400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өрнек әжейде қонақта" балабақша "Күншуақ"тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Экология, 
Бөлімдері: Тіл дамыту, ҚМТҚ, Экология, Драма.
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!. Шаттық шеңбері:
Шеңберді біз құрайық Алақанды ашайық Күннің нұрын алайық, Қонақтарға шашайық. Сәлеметсіздер ме қонақтар! Қане балалар көз алдымызға біз орманда жүрмиз деп елестетейік. Іздену ұйымдастырушы : Орманда балалар нелер мекендейді? Дұрыс айтасыңдар балалар! Орманда міне әдемі саңырауқұлақтар да бар екен.
Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу ақырып жатыр кім екен? Аю екен балалар. Мен аюмын, аюмын Орманда мен тұрамын Қыс мезгілі келгенде Қар астында ұйықтаймын, Аю өзімен бірге ойын әкеліпті кәне қарайын. Жұмбақ шешу:
1) «Ұзын құлақ көзі қыли, қорыққан сайын секіреді ылғи». (Қоян) 2) «Төрт түліктің қас жауы, түзде жүрген көк сері» (Қасқыр)

3) «Құйрығы бұлаң бұлаң етеді, барлығын алдап кетеді.» (Түлкі)
4) «Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады». (Аю) Балалар дұрыс таптыңдар жарайсыңдар!
Балалар орманда тағы қандай аңдар жүреді? Дұрыс айтасыңдар! Міне секіріп, секіріп Қоян да келе жатыр екен қараңдаршы. Мен қоянмын, қоянмын Түнде жорыққа жортамын Қалдырмаймын ізімді, Өйткені күндіз қорқамын. Балалар қоян не жиді? Қоян сендердің ойын жақсы көретіндеріңді біліп мынадай ойын әкелген екен. «Сәбіз бен қырыққабатты санау» Жарайсыңдар балалар қоянның да ойынын ойнадық. Сергіту сәті Көлбең көлбең көлеңкем Көлбең деген көлеңкем Кім көрсетіп береді Қоян қалай секіреді, Қасқыр қалай жорытады, Түлкі қалай жүреді Аю қалай қорбаңдайды.
Балалар тыңдаңдаршы ұлыған дыбыс шығып жатыр. Орманда ұлитын қандай аң? Қасқыр қолында бір ойыны бар екен. Балалар назарларын дыбысқа аударады. Қасқыр ұлиды. Қасқыр Мулян у - у - у - ыр - ыр – ыр етіп келеді. Мен көкжал қасқырмын Малшыны састырдым Аш болсам ұлимын, Ауылды торимын. Қасқырдың ойынын ойнайды «Аңдардың балаларын тап» (шарты: әр аңның балаларын аттарын атап, аналарының қасына қою)
Балалар ағаш арасымен жортып келе жатқан мынау қандай аң? Дұрыс айтасыңдар балалар «Түлкі» Кәне балалар түлкіні тыңдайық бізге не айтады екен. Жортаңдаған түлкімін Ештеңеден саспаймын Тікенегін кірпінің Аяғыммен баспаймын. Өзімен бірге ойын да ала келіпті. «Неге ұқсайды» геометриялық фигураны табу.
Тіл ұстарту жаттығуы: Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян Ю-ю-ю қорбаңдаған аю Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр

Рефлексивті, түзету: Жарайсыңдар балалар! Біздер ормандағы аңдармен таныстық, ойынын ойнадық. Біздің бақшамызға қайтатын уақытымыз да таяп қалды. Кәне сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Біз бүгін қандай аңдармен таныстық? Бізге кімдер келді? Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туралы мағлұмат алады. Қандай түсініктерді игереді: Жабайы жануарлар туралы түсініктерді игереді. Меңгерген іскерліктер мен дағдылар: Жабайы жануарларға қамқор болуды тәрбиелеп, меңгереді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі