жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ормандағы оқиға
Авторы: Мусенова Эльмира Жолаушевна
Ақмола облысы Көкшетау қаласы №4 «Еркемай» балабақшасының тәрбиешісі
«Ормандағы оқиға»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Өтпелі тақырып қамту мақсатында,қыс мезгілінің белгілері, ерекшеліктері туралы балалардың түсінігін кеңейту.Саусақ моторикасы арқылы ақыл- ойын, тілін дамыту. Балалардың жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,оларға қамқорлық жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, қыс мезгілінің, жануарлардың суреті, т.б.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап, ойын.
Қостілділік компонент: қыс-зима, орман-лес, тиін-белка.
Сабақтың барысы:
Жылулық шеңбері:
-Алақанды ашайық,
Күннің нұрын,
Жүрек жылуын салайық!
Жинап алып шуақты,
Қонақтарға шашайық!
-Балалар,бүгінгі біздің күніміз қызықты болмақ, бізге көптеген қонақтар келген екен қонақтармен амандасайық.
-Балалар, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыс мезгілі сіздерге несімен ұнайды?
-Алақай, қыс келді!
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? (балалардың жауаптары)
-Қыста дала аппақ болады.
-Қалың қар жауады, күн суық, аяз болады.
-Өзен, көлдердін бетін мұз басады.
-Адамдар қалың киінеді.
Адамдар мен жан-жануарлар қысқа дайындалады, өз қоректерін жинайды.
(Қыс мезгілінде болатын ерекшеліктерді қыстырғышпен қыстырып көрсету).
Жануарлар демекші, балалар мен сендерге ормандағы болған оқиға жайында ертегі айтып берейін бе?
Ерте, ерте, ертеде, алыс, алыс өлкеде, ну орманды аң патшасы мекендепті. Ол ормандағы аңдар, құстар, тіпті жәндіктердің өзін де көзден таса қылмай бақылайды екен. Бір күні Арыстан: «Күз мезгілі болса өтіп барады, орманның сәні мен мәні азайып, қыста келіп қалды. Мен бұлардың басын қосып қонаққа шақырайын»-деп ойлайды. –«Бірақ барлық аңдар бос келмей өздерінің өнерлерін ортаға салсын» дейді.
Мұны естіген аңдар: «Қайырымды патшамыздың көңілін көтерейік» -деп уәделесіпті.
-Балалар, бізде аңдарды қонаққа шақырсақ қалай қарайсыңдар, олай болса барлықтарың менімен бірге қайталап жасаймыз.
Сөйлейтін саусақтар: Орманда бір үйшік тұр,
Оған барар жол жабық.
Айқара ашып есікті,
Шақырамыз қонаққа.
(Қонаққа тиін келеді).
Тәрбиеші:
Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақ
келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?
Балалар:
Тиін
Тәрбиеші:
-Тиін, сен неге жалғыз жүрсің, басқа да
аңдар қайда?
Тиін: -Мен сендерден көмек сұрай келдім, көптеген аңдарға қауіп төніп тұр. Аңшылар олардың бәрін бір жерге қамап тастады. Маған босатуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: -Әрине , көмектесеміз.
Ойын: «Жануарларды босату»
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған қарапайым және тез дайындалатын ойын.
Жануарларға қауіп төніп тұрғанын айтып, жануарларды босатуын сұрайды. Бала барлық жануарларды құтқарғанша орнынан тапжылмай отыра алады. Соңында барлық түйінді шешіп алады.Ойын барысында жануарлардың аттарын және түстерін қайталауға және дыбыстарын келтіруге болады.
Осылайша баланың ұсақ мотрикасы дамып сөздік қоры көбейеді және жануарларға деген қамқорлықтары арта түседі.
Тиін: - Жарайсыңдар балалар, көп рахмет.
Тәрбиеші: - Тиін енді уайымдамасаң болады, бізбен бірге болып біздің қонағымыз боласың.
Тиін: - Жарайды. Олай болса мен өзімнің өнерімді көрсетейін.
Мен тиінмін,тиінмін.
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
(Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу).
Тәрбиеші жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсіндіреді. Мысалы:
- Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.
-Балаларды суреттегі жануарлармен таныстырады.
- Қыста аңдар немен қоректенеді?
-Аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды?
- Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды.Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы – тышқан. Ал, аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.
Тәрбиеші: -Балалар, сендер суреттегі аңдар туралы не білесіңдер?
(Саусақты қуыршақтар)
Аю: Қоңыр аю баласы,
Қорбаңдаған қонжықтың.
Аунап-аунап дем алып,
Дөңгеленіп билейміз.
Түлкі: Біз түлкіміз, түлкіміз,
Тұнып тұрған күлкіміз.
Бұлаң-бұлаң құйрығым,
Бізден басқа қулық жоқ.
Қоян: Қайшы құлақ қоянбыз,
Ақшыл түске бояндық.
Сытыр еткен бұтақтан,
Елең етіп ояндық.
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер де,
Дос болыңдар олармен.
Мекендейтін орманды,
Аңдар, құстар, жәндік бар.
Қамқорлық жасап қорғаңдар.
Тәрбиеші:
-Тиін, біз саған себет сыйлағымыз келеді.
-Балалар, сендер білесіңдер ме себет тиінге не үшін қажет?
Бұл
жай себет емес, бұл менің нағыз көмекшім
– деп жауап береді тиін.
Тәрбиеші:–
Сонда қалай? себет қалай көмекші болады?
тиін онымен не істейді?
Балалар:-Тиін оған жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақ салады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар күз түсіп, қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар тасып, қысқа мол қылып азық жинайды. Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта, саңырауқұлақта табылмайды
Ойын: “Тиінді тамақтандыру”
Жаңғақтарды тесікке салу арқылы бала қолының ұсақ моторикасы дамиды және тиін жайында мағлұматтар алады, тақпақ, жұмбақ, ертегі, шағын әңгімелер айтып сөздік қоры байды. Бұл жерде емен жаңғағы, қарағай бүрін және грек жаңғағын пайдалануға болады. Бұл жаңғақтар фактурасы әр түрлі тегіс, бұдыр болғандықтан баланың тактильдік сезімдерін дамытады.
Тиін: Мен орманға қайтайын, сендермен өте қызықты болды маған
Тәрбиеші: Біздің балаларға да қызықты болды, рахмет саған да, сау бол!
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бүгінгі күннен естелік болсын мына қағазды ұсынғым келеді.
Ойын «Тосын сый»
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған қарапайым ойын.
Ақ қағазға тиіннің суретін шығарып алып, әр тиінді жаңғақтың түр түрімен қағаздан жасалған желімдеп жаптым.
Жаңғақтың тек жан-жағын желімдейміз, ал ортасын жыртуға ыңғайлы болатындай етіп қиып қоямыз. Жаңғақтың ішінен тиінді көрген кезде бала қуанады Мен 6 жаңғақ, 4 тиін жасадым. Әдейі 2 жаңғақтың ішін бос қойдым. Кейін қай жаңғақ бос екенін өзі көрсетеді.
Бұл ойында жаңғақтың түсін,қайссы жаңғақтың іші бос және санайды.
Қорытынды: -Балалар, бізге қонаққа не келді?
-Сендер қандай аңдардың түрлерін білесіңдер?
-Қыста өзіне қорек жинайтын қандай аңдарды білеміз?
-Олар қайда мекендейді? т.б
-Балалар, маған бүгін барлықтарыңда қатты ұнадыңдар. Рахмет сендерге. Қонақтармен қоштасады.
№4 «Еркемай» балабақшасы
«Ормандағы оқиға»
Тәрбиеші: Мусенова Э.Ж
Көкшетау 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген