Тексерілді:
Сыныбы: Күні:
Пәні:
Сабақтың
тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың
орындалу тәртібі”
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Үш амалдан тұратын
жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
жайлы түсінік беру; есеп шығаруды
меңгерту;
Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін
дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын
жетілдіру.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,
жинақтылыққа тәрбиелеу .
Көрнекілігі: кестелер,сызбалар,
интерактивті тақта.
Әдісі: түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық, пәнаралық
байланыс.
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалардың зейіндерін
шоғырландыру.
ІІ.Өткенді
пысықтау.
Ал, балалар, есімізге
түсірейік, қандай амалдарды
білеміз.
“ – “ , “ + “
. “ х“ ,
“ :“
.
Жазбаша
есептеулер (2 және 3 амалдан тұратын
өрнектердің амалдар ретін табу, есептеу)
Балалар, енді бері қараймыз.
Стол үстінде 10 алма, 1 қызанақ жатыр. Осы 10 алманың 6 – уын Алмас
алды, 1 қызанақты Жанна әкеліп қосты. Осы есепті шығаруымыз
керек.
10 + 1 - 6 +
1
Барлық картоп саны 10 еді,
Ақмарал әуелі 4 үлкен картоп, содан кейін 1 кішкентай картоп алды.
Ақмарал барлығы неше картоп алды, тарелкеде неше картоп
қалды.
ІІІ. Жаңа
сабақ. –
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер
4 ·(10 - 7)= 80 - 4
· 10=
6 · 4 +26 = 30
: 3+ 100=
(28+4):4 = (40-30) :
10=
жақшасы бар өрнектерде
алдымен
жақша ішіндегі амалдар
орындалады:
ретімен көбейту мен бөлу
амалдары,
содан соң қосу мен азайту
амалдары.
Дәптермен
жұмыс. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз:
Қазір қай ай? - Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз:
Қазір қай ай? ? Осы айда қандай атаулы күн бар?
Көркем жазу
жазайық.
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
а) 8 : (5 : 5 + 1) өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша
түсіндір.

8 :
(5 : 5 + 1) = 8 : 2 = 4
ә) Схема бойынша өрнек құр. Оның мәнін
тап.

(26
– 6 ∙ 4) ∙2 = (26 - 24) ∙ 2 = 2 ∙ 2 =
ІV. Сергіту сәті.
Тақтаға 3 оқушы шығады.
4х 1 + 2 1 6 + 3 х2 7 8 — 5 х
2
— Қай оқушы бұрын шығарса, сол
оқушыға
смайлик беріледі.
V. Жаңа сабақты меңгеру
.
«Ойна да ойла!» ойыны. Шығармашылық жұмыс.
Теңдік тура болатындай етіп, жақшалар
қой:
7 –
5∙ 4 + 2 = 10 3 ∙ 4 – 2 ∙ 2 = 20
+ 9
: 9 - 1 = 13 40 : 4 – 2 : 2 = 10
(7
– 5) ∙ 4 + 2 = 10 (3 ∙ 4 – 2) ∙ 2 = 20
+
(9 : 9) - 1 = 13 40 : (4 – 2) : 2 = 10
Ауызша
есептеулер. «Тез ойла!» логикалық
тапсырма
1.Шөптердің арасында қояндар тығылып отыр,тек 40
құлағы көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?
2. Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті.
Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?
3. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді.
Барлығы неше балық болды?
4.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он.
Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
VІ. Сабақты
қорытындылау:
-
Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен
көрсету).
- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?
- Өткен тақырыптарды қайталадық ..
- Есептер шығардық.
- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап
бердік.
VІІ. Білімді
бағалау:Белсенділік танытқан
оқушыларды мадақтау,марапаттау.