жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ормандағы оқиға
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
Ұйымдастырылған
ашық оқу қызметінің конспектісі
«Айналайын» ересек тобы
Тақырыбы:
«Ормандағы оқиға»
Тәрбиеші: Б.К.Жасимбекова
Астана,
2018 ж.
Өткізілетін күні: 16.11. 2018 ж.
Білім
беру саласы:
«Қатынас, шығармашылық»
Бөлімі:
кауіпсіз мінез-құлық, драма,
музыка
Тақырыбы:«Ормандағы
оқиға»
Мақсаты:
Балаларға
орманда сақталатын қауіпсіздік ережелері
жайында түсінік беру. Қауіпті жағдай
туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар
туралы түсініктерін кеңейту.
Ертегі арқылы сөздік қорларын жаңа
сөздермен толықтыру.
Әдеби тілде еркін ауыз екі сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, ептілікке,
достыққа тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: орман,қауіпсіздік
ережелер,боташым,достар т.б.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,қайталау,ертегі қойылымын көрсету
Құрал-жабдықтар:үйшік,орман көрінісі, проектор т. б.
Мотивациялық қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар
залға кіреді, ортаны айналып, шеңбер
жасап тұрады, тәрбиеші балалармен бірге
қонақтармен амандасады
Шаттық
шеңбер:
Балалар менің –күнім,
Балалар
менің-гүлім.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі
күнім менің,
дей отырып-балалар мен
сендерді құлпырған гүлмен теңеймін!
атқан таңның нұрымен
теңеймін!
Тәрбиеші:
-Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
-Неге көңіл күйлерін жақсы ?
Балалар жауабын тыңдау:өйткені біз балабақшаға келдік, достарымызды көріп, қуанып тұрмыз.
Тәрбиеші:Менің
де көңіл күйім жақсы, өйткені мен сендерді
көргеніме қуаныштымын.
Топқа жүгіріп
Айнұр Серікқызы кіреді.
-Сәлеметсіңдер
ме балалар!
-Сәлеметсің бе Айнұр
Серікқызы, сізге не болды?
Бану
Кәкімқызы, балалар, шұғыл көмек керек,
Түйенің төлі бота өзіне дос іздеп орманға
шыққалы жатыр. Ал бота болса орманда
кездесетін қауіпсіздік ережелерді
мүлдем білмейді. Біз көмек бермесек, ол
бір нәрсеге ұрынады. Құтқаруымыз керек.
Ал
балалар, не істедік Ботаға көмек береміз
бе?
Балалар жауабы.
Орманда нелер
бар?
Балалар айта қойыңдаршы ,орманға
жалғыз бару қауіп па?
Неліктен?
Слайд
көрсету.
Д/ойын «Рюкзакты жинау»
Балалар
жауабын тыңдау. (Арнайы киім,рюкзак алу
керектігін айтып өту)
-Дұрыс айтасыңдар
балалар, орман міндетті түрде қауіпсіздік
ережелерді сақтау керек.
Қауіпсіздік
ережелерді айту, бекіту (айтып, суретпен
көрсету)
-Тоғайда көптеген кедергілер кездесуі
мүмкін, ал біз ол кедергілерге шыдаймыз
ба?
Балалардың жауабын тыңдау.
-Ендеше жолға аттанайық!
Балалар
рюкзактарын алып жолға аттанады.
Жолымызға
аттанбас бұрын бір сергіліп алсақ::
Сергіту сәті (музыкальный слайд)
Сылдырап
аққан судың,
құстың,
дауысы
естіледі.
-Ал балалар, алдымыздан
өзен екен,қалай өтуіміз керек?
-Дұрыс
айтасыңдар!
Балалардың жауабын
тыңдау, іс-әрекеттерін бақылау.
-Жақсы балалар, біз бірінші кедергіден
өттік!
(спорт
жабдық құралдарымен)
Балалар
айналаға қараңдаршы, ағаштар ғана, тек
мына жалғыз ізден басқа жол жоқ. Іздерді
қою
Ендеше
бір-бірімізді ұстап абайлап өтейік!
(батбақты жерден өту)
Ал балалар,енді
мына бір жерге демалып алсақ!
Сол
кезде әндеткен Ботаның дауысы естіледі.
Балаларды
орындықтарға отырғызу.
Ертегі
қойылымы «Дос
іздеген бота»
Жүргізуші:
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына
мейірімділікті, адалдықты үйретіпті.
Мөлдір көзді бота өте ақылды болып
өседі.
Бір
күні анасы:
-Боташым,
мен саған жақсы достан басқаның бәрін
бердім. Енді тура өзің сияқты дос
тап.Доссыз өмір қызық емес.
Бота жолға
аттанады.
Бота:
-Бота,бота,ботамын,
Ақылды болып атандым.
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім.
Әндетіп келе жатса,алдынан
мысық шығады:
Мысық:
-Мяу,мяу мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Кел
екеуміз дос болайық,
Бір күлейік,бір ойнайық.
Бота:
- Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.
Бота
итті кездестіреді.
Ит:
-
Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
Би билейік,ән салайық.
Бота:
- Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес
Бота
әтешті кездестіреді.
Әтеш:
- Ку - ка - ре - ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.
Айқайлайық оятайық!
Бота:
-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес
Бота
лақты кездестіреді.
Лақ:
- Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын
Кел екеуміз дос болайық.
Секірейік ән салайық!
Бота:
-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес
Бота
жолда қозыны кездестіреді.
Қозы:
Мен қозымын,қозымын
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық,
Бірге жүріп,бірге ойнайық!
Бота:
-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес
Бота
Араны кездестіреді.
Ара:
- З - з - з, кел екеуміз дос
болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: - Жоқ, жоқ сен сияқты дос
емес.
Ара
ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде
қашып құтылады.
Анасы:
Дос таптың ба, боташым?
Бота:-
Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен
сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ
екен.
-
Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды
айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен
таңдау керек.
Бота
қуанып достарын шақырып алады.
-Келіңдер
ендеше менің достарым!
Бар достар
жиналып «Дос
болайық бәріміз»
атты әнді орындайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген