400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
4сынып дүниетану пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

№66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:8.02.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Баймаханова Жумакул Асиловна

Сынып:4 «Г »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Оқу мақсаты

Жаңа сабақ мазмұнын түсінеді.Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамытады

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Оқушыларды өз бетінше шығармашылық жұмыс жасай алады

Оқушылардың басым бөлігі: Өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстай біледі.

Кейбір оқушылар: табиғатты қорғауды,сүюді біледі

Алдынғы тақырып

Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс тар

Басталуы

10 мин

Психологиялық дайындық

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді..


Формативті бағалау

суреттер

Ортасы

20мин

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

Бесбармақ әдісімен бағалау

тақта

Сергіту сәті


Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Флипчар қағаз қалам

Аяқталуы

10 мин

- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.
- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
- Тоғайда әсіресе не көп өседі?


Смайликтер арқылы бағалау

Ноутбук

Үйге тапсырма: мазмұндау

Бағалау

Тексердім:_____________ Күні: 8.02.2019ж








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі