15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Орман ағаштары
Күні:
Жасы:
Сабақтың тақырыбы: Орманда тіршілік ететін ағаштардың алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылық: Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту;
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, қосымша кітаптар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІI. Қызығушылықты ояту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Самырсын (лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.
Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да бірүйлі өсімдікке жатады. Бұл – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.
Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан «Қызыл кітабына» тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.
ІV. «Сен білесің бе?» (қызықты мәлімет)
- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м өседі екен.
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.
№ |
Қылқанжапырақты өсімдіктер |
Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы |
1 |
Қарағай
|
|
2 |
Самырсын
|
|
3 |
Арша
|
|
4 |
Балқарағай
|
|
5 |
Шырша
|
|
Биіктігі 5-10м, біршама жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш?
Қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш?
Жылу сүйгіш, шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды?
Мәңгі жасыл, бір үйлі, қылқан жапырақты өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шарда өсетін 10 – 11 туысы, 250-дей түрі бар?
Тамырдың қызметін ризоидтар атқарады, грекше риза қандай мағынаны білдіреді?
Ашық тұқымды өсімдіктер не арқылы көбейеді?
Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі, қандай тұқымдылар?
Сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік?
Жер бетінің барлық жерінде кездеседі?
Ағаш сабағы қалай аталады?
Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қалай атайды?
Жауаптары: Зеравшан, шырша, самырсын, қарағай, тамыр, тұқым, жабық, шымтезек, мүктер, дің, қырықбуын.
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Т |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Д |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||
. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы бау-бақша, жемшөптік дақылдарды түсіндіру.
Бау-бақша шаруашылығы |
Қазақстанның барлық аимағында өсіріледі. |
Жүзім шаруашылығы |
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кең тараған. |
Жемшөптік дақылдар |
Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету үшін өсіріледі. |
V. Эссе
Бау-бақша, жүзім, арпа, бидай, Отырар, Арыс, Жетісу сөздеріне сөйлем құра.
VІ. Проблемалық сұрақтар
Өсімдік шаруашылығын дамытпаса не болады?
VІІ. Сабақты қорытындылау
«Не түсіндім, не білдім?» ойыны. (сұрақ – жауап)
VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген