МКҚК №23 «Жеңіс»
бөбекжай-бақшасы
«Бекітемін»
№23 «Жеңіс»
бөбекжай-
бақша
меңгерушісі
_______
Б.К.Сарымсакова
Ашық
ұйымдастырылған
іс-әрекеті
Тақырыбы «Орманда болған
оқиға»
Тәрбиеші: Джалелова
А.К
Шымкент
2024
ТАҚЫРЫБЫ:
«Орманда болған
оқиға»
Дағдылар: Көркем
әдебиет. Қоршаған орта.
Мақсаты: Мамандық туралы түсінік беру, «Түлкі мен
тырна» ертегісін театрландыру арқылы
жақсы мен жаманды
ажырата білу.
Міндеттері:
«Түлкі мен тырна» ертегінің мазмұнын
бекіту. Сюжетін
рөлмен ойнату арқылы кейіпкерлер мінез-құлқын бере білуге, дауыс
ырғағын қабылдауға үйрету. Байланыстырып ауыз екі
сөйлеуін түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып дамыту. Достыққа,
табиғаттың әсемділігін сезіне білуге
тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбер: (қимылмен)
Қуанамын,
күлемін,
Жылы менің
жүрегім.
Достарыма
үнемі,
Риза болып
жүремін.
Бүгінгі көңіл-күйлерің
қалай?(балалардың жауабы)
Сендер менімен орманға серуендегілерің
келе ме?
— Олай болса орманға серуендеп келейік.
Cеруенге шықпастан бұрын жылы киініп алайық
(Киім атауларын музыка арқылы мимикамен көрсету)
Серуенге шығып бара жатқанда шаңғымен жүрген пошташы тапсырма алып
келеді.
Пошташы: (шаңғымен
келеді) Сәлеметсіңдер
ме! Мен
сендерге орман әлемінен хат алып келдім.
Тәрбиеші: Айтыңдаршы, хат алып келетін маманды кім
деп айтамыз?
Балалар жауап
береді
Пошташы: Ия, дұрыс айтасыңдар, мен пошташымын. Менің
сөмкем бар, бұл хат салуға арналған сөмке, ал сендер қайда бара
жатырсыңдар?
Балалар: Орманға
Пошташы: Ал, сендер үй жануарлары мен ормандағы аңдарды
ажырата аласыңдар ма? (Балалардың жауабы)
Д/о: “Аңдарды
ажырат?”Ақ
пен сары түсті обручтың ішіне аңдарды ажырату арқылы қойып
шығады.
Пошташы: Дұрыс, енді менің қолымдағы
тапсырманы орындасаңдар орманға жетесіңдер.(Тапсырманы
тәрбиешіге береді)
Орманға аңдардың ізімен
қимылмен көрсетіп
бару. (Бара жатқанда орманның
қауіпсіздігін айтып бару: шулауға болмайды, от жағуға болмайды,
жеке кетіп қалуға болмайды) Экранда орманның суреті, аңдардың,
құстардың дыбыстары. Қандай тамаша! Таза ауа! (тыныс алу
жаттығуы)
Тәрбиеші: Орманның ағаштарын,
құстарын, аңдарын қорғайтын маманды орманшы деп атайды. (Орманның
суретін көрсету).
Тосын
сәт.
— Балалар экранға қараңдаршы, бұл қандай аң? Экраннан түлкі шығып
сөйлейді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен Түлкімін! Сендерді көріп қатты қуанып
тұрмын.
Тәрбиеші: Түлкі сендердің
келгендеріңе қатты қуанып тұр, жай түлкі емес сөйлейтін түлкі
екен.
Түлкі: Ал, сендер аңдар туралы
ертегі білесіңдер ме?
Балалардың жауабы: “Бауырсақ”,
“Үйшік”, “Айлакер түлкі”, “Маша мен Аю” тағы басқа ертегілерді
атайды.
Түлкі: Мен туралы ертегі
тыңдағыларың келе ме? Олай
болса «Түлкі мен тырна» ертегісін
тыңдайық.
Мультфильм көрсетру
(«Түлкі мен тырна»)
Мультфильмді ортасынан тоқтату арқылы
сұрақ-жауап: (толық жауап алу)
— Түлкі немен дос
болыпты?
— Түлкі қонағын қалай
күтіпті?
— Тырна Түлкіні қалай
күтті?
Тәрбиеші:
— Ертегі сендерге ұнады ма? (балалардың
жауабы)
— Ертегіде не туралы айтылған?
(балалардың
жауабы)
Тәрбиеші: Ертегі желісі бойынша
сахналайық, сахналамастан бұрын ең алдымен сергіп
алайық.
Сергіту
сәті (музыкалық экраннан) “Мен
Түлкімін”
-
Сахналау ертегі желісі бойынша
(балалар ойнайды)
— Айтыңдаршы
балалар, Түлкі мен Тырна дос болып қалды
ма?
Ал, сендер доссыңдар
ма?
Олай болса бір-бірімізді
құшақтайық.
-Енді “Түлкі мен тырнаны” да достастырайықшы.
Достықтары мәңгі болу үшін не істейміз? (Балалардың
жауабы)
-Түлкі мен тырнаға түрлі түсті
макарон бөлшектерін пайдаланып жіпке тіземіз моншақ жасап сыйға
берейік.
- Тырнаға тұзды қамырды
пайдаланып құмыра жасап берейік
-Түлкіге жайпақ табақ жасап
берейік.
Түлкі: Тырна екеумізді
достастырғандарыңа қатты қуанып тұрмын. Рахмет,
балалар!
Тәрбиеші: Енді балабақшамызға
барып есімізге түсірейік.
Эксперимент
жасау: «Ормандағы қар жаңбыр сулары
қайда кеткен»
Судың құмға, топыраққа,
балшыққа қалай сіңіп кететінін тәжірибе жүзінде
көрсету
Шығармашылық:
Балалар жұмыртқаның сыртын
пайдаланып түлкі мен тырнаның бейнесін жасайды. Балалардың жасаған
жұмыстарын бағалап,балаларды мақтап, мадақтап ұйымдастырылған оқу-
қызметін қорытындылау
Қорытынды
-Балалар, біз бүгін қайда
бардық?
— Не істедік?
-Бүгін сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
Түлкі сендерге қатты риза болды, себебі сендер “Түлкі мен тырнаға”
достасуды көмектестіңдер.