«Орманға саяхат»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Орманға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи материалмен таныстыру (бұтақ, шөп) оны пайдалану тәсілдерін көрсету. Сәндік-қолданбалы шығармашылыққа қызығушылықты ояту, эстетикалық талғам мен практикалық дағдыларды қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоба: «Кішкентай құрылысшылар»

Мақсаты: Құрылысшы мамандығы туралы түсініктерді кеңейту. Ізденімпаздық пен зияткерлік бастаманы ынталандыру.

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Міндетті: Табиғи материалмен таныстыру (бұтақ, шөп) оны пайдалану тәсілдерін көрсету. Сәндік-қолданбалы шығармашылыққа қызығушылықты ояту, эстетикалық талғам мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Керекті құралдар: қартон, бұтақтар, шөп, жапырақтар, ПВА желімі, ермексаз.

-Балалар сендер қайда тұрасыңдар? «Үйді қандай мамандар салады?» Кім өз мекен-жайын біледы? Қандай үйде тұрасындар? Көршілерінің үйлері қандай? Үйлердің қандай ерекшеліктері бар екен? Үйге терезе, есік қажет пе? Шатыры қандай?

Үйлердің қандай түрлері болады екен?

Үңгір (пещера). Сакля. Киіз үй. Қазіргі заманғы үй.

Үй тапсырмасы бойынша біз әкелерімізбен бірге картоннан үй құрастырдық.

Үйлердің айырмашылығы қандай? Неден жасалынған? Бұл үйде адамдар тұра аладыма? Неге? Бұл үйлер кімге арналған?

Бүгін балалар біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз, ал қазір қайда баратынымызды ойланып табындар. Көзімізді жұмып, мұқият тыңдаймыз. (Орман музыкасы – музыкалық терапия, ароматерапия – шырша, шырша иісі) Ағаштың жапырақтары сыбдырлап түсіп жатыр, қоян секіріп жұр, тиін жаңғақтарын жинап қысқа дайындалып жатыр, құстардың дауысы естіледі. Кім табады бұл қай жер?

Балалар: орманда.

Дұрыс, жарайсыңдар балалар. Орман – үлкен кеңістікте қатар өсетін ағаштар жиынтығы. Бұталары көп, жерде жайылған шөп. Ағаш қабығының, жапырақтардың, шөптердің, мүктердің және саңырауқұлақтардың иісі - бір сөзбен айтқанда, нағыз орман тұнбасы! (ароматерапия)

Қалың шөп басқан тар жол бізді орманға кіруге, ағаштарға, таза ауамен демалуға шақырады.

Біз орманға келдік, оң жаққа қарасақ бір бала қарағайға шықты.

Ол үш бұтақты сындырып үлгерді, секіріп, айқайлап, барлық кішкентай жануарларды қорқытты. Орманда от жағам деп жас талды да сындырды.

Сол жаққа бас бұрсақ екінші бала кірпіге тас лақтырып тұр. Балалар орманда

өзің-өзі қалай ұстау ережелерін еске түсірейік.

Орманды аралап жүргенде, егер кенеттен ауа райы бұзылса, біз өзімізге

орманда баспана жасай аламызба?

«Табиғи материалдан орман саятшылық үй жасау»

Орманда бір күндік саяхатта орнатуға болатын саятшылық үй құрастырамыз. Саятшылықты салу үшін табиғи материалдарды қолданамыз: ағаш бұтақтары мен қабығы, сабан, шөп. Саятшылықты салу үшін біз бір-бірінің жанында тұрған екі ағашты тауып, бұтақтарына көлденең тірек қоюымызға да болады. Саятшылық шатыр түрінде салсақ да болады. Көбінесе жұқа және ұзын сырықтардан шатыр тірегі салынады, қажет емес құрап қалған бұтақтар кесіліп, конус немесе шатыр түрінде орналастырылады, шөптер мен бұтақтармен жабылады. Саятшылықты салу үшін бізге қораптың қақпағы, бөлшектерді, бұтақтарды, және жапырақтарды бекітуге арналған ермексаз, ПВА желім қажет. Алдымен екі тік және бір көлденең таяқшадан саятшылықтың жақтауын жасаймыз. Біз саятшылықтың ішіне жапырақтардан, сабаннан, шөптен төсеніш төсеп қоямыз. Екі вертикалды солға және оңға тірек бұрышында орналастырамыз. Екі көлбеу тірекке көлденең таяқшаларды орналастырамыз. Саятшылықтың жақтауы дайын болғаннан кейін ермексазды пайдаланып төменнен бұталарды бекітеміз.

Ұлдар ұш командаға бөлініп құрастырады. Қыздар шөптен, жапырақтардан төсеніш жасап, әшекейлейді.

Табиғатты сыйлайық,

Бұтақтарын жұлмайық.

Жер-Анаға бас иіп,

Табиғатты қорғайық.

  • Балалар сендерге табиғи материалдан орман саятшылық үй жасаған ұнады ма?

  • Қай топтын үйі ерекше? Неліктен?

(Балалар пікірлерін айтады)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
90
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі