Ашық
оқу қызметі
Білім
беру саласы:Таным:Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Ормандағы жәндіктер»
Мақсаты:
Жәндіктердің аттарын
(көбелек,ара,шыбын,қоңыз)бекіту кейбір
жәндіктер туралы құмырсқаға қарапайым
түсінік беру.
Билингвизм:құмырсқа-муравей,көбелек-бабочка,ара-пчела,қоңыз-жук,орман-лес
Көрнекіліктер:Орман
жасау,ағаштар,гүлдер,жәндіктер,слайм,плей
до ермексазы
Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлеметсіңдерме,балалар!Бүгінгі
біздің оқу қызметімізге апайлар келіп
отыр екен.Алдымен апайлармен амандасып
алайық.
-Саламатсыздар
ма?
№10
балабақшаның
Тәрбиелі
баласы
Алдыменен
үлкенмен
Амандасып
алады
Қайырлы
таң апайлар!
Қайырлы
таң достарым!
Ғажайып
сәт: (Ара ұшып жүреді.ара дауысын қою)
-Балалар
қараңдаршы,не ұшып жүр?
-Ара.Дұрыс
айтасыңдар.
-Сәлеметсің
бе,ара!
Ара:Сәлеметсіңдер
ме,балалар!Мен орман арасымын.Сендерді
өзіммен бірге ормандағы жәндіктерді
тамашалауға шақыруға келдім.
-Балалар,арамен
бірге орманды тамашалауға барамыз ба?
(иә)
Біз
баратын орман алыс екен.Ол үшін автобуспен
барамыз,ендеше автобусқа отыру үшін
мына жерден «билет»алауымыз керек.(автобус
дауысы қойып,Гүлімжан апа сөз айтады.)
Автобустағы
орнымызға отыру үшін,мына жерде
геометриялық пішіндер алып,соған сәйкес
орындыққа отырамыз.
-Орнымызға
отырып болсақ,орманға барайық.
Балалар,қараңдаршы орманға да жетіп
қалыппыз.Қанекей автобустан түсейік.
(Жеңіс-құмырсқа,Мерей-көбелек,Айқаракөз-ара,Жасмин-қанқызы
біртіндеп ұшып келіп ,төртеуі балаларды
қарсы алады.жәндіктер дауыстары қосылады)
Жәндіктер:-Қош
келдіңдер балалар!-Біздің орманға
қонаққа келдіңдер ме?(иә)
Балалар:-Сендер
кімсіңдер?
Жәндіктер:Біз
орман жәндіктеріміз
Жеңіс:
Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын
жұмыста
Дән
тасимын жаз бойы
Демаламын
мен қыста
Айқаракөз:Мен
арамын,арамын
Ызыңдаймын
зырлаймын
Шаң-тозаңды
жинаймын
Әдемі
гүл көрсем мен
Адамға
бал силаймын
Мерей:Мен
көбелекпін-көбелекпін
Көздерім
дөп-дөңгелекпін
Гүл
көрсем күлімдеймін
Түр-түсім
білінбейді.
Жасмин:Қоңыз,қоңыз,қоңызбын
Өрмелеген
қоңызбын
Қыбыр-қыбыр
жүріспен
Қырға
шығып кетемін
(Орман
белгілерімен таныстыру.кола,иогурт,қағаздар
)
Арнұр
су ішіп болып,коланы жерге тастай
салады.Сонан соң Қазбек:Арнұр,балалар
орманда шыныны,коланы тастауға
болмайды.Арнайы қоқыс салатын жәшік
болады,соған тастауымыз керек.
-Дұрыс
айтасың,Айқаракөз.Біз автобуспен орманға
кіріп келе жатқанда,қандай белгілердң
көрдік.
(түсіндіріп,өту)
-Балалар
жәндіктермен танысып болсақ,орнымызға
отыра қояйық.Сендермен бірге жәндіктерде
саяхат жасасын.
(видео
слайд тамашалату)
-Қанекей,
балалар енді біз теледидарға
қарап,жәндіктермен танысайық.
Мынау
-шыбын екен.
1.Шыбын-қанатты
жәндік.Қыста ұйықтап,күн жылығанда шыға
бастайды.Зиянды жәндік.
2.Маса-ұзын
тұмсықты.Ызыңдайды.Улы
жәндік.Адамдарды,жануарларды шағады.
3.Ара-гүлден
бал жинағанды жақсы көреді.Араның түсі
өте ашық ала түсті.Араның балы адамдардың
денсаулығына пайдалы.Араға жақындауға
болмайды,шағып алады.
4.Құмырсқа-қызыл,қара
түсті болады.Құмырсқадан амин қышқылын
алады.Өте еңбекқор жәндік.
5.Шегіртке-шырылдайды.Жасыл
түсті.Секіргіш жәндік.Зиянды шөптерді
жеп құртады.
6.Инелік-әр
түрлі түсте болады.Маса,шыбынмен
қоректенеді.Қанатты жәндік.
7.Көбелек-әр
түрлі түсте болады.Әдемі гүлдерді
ұнатады,гүлдердің тәтті шырынын сорып
алады.Көбелектің түрлері көп.
8.Қаңқызы-жаулары
өте көп,кішкентай жәндік.Түсі қызыл,үстінде
қара домалақтары болады.Өсімдіктер
жапырағын зиянды құрттардан тазалайды.
-Балалар
бұлардың барлығын жәндіктер деп
айтамыз.Жәндіктердің түрлері өте көп.
Жәндіктермен
танысып болсақ, топпен жұмыс жасайық.Мен
сендерді үш топқа бөлейін.Біздің
арамыз,қанқызы,көбелек,құмырсқа
жәндіктеріміз де сендермен бірігіп
жұмыс жасағысы келеді екен.
1.Жәндіктер
тобы:Бұл топ мына тақтайшадағы жәндіктерді
өз орнына орналастырады.
Ақерке,Нұрасыл,Гүлназым
2.Қанқызы
тобы:Бұл топ слайммен және плейдо
ермексазымен қанқызын жасайды.
Орынбасар,Арнұр,Айқаракөз,Мерей
3.Көбелектер
тобы:Бұл топ дайын көбелек суретін
акварельмен бояйды.
Қазбек,Жеңіс,Жасмин
Сергіту
сәті
Бойымызды
сергітіп алайық.Сергіту сәті.
Ұзын
мұртты құмырсқа
Бара
жатты жұмысқа
Допты
алып қолына
Қойды
оны жолына
Оң
жағына қарады
Сол
жағына қарады
Тау
екен деп ойлады
Видео
арқылы жәндәіктерді дауысымен және
орысша тыңдайық.
-Қане
балалар біз орманда аралап саяхаттап
болдық,енді тобымызға оралайық.(қайту
сөзін айту.Гүлімжан апа)
Жәндіктер:Балалар
біз сендермен бүгінгі күнімізді көңілді
өткіздік.Бізге келіп тұрыңдар.Қош сау
болыңдар,балалар!
(автобусқа
отырып,оралады.)
-Сендерге
саяхатымыз ұнады ма? (иә)
Қорытынды:Сұрақтар
қою
-Балалар
бүгін қандай жәндіктер түрлерімен
таныстық айттық?(жәндіктер)
-Қандай
жәндіктермен таныстық? (құмырсқа,көбелек,ара,маса
т.б)
-Жәндіктер
туралы түсіндік пе?
-Сендерге
оқу қызметін ұнады ма?
-Балалар,бүгін
сендер оқу қызметіне жақсы
қатыстыңдар.Сондықтан да мен сендерді
мақтан етемін.
-Сау
болыңыздар!