400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Орманға саяхат "Р" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орманға саяхат Р дыбысымен таныстыру, Р дыбысын жеке, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтуды машықтандыру арқылы фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арнайы түзету әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Дыбыс айту қабілеті мен тіл дамыту

Тақырыбы: Орманға сяхат. Р дыбысы

Мақсаты: Р дыбысын машықтандырып, жабайы жануарлар туралы білімдерін пысықтау арқылы дұрыс дыбыстау мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Р дыбысының, сипаттамасымен таныстырып, артикуляциясын нақтылау. Жабайы жануарлар туралы түсініктерін бекіту.

2. Балалардың сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу тілдерін, фонематикалық қабылдау мен анализді, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жайлау, қошқар

Құрал-жабдықтар: үрлеуге арналған гүлдер, бүрлер, жабайы жануарлардың үлестірмелі суреттері, құрғақ бассейндегі үрмебұршақтар, көгершін мен хат, мнемокесте түріндегі жаңылтпаш, көктемгі табиғат көрінісі, қасқыр, сиыр, жолбарыстың бет перделері, сиқырлы таяқша, әңгіме құрастыруға арналған мнемокесте, құрастыруға арналған борсық, кірпі, қасқырдың бөліктері

Билингвиалды компонент: жабайы жануарлар – дикие животные, қасқыр - волк.

Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, тыныс алу жаттығуы, артикуляциялық жаттығу, өздік уқалау, құрғақ бассейн, «Он сұрақ» әдісі, INSERT әдісі, АҚТ, мнемотехнология, логоритмика, Венн диаграммасы.

Іс-әрекет кезеңдері



Логопедтің әрекеті

Балалардың тілдік іс-әрекеті

Есеп

+

-

Себептік әрекетті ояту


Сәлеметсіндер ме, балалар!

Шаттық шеңберін өткізу:

«Ән салуға барамыз»

Сәлеметсіз бе!

Шеңберде балалар орындайды, көңілдерін сабаққа аударады







Ұйымдастырылған ізденіс кезеңі



  1. Көгершін әкелген хатты оқу. Хатта орманда үй жануарларының жабайы жануарлармен араласып, адасып кеткені, қандай үй жануарларының араласып кеткенін білуге көмек сұрағаны айтылады.

  2. Сиқырлы таяқтың көмегімен орманда болу.

  3. «Қайсысы алысқа ұшады?» музыканың сүйемелдеуімен орындалатын тыныс алу жаттығуы

Балалар ерекше зейінмен тыңдайды, көмек беруге ұмтылады.









Балалар дұрыс тыныс алады.



Негізгі бөлім:
























  1. Үй жануарларын табу үшін карта балаларға карта жол көрсетеді.

  2. «Ненің дыбысы?» д/о. Мақсаты: атты шапқан шабысынан тану.

  3. Артикуляциялық жаттығуды орындау: «Ат шауып келеді»

  4. Карта екі аяқ жолға жол көрсетеді. Балалар аттап, орындыққа отырады. Р дыбысының артикуляциясын нақтылау.

  5. Өздік уқалау жасау. Р дыбысын буындарда түрлі дауыспен бүрмен қолдарың уқалап дұрыс айту

  6. Құрғақ бассейннен жабайы жануарлардың суреттерін тауып, буынға бөлу, буынұйқас құрастыру,Р дыбысын дұрыс айту.

  7. Карта өзенге жол көрсетеді.

  8. Су перісі балаларды жануарларға айналдырады. «Он сұрақ» әдісі бойынша өздерінің кім екендерін анықтау үшін сұрақтар қояды.

  9. Карта үйшікке жол көрсетеді.

  10. Жұппен жұмыс. Жабайы жануарлардың суреттерін бөліктерден құрастыру.

  11. Мнемокесте бойынша жабайы жануарлар туралы әңгіме құрастыру.

  12. Мнемокесте бойынша қасқыр туралы жаңылтпашты айту, балалар Р дыбысы бар сөздерді табады.

  13. INSERT әдісі арқылы сөздік жұмысын жүргізу: жайлау, қошқар

  14. Музыка сүйемелдеуімен жаңылтпашты Р дыбысын дұрыс айтып қайталау.

  15. Сиқырлы музыка әуенімен үш рет айналып, балалар балабақшаға оралады.



Балалардың жауаптары


Балалар айнаға қарап жаттығу жасайды.

Р дыбысын айтқанда тілді үстіңгі тістің

артындағы таңдайдың алдында тұрады. Тілдің ұшы дірілдейді.

Ра-ра-ра

Ро-ро-ро

Ру-ру-ру т.б.

Бор-сық екі буын бар, сық-сық- сық - семіз борсық т.б.




Балалардың сұрақтары





Балалар құрастырады.



Балалар әңгіме құрастырады.


Қасқыр, сұр, қара, барады, қошқар



Балалар тиісті белгілерді көтереді, тыңдайды, қайталайды. Барлығы хормен және жеке айтады.










Рефлексия

  1. Венн диаграммасы арқылы қорытындылау. Балаларды бағалау.Балалар бір-бірін, өз-өздерін қызыл және сары алмаларды ағашқа орналастыру бойынша бағалайды.

Балалар қол көтеріп және логопед нұсқаумен жауап береді.

Балалардың жауаптары





Күтілетін нәтиже:

Білу: Р дыбысының артикуляциясын, үй және жабайы жануарларды ажыратуды.

Меңгеру: жабайы жануарлар туралы жаңылтпаш айтып, әңгіме құрастыру

Қолдану: Р дыбысын сөйлеу тілінде дұрыс, анық дыбыстауды.









Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №14 арнайы балабақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны












Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Дыбыс айту қабілеті мен тіл дамыту

Тақырыбы: «Орманға саяхат. Р дыбысы»












Мұғалім-логопед: А.А.Жанабаева:















Павлодар қаласы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі