Сабақтың
тақырыбы: Оркестрмен тілдескен
дирижер
Сабақтың
мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге
қажетті білім дағды деңгейін анықтау. Музыканың сипатын ажырату,
мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру, ән легінің бағытын
айыру.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік: дирижерлік өнержайлы
мағлұмат беру
Дамытушылық: оқушылардың музыка
сабағына деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: осы тақырып арқылы
балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету
Сабақтың
түрі: Жаңа білімді
меңгеру
Сабақтың
ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс,
пікірталас
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар, белсенді
тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян,
фортепиано
Музыкалық материалдар:
Музыка
тыңдау: «Жан досым»
әні
Жаңа ән
үйрену: Сейдолла Бәйтерековтің
«Жан досым» әні
Сабақ
барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу (әндете), оқушыларды
түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру
Үй
тапсырмасын сұрау
1. «Қазақстан камератасы»
ансамблі қашан құрылды?
2. Камера сөзі нені
білдіреді?
3.Жаңа
сабақ. Бүкіл әлемде дирижерге аса
құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа жеткізетін – дирижер.
Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып, оған дирижерлік еткен әйгілі
композитор, ел мақтанышы Ахмет Жұбанов болды. А.Жұбанов шеберлермен
кеңесе отырып, халық аспаптарын оркестрге лайықтап қайта өңдеп
шығарды. Ол көптеген халық композиторларының әндері мен күйлерін
оркестрге түсіріп, кеңінен танымал етті. Композитор әрі дирижер
Ахмет Жұбанов өз жанынан да көптеген шығармалар жазды.
Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі
болатын. Ол ел ішіндегі халық орындаушыларының басын қосып, оркестр
ұйымдастырады. Нота сауатын білмейтін халық орындаушыларымен жұмыс
жасау оңайға түспейді. Елден келген орындаушылардың тілін тауып,
қысқа мерзімде, яғни 2-3 жылдың аралығында оркестр жасап шығарады.
Жаңа оркестр Ахмет Жұбановтың дирижерлік етуімен 1936 жылы Мәскеуде
өткен онкүндікте үлкен қошеметке ие болады. Осы оркестр арқылы
классикалық музыка мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Сөйтіп қазақ
елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш дирижері
Ахмет Жұбанов болды.
Ахмет Жұбановтың жолын қуған
ұрпағы – Алан Бөрібаев. Ол бүгінгі таңда әлеме танылған жас
дирижерлердің бірі. Алан Бөрібаев Швеция, Голандия, Ирландияның
симфониялық оркестріне бас дирижерлік қызметке
шақырылды.
Жас дирижер Алан Бөрібаев Еуропа
елдеріне қазақ халқының өнері мен мәдениетін дәрістеп жеткізді.
Ахмет Жұбановтың «Тәжік билері» Латив Хамиди мен Ахмет Жұбановтың
бірігіп жазған «Абай» операсынан «симфониялық сиюта» жасап оны
оркестрге өңдеп түсірді. Швецияда Алан Бөрібаевтың дирижерлік еткен
оркестрімен бірге ағылшынның талантты пионисті Фредди Кемпф Ғазиза
Жұбанованың «фортепианолық концертін» орындады.Алан Бөрібаев қазақ
музыка мәдениетіне өз үлесін қосуда.
Музыка
тыңдау:Ақын Тұманбай
Молдағалиевтің сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтің «Жан досым»
ән
Жаңа ән
үйрену:
Ақын Тұманбай Молдағалиевтің
сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтің «Жан досым» әні
Жан
досым
Іздегенде табылатын
қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай
ашылған.
Көріспесек сағыныштан
жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі
досыңнан.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын
мерейің,
Әрқашан жеңісіңді
көрейін.
Сырымыз да бітпесін,
Жырымызда бітпесін.
Қос бұтағы секілденіп
ағаштың,
Қатар тұрып, гүлімізді сан
аштық.
Жол тапсақ, біз бірге жүріп, жол
таптық,
Адассақ та, бірге жүріп
адастық.
Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк
салып,
Бәрімізді қияларға
жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде
біз,
Қатар жанған екі шамға
ұқсадық.
Қайырмасы.
Сабақты
қорыту:
1. Қазақстанның тұңғыш дирижері
кім?
2. Ахмет Жұбановтың жолын қуған
кім?
Үйге
тапсырма: «Оркестрмен тілдескен
дирижер» тақырыбын оқу
Бағалау:Сабаққа ынтамен қосылып
отырған балаларды бағалау