400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ӨРЛЕУМЕН» ӨРКЕНДЕП КЕЛЕМІЗ!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаратылыстану- математикалық пәндерін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнын еңдірудегі мұғалімнің көшбасшылық рөлі» тақырыбында ZOOM online mobile онлайн режимінде семинар болып өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ӨРЛЕУМЕН» ӨРКЕНДЕП КЕЛЕМІЗ!


УСИПБАЕВА ЕРКЕЖАН НУРЖАНОВНА
Шымкент қ, «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицейдің
география пәні мұғалімі


Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасақталып, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас қалыптасып келеді. Осыған орай заманауи білім беру кеңістігіндегі педагог кәсібінің жоғары мәртебесі мен құзыреттілігін қамтамасыз етуде өзекті мәселелерді талқылау мақсатымен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану- математикалық пәндерін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнын еңдірудегі мұғалімнің көшбасшылық рөлі» тақырыбында ZOOM online mobile онлайн режимінде семинар болып өтті.

Қашықтықтан ұйымдастырылған семинарға Шымкент қаласы және облысымыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, информатика, биология, география және химия) пәндерінің көптеген мұғалімі қатысып, жаңартылған білім беру мазмұнын еңдіру барысында жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда мұғалімнің көшбасшылық рөлі туралы қарастырып, мазмұны жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыруда білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетілді.

Семинарға қатысушылар заманауи білім беру кеңістігіндегі педагог кәсібінің жоғары мәртебесі мен құзыреттілігін айқындай отырып, оны шешудегі өзекті мәселелерді талқылады және әртүрлі маңызды тақырыптарда баяндамалар оқып, пікір алмасты.

Онлайн режимінде өткен семинарда қатысушылар қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жай-күйін қатаң сынға алып, мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашуға тырысты, педагог мәртебесін көтерудегі басты бағыттарды анықтады. Сонымен қатар, мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықтың маңызы жайлы атап өтті және білім беру саласының барлық бағыттарына жаңаша көзқараспен қарап, əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасап, яғни жаңашыл болу қажеттілігіне база назар аударды. Осыған орай «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру да мұғалімнің қолында екендігі айтылды.

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар тарапынан мектепішілік және желілік кəсіби қауымдастық құру туралы ұсыныстар айтылып, әдістемелік іс-шара дер кезінде мазмұнды әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетті, қазіргі қиын кезеңдерде әдістемелік қолдау көрсеткен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы ПҚБАИ ұжымына өз алғыстарын білдірді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі