400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ормандағы жаңа жылдық оқиға.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі – түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ормандағы жаңа жылдық оқиға.


Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі – түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған.

Балалар Айдын Дараның «Балабақша» әнімен музыка залына кіреді.


Фанфармен жүргізуші шығады.

Жаңа жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Құрметті қонақтар, ата –аналар « Құлыншақ» тобының жаңа жылдық мерекесіне қош келдіңіздер!Мерекемізді Айдын Дараның әнімен бастаймыз.

(Ән біткен соң балалар орындарына отырады)


Сиқыршы бірден шығады.

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мұнда не болып жатыр? Мен орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін? Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.

Жүргізуші : Жооқ , біздің балалардың аяқ киімі түгел, мерекеге дайын. Қош келдіңіз сиқыршы! Келіңіз оданда балалардың әндерімен тақпақтарын тыңдаңыз.



1.Айсана:

Алақай Жаңа жыл! Бәрі аппақ ой мен қыр Шыршада біз ойнаймыз Жаңа жылды тойлаймыз

2.Дамир: Келді тағы Жаңа жыл Қуантумен біздерді. Құтты болсын қуаныш Құттықтаймыз сіздерді!

3.Жанзере:

Той, мереке, салтанат Думандатты шартарап, Келді міне, Жаңа жыл Тартуларын арқалап

4.Әмір:

Өлең де әзір,ән де әзір Ойын да әзір,бәрі әзір Кел Жаңа жыл біздерге , Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл.


5.Дара:

Келді міне,Жаңа жыл Қарсы алайық бәріміз Күліп ,ойнап ,би билеп Ән салайық бәріміз.

6.Абылай: Жылдың әнін бастайын, Аяз ата кеп қалды, Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын жанашыр Ата-әже,ата-әже Құтты болсын Жаңа жыл

7.Айша: Ақша қарың сүйкімді, Сағындық қой күлкіңді Өзіңменен би билеп Ұмытпаймын бұл күнді


8.Жания:

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр


9.Яссина: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып, Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.


10.Амина:

Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей. Нұр жайнаған ажары Сағындым Аяз атаны.

11.Даулет: Тамаша ,тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса



12.Осман:

Аппақ,аппақ қар аппақ, Қар жамылған дала аппақ Қырау,қырау тал аппақ Айналаның бәрі аппақ.

Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны, Той-маскарад басталды Аяз оны басқарды.

13. Жасмин: Жаңа жыл ,Жаңа жыл Сені күттім елеңдеп Өзіңменен ілесіп, Аяз ата келер деп


14.Алинұр: Жаңа жылым мол болсын, оң Басқан қадам о болсын. Төрле,төрле Жаңа жыл, Бізге құтты жыл болсын:

15.Жансая

Ручками мы хлоп-хлоп,

Ножками мы топ-топ

С нами Дедушка Мороз,

Он нам сладости принес

16. Ельназ:

Жаңа жылды тойлайық,

Күліп,билеп,ойнайық.

Аяз ата қуансын деп,

Дөңгеленіп зырлайық.

Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?

Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасыз, расында біздің балалар шетінен өнерлі.

Ән:«Шыршаға бардық» әні.(шыршаны айналып айтады. Біткен соң орындарына отырады)

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек..

Гном кіріп келеді..

Гном: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Қош келдің Гном , біз кебісті іздеп таппай жатырмыз. Сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың ба?

Гном: Жоқ жоқ , көрген жоқпын.

Жүргізуші: Енді, не істейміз?

Сиқыршы: Қазір мен барлық балаларды орман гномдарына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды гномдарға айналдырып жібереді).

Жүргізуші: Қане, гномдар, бірігіп билеңдер, кебісті табыңдар.

Би:«Гномдар биі».

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.

Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар!мұнда сиқырлы үй тұрған сияқты. Жарығы жанып тұр,

Терезесін қағайын,мүмкін бізге көмектесетін адам табылып қалар.

Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұратын шығар.. деп барлығы қарайды

(есіктің ашылған дыбысы шығады)

Жалмауыз к: Орманды шулатып жатқан сендер екенсіңдер ғой.Біресе айқайлап ән айтасыңдар,біресе секіріп билейсіңдер.Бұзық балалар екенсіңдер,менің ұйқымды бұзғандарың үшін жаңа жылдарыңның шырқын бұзбасам ,жалмауыз кемпір атым басқа болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсізбе апа !Біздің басымызға қиындық түсіп тұр, көмегіңіз керек болып тұр. Кебістің бір сыңары жоқ.Бізге көмектесесіңбе?

Жалмауыз к: Жоооқ мен сендерге көмектеспеймін..

Сиқыршы: Онда мен сені сиқырлап тастаймын.

Жүргізуші: Онда сіз біздің балаларымыздың әндерін тыңдаңыз, мүмкін осыдан кейін сіздің ойыңыз өзгеріп қалар.

Ән: «Аққала»

Жалмауыз: Балалар маған өнерлерің ұнады. Мені кешіріңдерші,Кебістің иесін тауып беремін. Ақшақардың 1 кебісін тығып қойдымда, 2сін орманға лақтырып жіберген мен едім .Кешіріңдерші....(Ақшақарды ертіп келеді)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Құрметті Ақшақар,қош келдіңіз! Сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.Балалардың өнерін көріңіз.

Ақшақар: Рақмет.

Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.

Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?

Аяз атаны барлығымыз бірге шақырайықшы.( Аяз ата,аяз ата)

Аяз ата: Алыс –алыс жерлерден ,

Асу-асу белдерден аяз аталарың келіп қалды. Амансыңдарма балалар?

Жүргізуші: Ақшақар, аяз ата балаларымыздың дайындап келген тақпақтары бар, отырып тыңдаңыздар,алыстан шаршап келген боларсыз.


.17.Хадиджа:

В новый год!Новый год

В гости елочкапридет

Дед мороз и зайки

Принесут подарки


18.Айсұлтан:

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

19.Аделья:

Наша елка хороша

Вся сияет от огня

Шарики,хлопушки,

Красивые игрушки.


20. Бакир: Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап

21.Аймейір: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне,сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.

22.Альбина: Шыршаға бардық, Әсем ән салдық. Аяз атадан, Сыйлықтар алдық.


23.Даниэль

Жаңа жылда тойлайық, Күліп,билеп,ойнайық Аяз ата қуансын деп, Дөңгеленіп зырлайық

24.Бақтұнар:

Аяз атам ақ атам,

Саған арнап ән айтам.

Құт- қуаныш әкелсін,

Құтты болсын ақ батаң. 25.Диана: Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп –ойнап би билеп,

Ән салайық бәріміз.


Аяз ата : Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге шырша жан,шырша жан, шыршаның шамдарын жағайық. (шамдарын жағады).осы кезде Аяз ата колғабын түсіріп алады..

Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?

Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?

Жүргізуші аяз ата сіздің қолғабыңызбен ойын ойнасақ қарсы емессізбе?

Ойын: «Қолғапты қуып жету».

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.



БИ: «Қыздар биі»(фея)


«Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.

Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады).

(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).

Жүргізуші. !Құрметті қонақтар, Ата-аналар осымен біздің Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.

Жүргізуші: Жаңа  жыл  бәріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі