярославль, «Академия развития», 1996

  5. Пудова В.П., Лежнева Л.В. Легенды о цветах. Приложение к журналу «Оригами», М, «Аким», 1998

  6. Долженко Г.И. 100 оригами. Ярославль, «Академия развития», 1999

  7. Соколова С.В. Театр оригами. Игрушки из бумаги. М: «Эксмо», С-Пб: «Валери СПД», 2003

  8. https://qazaly.kz/kogam/7226-aazdan-beyne-zhasaushy.html

  9. Массагет сайты














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 қазан
3075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі