Сабақтың
тақырыбы: Оркестр құрамындағы
аспаптар.
Сабақтың
мақсаты: Оркестр аспаптарымен
танысу.
Білімділік: жаңа
музыкалық аспаптармен
танысу.
Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың музыкаға деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер,
үнтаспа
Сабақтың
барысы:
Үйге берген тапсырманы
сұрау.
Жаңа
сабақ. Оркестр құрамандағы
аспаптар.
Сырнай аспабы қазақ даласына
19 ғасырда татарлар келіп, танымал болып кеткен. . Қазақтың Майра,
Нартай, Шашуғабай сынды атақты ақындары өз ән – жырларын сырнай
аспабының сүйемелдеуімен орындаған. Қазақтың дауылпаз аспабының
орнына Европадан литавра, барабан және треугольник аспаптары
енгізілді.
Домбыра
тобы: Домбыра – прима, домбыра –
альт, домбыра - бас, домбыра – контрабас.

Домбыра -
прима домбыра - альт домбыра –
контрабас
Қобыз
тобы:қобыз-прима,қобыз-альт,қобыз-бас,қылқобыз,қобыз
контрабас

Қобыз-прима Қыл – қобыз Қобыз
– бас Қобыз – контрабас
Оркестр құрамын үрмелі және
ұрмалы аспаптарсыз елестеру мүмкін емес. Қазақ
халқында
үрмелі сыбызғы аспабы
сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о
бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды. Оның есесіне оркестр
құрамына Еуропаның флейта және гобой сынды үрмелі аспаптары
енді.Өйткені бұл аспаптардың үні сыбызғымен пара – пар
келеді.
Үрмелі аспаптар: флейта,
гобой.

Флейта
Гобой
Ал қазақтың ең көне ұрмалы
аспатарының бірі - дауылпаз. Дауылпазды оркестрде орын дауға
лайықтап көлемін үлкейтті. Сөйтіп үлкейтілген дауылпаз өзінің зор
дыбысымен ор- кестрде орындауға мүмкіндік алды. Еуропаның литавра
аспабымен орын ауыстырды.
Ұрмалы аспаптар
тобына: литавра , барабан және
треугольник сынды аспаптар енгізілді. Сөйтіп, оркестр құрамына жаңа
ұрмалы аспаптар пайда болды.

Литавра Барабан
Треугольник
Музыка
тыңдайық.
Түркештің күйі «Көңілашар»
оркестрдің орындауында.
Ән
үйрену.
«Келді, міне, жаңа жыл!»
әні
Қорытындылау.
Оркестр құрамында қандай
үрмелі аспаптар бар?
Оркестр қандай аспаптармен
толықты?
Оркестр құрамына қандай ұрмалы
аспаптар енлі?
Аспаптар құрамында қандай
аспаптар тобы бар?
Қазақтың қандай ақындары
жырларын сырнай аспабының сүйемелдеуімен
орындаған?
Үйге
тапсырма.
Оркестр құрамандағы аспаптарды
оқып, танысып суреттерін салып келу.