Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ормандағы аңдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды аңдармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Ашық тәрбие сабақ



Тақырыбы: «Ормандағы аңдар»





Сынып: 3«А», 3 «Б»

Мұғалім: Турданова С















2018 – 2019 оқу жылы


Күні: 19.02.2019 жыл Уақыты: 12:00 Өтілетін орны: 317 кабинет


Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы аңдар».

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жабайы аңдар туралы түсінік беру, олардың

тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Дамытушылығы: Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып,

баланың ой-өрісін дамыту.

Түзетушілігі: Дыбыстарын түзету.

Тәрбиелігі: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға

қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, шарлар.

Рөлдерде:

Аю: Турданова С

Қонжық: Бекбай А

Тиіндар: Бегалы Т, Ахмеджанов У.

Кірпілер: Тлеубек Ұ, Жақыпбек Д.

Қояндар: Додожанова М, Нарзулаев А, Турсынали Ж.


Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, балалар! 3 сынып балаларының

дайындаған ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.

Мұғалім: - Балалар, қонақтармен амандасамыз!

Балалар: - Сәлеметсіздер ме!

Мұғалім: - Көңіл - күйлерің қалай?

Балалар: - Тамаша!

Мұғалім: - Олай болса,балалар «Ормандағы аңдар» атты ертеңгілігімізді бастайық!

Балалар: - Жарайды!

Мұғалім: - Балалар, бүгін орманда мереке болып жатыр. Орман аңдары да, бір-

бірімен дос болады екен. Бүгін орман аңы қонжықтың туған күні.

Барлық достар сол қонжықтың туылған күніне жиналып жатыр. Бізде

қонжықтың туылған күніне барып қайтайық па?

Балалар: - Жарайды!

Аю: - Бүгін менің қонжығымның туылған күні! Туылған күніне кішкентай орман

аңдары келеді. Мен дайындалайын.

Ортаға әуен ырғағымен қонжық шығады.

Аю: - Туылған күнің құтты болсын, менің сүп-сүйкімді қонжығым!

Қонжық: - Рақмет!

Ортаға «Туылған күн!» әні

Әуен ырғағымен ортаға тиіндар шығады.

Тиіндар: - Қонжық, туылған күніңмен! Біздің сыйлығымызды қабыл ал!

Қонжық: - Рақмет!

Тиіндар: - Біздің биіміз бар.

Аю: - Жарайсыңдар тиіндар! Тиіндардың биін тамашалайық!


Ортада тиіндар биі.

Аю: -Рақмет, тиіндар! Келіңдер төрлетіңдер.

Әуен ырғағымен ортаға кірпілер шығады.

Кірпілер: - Сәлеметсіздер ма! Туылған күніңмен қонжық!

Қонжық: - Рақмет!

Кірпілер: - Қонжық, біз саған сыйлыққа би дайындап келдік

Аю: - Жарайсыңдар кірпілер! Олай болса, кірпілердің биін қабыл алайық!

Ортада кірпілер биі.

Аю: - Рақмет, кірпілер! Жарайсыңдар! Келіңдер, төрлетіңдер!

Әуен ырғағымен ортаға қояндар шығады.

Қояндар: - Сәлеметсіздер ма! Қонжық туылған күніңмен!

Қонжық: - Рақмет!

Қоян: - Мен сыйлыққа тақпақ алып келдім.

Аю: - Жарасың қоян! Тақпағыңды айта ғой.

Қоян: - Айта берсен тілек мол,

Алдыңа тек ақ жол.

Тілегім шексіз дос десе,

Бір тілегім достығымыз өшпесе.

Аю: - Рақмет, қоян!

Қояндар: - Енді, досымыз екеуміз би билесек!

Аю: - Жарайсыңдар! Олай болса, ортада қояндар биін қарсы алайық!

Ортада қояндар биі.

Аю: - Жарайсыңдар, қояндар! Рақмет! Кішкентай орман аңдары, сендерге үлкен

рақмет! Сыйлықтарыңа мен де, қонжық та тән риза. Енді туылған күн иесіне

арналған тәтті нанды ортаға алып шығайын!

Кәне, бәріміз бірге туылған күніңмен деп айтайық!

Аңдар: - Құттықтаймыз!

Ортада би.

Аю: - Кішкентай орман аңдары, сендерге бүгінгі туылған күн ұнады ма?

Аңдар: -Иә.

Аю: - Кішкентай орман аңдары, осылай үнемі тату- тәтті, бір- біріңді әрдайым

құрметтеп, достықтарың ажырамай, бір-біріңді сыйлап, қайрымды, мейірімді

болып өсіп келе жатқандарың маған ұнады. Достықтарың ажырамасын!

Кірпі: - Құрметті аю, қонжық! Сіздерге үлкен рақмет, біз енді қайтайық!

Аңдар: - Сау болыңыздар!

Қонжық: - Анашым, сізге барлығы үшін көп рақмет!

Аю: - Жарайды, қонжығым! Саған ұнаса болды. Қане, кеш болды, жатайық!

Мұғалім: - Құрметті балалар, ұстаздар! Осымен 3 сынып оқушыларының

«Ормандағы аңдар» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп,

тамашалағандарыңызға рақмет!
























Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың ой-өрістерін ертегі арқылы кеңейту. Достың

ұғымын кеңінен ұғындыру.

Дамытушылығы: Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есте сақтау,

ойлау қабілеттерін дамыту.

Түзетушілігі: Дыбыстарын түзету.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, суреттер.


Әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.

Мұғалім: - Амандасамыз!

Балалар: - Сәлеметсіздер ме!

Мұғалім: - Көңіл күйлерің қалай?

Балалар: - Тамаша!

Мұғалім: - Олай болса,балалар «Менің достарым» атты ертеңігілігімізді бастайық!

Балалар: - Жарайды!


Балалар әуен ырғағымен орындарына отырады.

Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме,құрметті көрермендер! Бүгінгі сіздердің тамашалайтын ертеңгілігіміз «Достық» туралы.

-Ерте-ерте-ертеде, ешкі құйрығы бөртеде қасқыр өмір сүріпті.

Әуен ырғағымен ортаға шығады.

Қасқыр: - Бүгін, менің туылған күнім!Бірақ мені ешкім құттықтап келмесі анық. Жалғыз досым аюмен де ренжісіп қалдым. Туылған күнім досымсыз қызық болмайтын болды.

Әуен ырғағымен аю балаларынан ортаға шығады. Есік қағылады.

Қасқыр: - Кім?

Аю: - Мен,досың аю.

Қасқыр: - Ой,аю досым кел, төрлет. Менің туылған күнімді ұмытып кетті ме деп едім.

Аю: - Досым,қасқыр. Мен сенің туылған күніңді қалай ұмытып кетем. Сен менің досымсың. Қасқыр өзіңнің туылған күніңе арнап әкелген сыйлықтарымыз қабыл ал.

Жанболат: - Гүлді алыңыз.

Умиджан: -Тортты алыңыз.

Аружан: - Сағатты алыңыз.

Аю: -Қасқыр досым,менің балаларынның өзіңе арнап дайындалған билері бар еді. Қабыл ал. «Чунга-чунга» биі.

Аю: - Досым қасқыр, өзіңнің туылған күніңе арман аңдарын шақырып қойған едім.

Қасқыр: - Рақмет!

Ортаға әуен ырғағымен қояндар шығады.

Қояндар: - Сәлеметсіз бе,қасқыр!

Қасқыр:-Сәлеметпін,қояндар!

Аю: -Қасқыр,қояндардың сыйлықтарын қабыл ал.

Ұлықбек: -Дәптер,қаламды алыңыз.

Махируз: -Гүлді алыңыз.


Қасқыр: - рақмет!

Аю: -Қасқыр, қояндардың туылған күніңе арнап әзірлеген билері бар екен, қабыл ал.

«Қуыршақтар» биі қабыл алыңыздар.

Қасқыр: - Рақмет,балалар, жарайсыңдар!

Ортаға әуен ырғағымен түлкілер шығады.

Түлкілер: - Сәлеметсіздер ме!

Қасқыр: - Сәлеметсіздер!

Дастан: - Сыйлығынды қабыл алыңыз!

Қасқыр: - Рақмет!

Аю: - Қасқыр,Дариғаның дайындаған әні бар екен.

Қасқыр: -Ой,қандай керемет! Олай болса, Дариғаның орындауындағы әнді тыңдайық.

«Достар жайлы» әнін қабыл алыңыздар.

-Рақмет,Дариға!

-Қасқыр,балаларыныздың бірге орындайтын билері де бар екен. Көріп, тамашалайық,иа!

Ортада «Флешмоб» қабыл алыңыздар!

Қасқыр: - Рақмет, балалар!

Аю: -Досым, енді ешқандай ренжіспей бәріміз бірге тату-тәтті өмір сүрейік!

Қасқыр: -Жарайды!

Балалар: - Сау болыңыздар!

Мұғалім: - Осымен 3 «А», 3 «Б» сынып оқушыларының әзірлеген ертеңгілігі аяқталды. Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше күн жақсы болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12