Материалдар / "Өркениетті елдердің дамуындағы демократиялық үдерістер" дүниежүзі тарихы пәнінен көмекші құрал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Өркениетті елдердің дамуындағы демократиялық үдерістер" дүниежүзі тарихы пәнінен көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі тарихы пәнінен көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
1044
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ«Семей» Медициналық колледж» мекемесі.

















Өркениеттің елдердің дамуындағы демократиялық үдерістер.(Дүниежүзі тарихы пәнінен көмекші құрал)



















Тарих пәнінің мұғалімі:Батишев Ж.А.











Семей қаласы.

МАЗМҰНЫ





Кіріспе..............................................................................................................3бет.Мәдениеттің дамуындағы қайшылықты үрдістер.......................................4бет.Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері.......................................................4-6бет.Жаратылыстанудағы революция мен оның ықпалының ғылымдарға, технология мен саясатқа ықпалы................................................................6-7бет.ХХ ғасырдың екінші жартысы — бұл Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі.. ............................................................................................7-10бет.Бұқаралық мәдениет — ХХ ғасырдың бұқаралық өндіріс пенбұқаралық тұтынушылыққа байланысты туындаған сипатты құбылыс......................................................................................... .10-11бет.Қазақстан Шығыстық мемлекет....................................................................11-21бет.Пайдаланған әбедиеттер.................................................................................22бет.















Кіріспе ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы дүние жүзі тарихы қазіргі заманмен тығыз байланысты әрі сипаты мен мән-мағынасы жағынан алуан түрлі оқиғалары толы болады.Дүние жүзі бір-біріне қарсы тұрған қоғамдық-саяси екі жүйеге бөлініп, «қырғи қабақ соғысы» орналды.Азия мен Африка елдері ұлт-азаттық қозғалыстар өрши түсті,сондай-ақ жана тәуелсіз мемлекеттер құрылып,әлемде ғылыми техникалық революция жүріп жатты. Адам баласы ашық ғарышқы шықты, КСРО құлады. Шығыс Еуропа елдерінде және Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі уақытта социалистік жүйе ыдырады, қос полярлы жүйе күйреп, халықаралық қатынастардың жаңа құрылымы қалыптасты, қазіргі заманның жаһанды мәселелері туындады және оларды шешу жолдарының іздестірілуі, міне, бұлар осы тарихи дәуірдің негізгі оқиғаларының тіпті де толық емес тізімі қатарында болады.Елдер мен халықтардың негізгі ұмтылыстары әлеуметтік- экономикалық саяси және мәдени салалардағы өз мұдделерін қамтамасыз етумен байланысты болды. ХХ ғасыр әлемдегі қоғамдағық санағы орасан зор ықпал етіп, адамдардың дүниетаным- түйсігін елеулі түрде өзгертті.Көмекші құралында дүние жүзін ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ бас кезіндегі дамуының негізгі үрдістерін ашып көрсетужәне дүние жүзілік қауымдастық өмірінің алуан түрлі жақтары, оның ішінде: экономикалық және әлеуметтік дамуы, билік иелерінің ішкі және сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар, ұлт-азаттық күресі және мәдениеттің дамуы кеңінен сөз етілген.









3



ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРМәдениеттің дамуындағы қайшылықты үрдістер. Қазіргі заманғы тарихи дамудың барысы дүниенің мәдени және өркениетті қайта жаңаруына тікелей әсер етті. ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжылдыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды. Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды дамуы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы, дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылымның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады. Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге жаңа көзқарас қалыптасты. ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт болды, ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Бір жағынан, заманауи қоғамның негізінде адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жоғары мұраттары, теңдік, бостандық демократия идеялары жатса, екінші жағынан, стандартталу мен бірегейлену үдерісі, материалдық тұрмыс дәрежесінің өсуі бұл құндылықтар бағасын арзандатып, рухани тоқырауға апарып соқтырады. Ғылыми- техникалық прогреспен туындаған технократиялық саралау гуманитарлық саладан жоғары тұр, қоғамдық са- надан гуманизм идеялары сырт қалуда. Мәдениет, ғылым, әдебиет пен өнер рөлінің артуын мақсат тұтқан қоғам үшін аталған факторлардың болуы, әлбетте, алаңдаушылық туғызады. Өткен ғасырда аймақтық мәдениеттер қалыптасты: мәдениет дәстүрлі ұлттық үлгілер шеңберінен шығып кетті. Кірігу мен жаһанданудың әсерімен ол іс жүзінде барлық халықтар мен этностардың рухани құндылықтарын айрықша жинақтай отырып, интернационалдық мәдениетке айналды. Мәдениеттің даму үдерісі әдеттен тыс сан алуан, соған сәйкес мәдени бағыттар да түрлене түсті. Сондықтан да мәдениеттің дамуына, оның бағыттарына бір жақты баға беру қиын. Оның үстіне жаһандану үдерісінің күшеюі ХХ ғасырдың феномені — бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері. Мәдени дамудың саяси үдерістер мен ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Iс жүзінде өткен ғасырдың әрбір онжылдығына тән ерекшеліктер жинақтала келіп, мәдениеттің әртүрлі формаларындағы орнықты үрдістермен көрінді. Мәдениетте, жүйедегі сияқты, бәрі бірімен бірі байланысты және бірін-бірі айқындайды. 4



Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы) әдебиетте авангардизмнің, ұлттық реализм мен натурализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюр- реализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен интернационалдық стильдің, эксперименттік театрдың, кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен фашизм) пайда болды. Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл кезеңде ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жаңалық қосып отырды. 60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық- зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары “алпысшылдардың” өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшылардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті. 70—80-жылдар — бұл ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлену мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді. 90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді.Мәдениет дағдарысқа қарсылық көрсетуге тырысты: бұл кескіндемедегі сюрреализмнің шарықтау шегі, мүсін өнеріндегі кинетикалық өнер, сәулет

5

өнеріндегі “интернационалдық” және “хайтек” стильдері, әдебиеттегі экзистенциализм. Бұл жылдары өнерде постмодернизм дүниеге келді. Сонымен бірге ұлттық және діни мәдениеттерді сақтау үшін күрес туының астында экстремизм мен лаңкестіктің көрініс беруі де болып өтті. Жаратылыстанудағы революция мен оның ықпалының ғылымдарға, технология мен саясатқа ықпалы. Жаратылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол— физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің (электронның, протонның, позитронның, нейтронның) бар екендігі, атомның бөлінбейтіндігі туралы түсінікті жоққа шығарды. Классикалық техника заңдарын абсолюттенді- руге күмән келтірілді: массаның өзгермейтіндігі туралы заңның терістігі дәлелденіп, ықтималдылық теориясы жасалды. Жетекші физиктер макродүние мен микродүние даму заңдарының сапалық тепе-теңдігі туралы пікірлерді жойды. Француз физиктері Пьер Кюри мен Мария Складовская-радиоактивтілік туралы ілімді жасады, пьезоэлектрлікті ашып, зерттеді. Альберт Эйнштейн ықтималдылық теориясын қалыптастырды (1905 ж.), Макс Планк кванттар мен кванттық сәулеленуді ашты (1908 ж.), Э.Резерфордтың атомның үлгісі (1911 ж.) негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық теориясын жасады (1913 ж.), Ферми-Дирактың кванттық статистикасы (1925 ж.) пайда болды. Осы және басқа да ашылулар дүниенің механикалық бейнесі тұжырымдамасын айтарлықтай өзгертті. Ферми ядролық және нейтрондық физиканы жасау- шылардың бірі болды, ол бірінші ядролық реактор салып, онда тізбекті ядролық реакцияны (1942 ж.) бірінші болып жүзеге асырды. Нейтронды ашу атом құрылысының құпияларын ашуға әкелді және әлем атом қуатын игеруді бастады, атомдық бомба жасауға кірісті. Атомдық бомбаны АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында бірінші болып сынап, оны Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады, соғыстан кейін Кеңестер Одағы Қазақстан жерінде сынақ өткізді. Жаратылыстанудағы революция ғалымдардың ой-пікіріне де өзгеріс енгізді, жаңа ғылыми теориялар мен жаңа ғылымдар — генетиканың, микробиологияның, биохимияның, биофизиканың, геохимияның және т.б. пайда болуына жағдай жасады. Химия ғылымдарының жасанды материалдар жасау саласындағы табыстарының зор маңызы болды, дәрумендер, гормондар және т.б. ашылды. Биологияның әсіресе генетика саласындағы жетістіктері де ғасыр жаңалығына пара-пар саналды. Бұрын емі жоқ деген көптеген ауруларды емдеу мүмкіндігі пайда болды. 20-жылдар медицинадағы, пси- хиатриядағы, әлеуметтік психологиядағы (З.Фрейд)6

табыстармен атап өтілді. Жер жөніндегі ғылымдарда (геология, геофизика), мұхиттануда, метеорология мен басқа да жаратылыстану ғылымдарында елеулі табыстарға қол жеткізілді. XIX ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды. Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында (1914 ж.) енгізілді. Бұрынғы ашылулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фонограф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автокөліктер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20—30-жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автокөліктерді, автобустарды көруге болатын. Азамат- тық авиация тұрақты және көп ұзамай — халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен журналдардың таралымы едәуір артты. 200 Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми- техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты идеялық ағымдар — либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм — өзінің түпкілікті ресімделуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты. Әлеуметтік либерализм идеялары: жекебастың бостандығы, адам құқықтары, халықтық егемендік, жеке-даралық қағидаты, парламенттік демократия, құқықтық мемлекет көпшілік арасында кең танымал болды. Т. Гриннің, Ф. Науманның, В. Репкенің, В. Ойкеннің, Б. Кроченің, Л. Уордтың, Дж. Кроулидің, Ч. Бирдтің және басқаларының идеялары әлеуметтік реформизмнің әлеуметтік революцияға жол бермеу туралы идеяларымен сәйкес келді. К. Каутский мен Р. Гильфердингтің ұйымдасқан капитализм деп аталатын теориясы буржуазиялық қоғамды реформалаудың, оны әлеуметтік және қақтығыссыз етудің мүмкін болатын жолдарын ұсынды. ХХ ғасырдың екінші жартысы — бұл Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі. Оның ма- териалдық мәдениетін сипаттайтын ерекшеліктерінің қатарында кез келген жерде ақпараттық технологияны пайдалануға мүмкіндік берген — ғылыми жетістіктері бар. Ашылған жаңалықтарының ішінде — қуаттың ба- ламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасанды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты 7

компьютерлендіру бар. Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қоз- ғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру бастал- ды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді. Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым — кибернетика пайда болды (Р. Винер), ал 1976 жылы ми- ни-процессор жасалды. Бүкіләлемдік желі — интернеттің жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтық- тарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға 201 мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен “адамсыз өндіріс” жасалды. Рухани мәдениеттің дамуы философияда үстемдік ететін әртүрлі бағыттар мен ағымдардың ықпалына түсті. Философия өз кезегінде ғасырдың бас кезіндегі ғылыми революция нәтижесінде қалыптасқан дүниетанымдық негіздерін қайта қарастырды. Жаңа позитивизмнің өкіл- дері (Карнап, Рассел, Витгенштейн) жаратылыстанудағы жаңа ашылулардың күшті ықпалына ұшырады. Олар үшін өздері “шынайы ойлаудеп есептеген математикалық логикаға, сондай-ақ нәтижелерін қашанда болсын тексеру- ге болатын (сендіру қағидаты) “тәжірибелік ғылымдарға” деген ерекше қызығушылық тән. Білім беруде тілдік формаларға, таңбалық-нышандық құралдарға талдау жасауға үлкен рөл берілді. АҚШ-тағы 20—40-жылдардағы рухани өмірге Дж. Дьюидің биологиялық-бихевиористік философиясы неғұрлым күшті ықпал етті. Дьюи көңіл аударған нәрсе, бұл адам мен оның іс-тәжірибелік проблемалары болды. Адамның іс-әрекеті (ағылш. behavіor — мінез-құлық) — бұл сыртқы орта әсеріне қайтарылған жауап пен жағдайға бейімделушілігінің жиынтығы. Экзистенциализм алдыңғы қатарға адам болмысының абсолюттік бірегейлігін қойды және жаңа позитивизм- нен бір ерекшелігі оны ұғымдар тілінде білдіруге жол бермеді (С. Кьеркегор). ХХ ғасырдың бүкіл өн бойында экзистенциализм мәдениетте, өнерде, әдебиетте үстем- дік етті. Шырғалаң, дағдарыстық, қоғамдық жағдай- лар проблемасын құрылыстың өзінен , адамның “адасушылықтарынан” іздестіру қажет (М. Хайдег- гер), себебі адам “қайғылы” жаратылыс деп есептелді. (Ж.-П. Сартр). ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шын- дыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағым- дарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір анықтамаға — модернизмге келіп сыяды. Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзуімен сипатталады. 8



Модерн (жаңа, заманауи) — ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы. Дәстүрлерге қарсы бүлік шығарған декаденс өнерінің барлық формалары мен барлық ағымдары модернистік деген атақ алды. Модернизммен әуес- тену кейіннен реализмнің аса көрнекті шебер
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!