400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды орманмен, ондағы жабайы аңдармен таныстыру. Ертегі сахналау арқылы балалардың өнерлерін шыңдау. Танымдық қабілеттерін дамыту. Достыққа тәбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,шыршалар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша!

Көз тоймайды қараса!

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса!

Тәрбиеші: Көңіл күйлеріңіз қалай?

Балалар: жақсы.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Себебі, мен сендермен орманға саяхат жасамақпын. Саяхатқа дайынбыз ба?

Балалар: дайынбыз.

Тәрбиеші:олай болса көзімізді жұмайық. Релаксация (елестету)

Енді көзімізді ашайық. Міне ғажайып орманға да келіп қалдық. Олай болса оқу қызметімізді бастайық.

-Балалар есімізге түсірейікші .

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыстың қандай айы?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Қыста қар болады. Ұстасаң қолың тоңады.

-Жарайсыңдар.

-Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)

2.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

-Дұрыс айтасыңдар. Орманда түрлі ағаштармен бірге шырша да өседі екен. Ауасы қандай таза. Таза ауамен демалайықшы.

-Орманда нелер өмір сүреді?

-Жабайы аңдар өмір сүреді.

-Өте жақсы онда мен сендерді жабайы аңдармен таныстырып өтейін.

Суретпен жұмыс.

Осы аңдардың ішінде қыс бойы ұйықтайтын қай жануар?

-Аю.

-Қане аңдар туралы тақпақ айтып берейікші.

-Ақ қоян-ау ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян,

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям.


-Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.


-Ормандағы аюдың

Құлпыныйы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


Жарайсыңдар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Өзі қу,

Жүрген жері айқаймен шу. (Түлкі).

2. Сыбдыр шықса қашады,

Сайдан бір-ақ асады. ( Қоян)

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасаң,

Су өтеді қолғаптан.

-Балалар,мен сендерге «Түлкі мен қоян» ертегісін айтып берейін. Енді осы ертегіні сахналайық.

- Ертегі сендерге ұнады ма?

-ұнады.

-Қорытындылау.

-Балалар,орманда қандай аңдар өмір сүреді?

-Қандай ертегіні сахналадық?

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар,сендер әрі ақылды,әрі өнерлі, көп біледі екенсіңдер.




























Ақ қоян-ау ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян,

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям.



-Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.



-Ормандағы аюдың

Құлпыныйы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық





Ақ қоян-ау ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян,

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям.



-Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.



-Ормандағы аюдың

Құлпыныйы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі