Ормандағы
оқиға
Сабақтың
мақсаты: Балалардың ертегі желісі арқылы
сөздік қорларын дамытып, ойлау, қиялдау
сезімдерін арттыру. Кейіпкерлердің
қимыл әрекеттерін көрсете , білуге , бір
– бірімен қарым- қатынас жасай білуге
үйрету.
Сабақ
барыса:
-Сәлеметсіздерме
балалар, бүгінгі біздің сабағымыз
ерекше болғалы тұр.Бізге көптеген
конақтар келіпті, қонақтармен амандасайық.
Шаттық
шеңбері:
Кел
балалар, күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Қабақ
түйген не керек?
Көңілді
болып жүрейік.
Кел
балалар, күлейік!
-Жарайсыңдар.
Балалар топтың алдынан мына бір
қалташаны тауып алдым. Ол жай қалташа
емес сиқырлы қалташа екен. Ашып қарасам
оның ішінен мына орамалдар шықты.
-Балалар
айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз мезгілі.
-Олай
болса сиқырлы орамалдардың көмегімен
күзгі орманға саяхат жасайық. Сендер
бүгін барлықтарың ертегі кейіпкерлерінің
киімдерін киіп келгендерің қандай жақсы
болған.Ал енді көздерімізді жұмып күзгі
орманға саяхат жасайық.
(Балалар
көздерін жұмып айналады)
-Балалар
көздерімізді ашайық .Айтыңдаршы
айналамыздағы ағаштың жапырақтары
қандай түске енген?
-Сары,
қызыл, қоңыр.
-Ой
балалар бір дыбыс естіледі, тыңдайықшы
біреу бізге қарай келе жатырған сияқты.
-Ой,
ой.
-Тоқта
аю, мұнша ентігіп кімнен қашып келе
жатырсың,
-Ой
– ой. Мен достарымның үйшігін қиратып
қойдым содан қорқып қашып кеттім.
-Балалар
айтыңдаршы қай ертегіде аю үйшікті
қиратып қоятын еді.
-«Үйшік»
ертегісі .
Дұрыс
айтасыңдар. Олай болса балалар аюды
«үйшік» ертегісіне қайтуына көмектесейік.
«Үйшік»
ертегісін сахналау.
Тәрбиеші
ертегіні әңгімелеп балалардың есіне
түсіреді.
Бүл
оқиға орманда болып, орманда бір үйшік
тұрған екен. Оны бірінші болып тықырлауық
тышқан
көріп қалыпты.Тышқан үйшікке жақындап:
-Кішкентай,
сүйкімді үйшікте кім тұрды,- деп сұрапты.
Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке
кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан
кейін үйшіктің маңына секіріп бақа
келеді.
-Кішкентай,
сүйкімді үйшікте кім тұрды,- деп сұрапты.
-Мен
тықырлауық тышқанмын, ал сен кімсің?
Кел бірге тұрайық.
Бақа
бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан
екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді
үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қояннан
кейін маса келіпті.
Масадан
кейін Әтеш келіпті
Әтештен
кейін түлкі келіпті
Түлкіден
кейін Қасқыр келіпті
Қасқырдан
кейін аю келіпті:
-Үйшікте
кім тұрады деп сұрапты. Үйшік иелері
өздерін таныстырыпты. Сонда аю менде
сендермен тұрайыншы- деп сұрапты. Сонда
үйшік иелері «қуана келісер едік бірақ
үйшігіміз кішкентай гой» депті.
–Аю
мен былай кірем үйге,- деп есікке басын
сұққан екен, есік қирап қалыпты.Терезеге
басын сұгып оны қиратыпты. Сонда Аю
үйдің үстіне шығыпты. Сол кезде үй
қирап, бұзылып қалыпты. Үйшік иелері
далаға атып шығыпты. Аю сонда достарынан
кешірім сұрапты. Сонда тырқылдауық
тышқан:
-
Аю ренжімейміз біз саған ренжімейміз,
егер сен бізге жаңа үй салуға көмектессең,
депті. Аю қуана- қуана келісіпті. Достар
бірге үй салуға кірісіпті.
-Балалар
үй салмас бұрын оған орын таңдаймыз,орын
таңдағанымыздан соң оны қалай салатынымызды
қараймыз. Қане келіңдер әркім өз орнына
отырып,өз үйшіктерін салайық. Кейін
оның барлығын біріктіріп үлкен үйшік
жасаймыз.
Құрастыру
: Таяқшалардан үйшік құрастырамыз.
-Балалар
үйшіктерді құрастырып болған соң оны
салуға кіріседі. Қане біз үйді неден
жасаймыз? (Ағаштан)
-Ол
үшін бізге қандай құралдар керек
болады?(Балға, балта, ара, шеге)
Үйді
салып бітірдік. Келіңдер енді оның
сыртын әдемілейік.Ол алыстан көзге
түсетін болсын.
(Үйшікті
әдемілеу)
Шығармашылық
сәт.
Міне
аю, сен егер қашып кеткеніңде мынадай
үй салынбас еді.
Аю:
-Түсіндім
мен енді достарымды тастап кетпеймін.Балалар
сендерге рахмет. Мен ертегіме қайтайын.
Д/ойын
«Кім нені жақсы көреді»ойыны
Шарты:
жануарларды жаксы көретін тамақтарымен
резинка арқылы біріктіру.
Сұрақ-жауап.
-
Біз қай ертегі кейіпкерлерін сомдадық?
-Тышқан
не істеді?
-Аю
не істеді? Т.б.
Қорытындылау:
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды
мадақтау.