жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Орман дәрігері.
Күні: 26.01.2016 жыл. «Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Тараулары: Кіріктірілген сабақ.
Тақырыбы: Орман дәрігері.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды құстармен таныстырып, олардың адамзатқа әкелетін пайдасы туралы мәлімет беру және білімдерін толықтыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды 1-7 санына дейін қалыптастыру және бекіту. Сонымен қатар табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Құстардың тіршілігі мен қоректенуі, олардың дауытарын және тигізер пайдасы жайлы түсінік бере отырып, сөздік қорларын дамыту және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды күтіп – баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу мен сұрақ - жауап. Балалардың қысқаша қойылымы. Сергіту жаттығуы мен ғажайып сәт. Балаларға бағыт – бағдар бере отырып, сабақты өзара қорытындылау.
Сөздік жұмыс: Көгершін-голубь, сауысқан - сорока, аққу-лебедь, тоқылдақ-дятел, бұлбұл-соловей, терек-дерево, қараторғай-воробей, дернәсіл-лечинка.
Көрнекіліктер: Құстар бейнеленген атрибуттар, үнтаспа, құстардың костюмдары.
Сабақтың барысы:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, сүйікті балабақша!
Армысыздар апайлар!
Армысыңдар, достарым!
Сіздерді көрсем қуанам!
Балалар рахмет орындарыңа отырыңдар.
Бүгінгі ашық іс-әрекетіміз сәтті өтсің.
Тәрбиеші: Балалар айтындаршы бір жылда неше мезгіл болады? Қандай мезгілдер атандаршы? Ал кәзір жылдың қай мезгілі? Біз өткен сабағымызда отырықшы құстар туралы айтқанбыз. Кәне, есімізге түсірейікші қандай отырықшы құстарды білеміз?
Балалар бүгін біздің қойылатын қойылымымызға қысқаша тоқталайық. Күзде күн суытқанда жапырақтар сарғайып, тоғайлар жалаңаштанып қалады. Осы уақытта құрт-құмырсқалар дернәсілдерге айналады. Ал біздің бүгінгі бас кейіпкеріміз тоқылдақ, осы дернәсілдерді құртқа айналдырмау үшін, барлық жыл мезгілдерінде еңбек етіп, ағаштарды емдейді. Енді құрт ауруына шалдыққан терекке көмек көрсеткен тоқылдақтын ерлігін тамашалайық.
Тәрбиеші: Ерте заманда жапан түзде жалғыз Терек өсіпті. Күндердің бір күнінде терекке құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Терек жылапты, ол көмекке шақырыпты.
Терек: УҺ, жаным –ай, жаным. Енді не істер екенмін? Құрт ауруына шалдықтым. Кеудемді тесіп жеп барады. Бұтақтарым сырқырайды, жапырағым сыздайды. Жәрдем бере көріңдер... Дәрігер шақырып емдетіңдер...
Тәрбиеші: Деп, терек күні – түні сарнай беріпті.
Сонда ұшып бара жатқан бір Ақ көгершін естіп, не болғанын сұрапты.
Ақ көгершін: Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Бірақ мен дәрігердің кім екенің, қайда екенің білмеймін. Алайда сізге көмек берейін. Барып дәрігерді іздейін.
Тәрбиеші: Көгершін ұшып келе жатып, бір төбенің басында сүйек – саяқты шоқып, жан – жағына алақтап отырған Сауысқанды көріпті. Оның қасына қонып алып, былай деп тіл қатыпты:
Ақ көгершін: Уа, Сауысқан, Сауысқан. Сөзді тыңда Сауысқан. Терек науқастаныпты. Сол Теректі емдеп көрсен қайтеді, бір жақсылық етсең қайтеді?
Сауысқан: Менің Сауысқан екенімде рас. Құстың бәрі туысқан екені де рас. Бірақ мен аты шулы күзетшімін. Жұмысты тастап қалай кетпекшімін? Біреу кележатса шықылықтап хабар беремін, мен кетсем бүкіл аңдар қырқыспайма? Мен сондай сақ құспын, кешір асығыспын. Тамағым тоқ, киімім көк, жұмысым көп, - депті Сауысқан шықылықтап.
Тәрбиеші: Көгершін әрі қарай ұшып кетіпті. Бір кезде ауыл шетіне жетіпті. Жайылып жүрген тауық пен қоразды көрген соң, қастарына келіп, сәлем беріпті.
Ақ көгершін: Уа, Қораз-ау, Қораз. Сөзім қысқа, уақыт аз. Терек науқасқа шалдығыпты. Маған ерсен қайтеді, соны емдеп берсен қайтеді?
Қораз: Ку-ка-ре-ку. Ку-ка-ре-ку..... Айналайын көгершінім айту керек сөздің шынын. Тауықтар көп мен жалғызбын; тағыда бар үш балдызым. Соның бәрін бағып жүрмін. Жұмысым көп, мен байқұсқа бір тыным жоқ – депті қораз.
Тәрбиеші: Көгершін қайтадан ілгері ұша жөнеледі. Қалын орманға келген кезде құйылжыта ән салған бұлбұлды естиді. Іздеп жүріп талдардың арасынан бұлбұлды тауып алады. Оған мән- жайды түсіндіріп,Теректі емдеші деген ұсыныс айтады.
Бұлбұл: Құлағыңды сал әніме, кешір, маған ренжіме. Мен атақты әншімін, бұл ежелгі кәсібім. Тоғайларды аралап, құстар мен аңдарға ән салып беремін. Ойланшы сонда саған қалай еремін? –депті бұлбұл.
Тәрбиеші: Бұлбұлды естіп келген Қараторғайда жауапты былай айтыпты.
Қараторғай: Мен жақсылық жасағанды ұнатамын, бірақ, Терекке баруға менің қолым тимейді. Бау-бақшаны шарлаймын, құрт-құмырсқа аулаймын, жеміс жақсы өссін деп, күні-түні ойлаймын. Менің балапандарым да көп, оларға түрлі жем керек. Сонан соң қалай қол тимек? - депті Қараторғай шырылдап.
Тәрбиеші: Амалы құрыған Көгершін қайтадан ілгері қарай ұшыпты. Ойды-қырды, орман – тоғайды шарлап жүріп, талай құсқа кездесіпті. Бірақ жұмыс басты болғандықтан, Теректі емдеуге құстардың ешқайсысы келіспепті. Ақыры Көгершін айдын көлдегі Аққуға жолығыпты. Оған да Теректі емде деп өтініш қылыпты.
Аққу: Киелі, ақылгөй құспын ежелден. Жұмысым көп, кете алмаймын бұл жерден. Құстар маған ақыл-кеңес сұрап келеді, Көгершінім қамықпа, сәл аялда асықпа. Саған да ақыл берейін. Мазалама кәсібі бар құсты сен. Тоғайда аты жоқ, үйі жоқ, жұмыссыз жүрген құстар әлі бар. Сен қалайда соларды іздеп тап. – депті Аққу.
Тәрбиеші: Көгершін Аққуға алғыс айтып ты да, тоғайға ұшып келіпті. Ағаштың ішін кезіп бес күн жүріпті. Алтыншы күні ұнжырғасы түсіп, бұтаққа қонақтап отырған бір кішкене құсты көріпті.
Ақ көгершін: Сені мүлдем танымаймын. Айтшы, қарағым, атың кім? – депті Көгершін оған.
Тоқылдақ: Аты-жөнім белгісіз, үйім жоқ, жұмыссыз жүрген құспын мен. Аштан өлер болдым, бере көр маған бір жәрдем- депті әлгі құс жалбарына шырылдап.
Ақ көгершін: Іздегенім сен едің, кәсіп тауып берейін, - депті де Көгершін оған мән – жайды бастан аяқ айтып беріпті. Аты-жөні белгісіз құс Теректі емдеуге көніпті. Көгершінге ілесіп, ауырған Терекке келіпті.
Ақ көгершін: Осы құс мына Теректі емдей алама екен – деп көгершін күмәндәныпты.
Тәрбиеші: Ал аты белгісіз құс олақ болғанымен жұмысқа пысық екен, бірден іске кірісті. Ол құрттын көп жерін табу үшін, ағаштың тұс –тұсына құлағын төсеп, тың тыңдапты. Содан сон шіріңкіреген жердің бәрін тесіп, құрттарды теріп жей беріпті. Сөйтіп, Теректі емдеп жатқанын естіген құстар бесеуі де келіпті. Танымайтын құсты көргенде таңырқап
Сауысқан: Көгершін – ау, бұл не қылған құс? – деп сұрапты Сауысқан шықылдап.
Ақ көгершін: Оны сұрап не қыласын, өзім де білмеймін. Оның аты да, жұмысыда, үйіде жоқ екен. Сондықтан Теректі емдеуге келісті және оны жазды. – деп жауап қатты Көгершін.
Аққу: Барлығының жұмысына байланысты аты бар, бұл құсқа да, есім берейік- деді Аққу
Ақ көгершін: Сендер қарсы болмасаңдар достар? Ол тоқылдатып отырып емдегендіктен мен оған Тоқылдақ деген ат қойдым – депті Көгершін.
Тәрбиеші : Құстар Көгершінді қолдап, есімін Тоқылдақ деп атапты ал атқарған қызметіне қарап оғандәрігер деген атақ беріпті. Содан былай қарай Тоқылдақ ылғи ағаштарды емдеп, орман дәрігері атаныпты. (құстардың дауысы естіледі)
Балалар, сергіту жаттығуын жасайық:
Кәне қанат жазайық
Қарлығаш боп, ұшайық
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Енді біз «Кім тапқыр?» деген дидактикалық ойын ойнайық.
Ойынның шарты былай: Үстел үстіндегі араласқан сандардан керекті санды аласыңдар. Көгершін қай құсқа бірінші ұшып барған құсқа бір санын, ал екінші ұшып барған құсқа екі санын қоясындар. Сөйтіп ақырында неше құс қатысқанын білеміз?
Құстарды балалар Мемлекетімізде қорғауға алған. Құстарға арнап қызыл кітап ашқан. Қызыл кітап дегеніміз азайып бара жатқан құстар мен аңдарды жазып қоятын кітап. Ондағы жазылған құстарға қиянат жасауға болмайды. Бізде де тобымызда өзіміздің қызыл кітабымыз бар. Міне, біздің қызыл кітабымызда Аққу бар екен
«Құстардың дауысын тап» деген дидактикалық ойын.
Ойынның шарты мынандай: Құстардың дауысы ойнатылады, соны қай құс екендігін табу.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз не үйрендік?
Балалар біз Терекке көмек бердік пе? Ия
Терекке не болды? Ауырып қалапты.
Қандай құстармен таныстық? Ақ көгершін, Сауысқан, Қараторғай, Аққу, Тоқылдақпен Бұлбұл, Қораз.
Құстарға қамқор болуды үйрендік. Жана құстар өздері айтқандай қандай пайдалары бар?
Көгершіннің адамзатқа қандай пайдасы тиеді екен?
Сауысқан қандай қызмет атқарады екен? Қараторғайдың, бұлбұлдың, тоқылдақтың көмегі қандай екен?
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құстардың адамзаттқа жасайтын көмегін.
Болу керек: Құстар туралы мағлұмат және жетіге дейін сандарды ажырата білу.
Істей білу керек: Қыстайтын құстар мен жылы жақққа ұшатын құстарды
ажырата білу керек.
Тәрбиеші : Кабдыкешова К. Н.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген