400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Орман ағаштары" оқу қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардын қиялын, сөздік қорын, тілін дамытытын оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы











«ОРМАНДАҒЫ АҒАШТАР»








Тәрбиеші: Берденова Л.Б.













Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру.

Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыздар ма?

Бір-біріңнің артынан тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жай тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады..... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды,. Олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалды.



















«Керісіншілер елі» тренинг


балалар үшін
























Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас, гүл-лүг) Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
































Психогимнастика

«Аспанға қалай жетуге болады ?




















Достар , не істеуге болады, (иығымызды түзетіп, қолымызды жазамыз)

Аспанға жету үшін? ( қолымызды көлегейлеп, жоғары қараймыз)

Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз)

Дәмді тамақты жейміз (тамақ ішуді бейнелейміз)

Жасыл орманға барып ( тұрып адымдаймыз)

Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары

көтереміз)

Бұтақтары арқылы ақ бұлттарға барамыз (қолымызбен жоғары шығып бара жатқандай бейнелейміз)

Бізге ешкім жете алмас! ( қолымызды екі жаққа созамыз)

Күнді ұстап аламыз (қолымызбен күннің формасын ұстап аламыз)

Енді міне – кері жол.( қолымыздағы сағатқа қараймыз)

Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз. (алақанымызбен бұлғаймыз)

Үйге қарай ұшамыз (ұшып бара жатқанды бейнелеп, орнымызға отырамыз)















«Гүл» тренингі

балалар үшін
























Мақсаты: Қиялды дамыту, денедегі қысымды түсіру.

Нұсқау: Балалар жүрелеп , тізелерін құшақтап отырады. Олар дәндер, жақында әдемі гүлдерге айналады.

Жетекші ойынға қатысушыларға қарап «Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты. Дәндер тамырланды Олар өсті бой көтерді, бұратылып күнге мойын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады».

Балалар жетекшіні тыңдап, нақты қимылдармен көрсетеді:

Дәндер. Жақында әдемі гүлге айналады

Жүрелей отырады;

Бастарын, қолдарын көтереді;

Бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жаққа созады гүл ашылды;

Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды.

Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап, күлімсірейді.




















Тренинг

«Мен әншімін»

Тәрбиешілер үшін



















Мақсаты: Тренингке қатысушылардың ішкі дүниесін ашуға, өзін жеке дара екенін сезіндіру, өзгені сыйлауға тәрбиелеу болып табылады.

Қатысушылар: 5-6 тәрбиешілер.


Ойын шарты: Тренингке қатысушылар мына төмендегі тапсырмаларды орындайды:

  1. Бір шумақ ән айту.

  2. Өлеңді жәй айту.

  3. Өлеңді күліп айту.

  4. Өлеңді ашуланып айту.

  5. Дауысын шығармай айту.

  6. Шетел тілімен айту.



Қорыту: Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Қандай әсер алдыңыз?

Ойынға қатысқаныңызға рахмет













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі