400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өрнек әжейде қонақта" балабақша орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».

Бөлімі: Тіл дамыту, жапсыру, құрастыру.

Тақырыбы: «Ою – өрнек сәніміз».

Білімділігі: Балаларды халық мәдениетіне үйрету. Балаларды ою – өрнек түрлерімен таныстыру. Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.

Дамытушылығы: Балалардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, сұлулыққа жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сызу, қию, жапсыру.

Дидактикалық материал: Көрнекіліктер, ұлттық ою - өрнектер, киіз үлгісі, ою – өрнектердің сызбасы, құмтерапиясы, желім, трафарет. үй жабдықтары; ұлттық киім-кешектер

Сабақтың барысы:

Іс-әрекет кезеңдері,тәрбиешінің іс-әрекеті және балалардың іс-әрекетінен тұрады.

Іс-әрекет кезеңдері:

1.Мотивациялық,қозғаушы

2.Ұйымдастырушы,іздестіру

3.Негізгі

4.Қорытынды

Мотивациялық,қозғаушы кезеңде балалар сабаққа деген көңіл-күйлерін реттеп, болатын сабаққа жинақталады.Бұл кезеңде балалармен шаттық шеңберін жасадық. Балалар шеңберде тұрып бір-бірінен қалдарын сұрап,бір-біріне жақсы көңіл-күй тіледі.

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларға сұрақтар қоя отырып алдыңғы сабағымды пысықтадым және жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін ашып алдым.

Бұдан кейін балаларға тосын сый жасау арқылы Ғажайып сәтті тамашаладық.Бұл кезде балаларға Қошқар мүйіз қонаққа келіп,өзінің достарынан ажырап қалғанын айтып,балалардан достарын табуға көмектесулерін сұрады. Балалар оюлар жайлы өлеңдер мен мақал-мәтелдерін ортаға салды.(Өлеңдер мен мақал-мәтелдер алдын ала берілген) Қошқар мүйізбен достарын іздеу барысында әжейдің үйіне қонаққа бардық.

Әжейдің үйіне барар жолда сергіту сәті орындалды.

Негізгі бөлім: Әжейдің үйінде әжей оюлардың түрлерімен ,киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарымен таныстырды. Сандық, көрпе, жастық, торсық, киім-кешектерге – кимешек, кажекей, сырмақ т.б.

Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою – өрнексіз болмағанын, көптеген бұйымдарға оюлар жасап біте алмай жатқанын айтып ,балаларды ою-өрнекпен жұмыс жасауға шақырды.

 1. Балалардың үстелдерінде қағаз бетінде оюлар бейнеленген, сол оюды қиып, әртүрлі бұйымдарды безендіреміз.

2. Фребель сыйы ойыншықтар жиынтығын қолданып оюлар құрастырамыз.


3. Балалар құм терапиясын қолданып трафарет арқылы оюлар жасайды.

Балалардың жұмыстарын мақтап әжеге көрсеттім.
Әже алғысын білдірді .

Қорытынды бөлім:

Балаларға сұрақтар қоямын.

-Бүгін сабақта не жайлы өттік.

-Сабақ сендерге ұнадыма? деп сұрақтар қоя отырып сабағымды аяқтадым.

Балаларды бағалау:

Балалар алдарында жатқан смайликтеріне көңіл-күйлерін белгілеп жоғары көтерді.

Сабақтың басында қойылған мақсат-міндеттерім орындалды деп ойлаймын,оның нәтижесі мынындай:

Ұлттық ою - өрнек туралы білді.

Берілген жұмыстарды дұрыс орындай алды..

Ою – өрнектерді жасай білді.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі