жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Орнында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс»
"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
«КЕЛІСІЛДІ» Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары ___________ Р.А. Турмаханова «_____»_____________2019ж. . |
«БЕКІТЕМІН» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ___________ Ш.А. Дауленбаева «___» ________2019 жыл
|
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Орнында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс»
Өткізілетін күні: 22.04.2019ж
Өткізілетен орны: саптық алаң
Оқу тобы: О-181
Курсы: 1
Пән мұғалімі: Құрманбеков С.С.
"Жалпы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Темирханова С.Т.
Байқоңыр қаласы 2018-2019 жыл
Сабақ өткізілетін күні: 22.04.2019
Сабақ өткізілетін орны: Саптық алаң
Сабақ тақырыбы: Орнында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Білімділік мақсаты: Студенттерге сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерді үйрену.
Дамытушылық мақсаты: Жауапкершілік сезімін дамыту, әскери білім дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды қорғауда әскери қызметшілердің жеке басының өз еліне, халқына қызмет етуіне моральдық жауынгерлік қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша, көрнекілік және практикалық әдістер
Сабақтың көрнекілігі: әскери форма
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Взводты саптық тұрысқа тұрғызу.
2. Бөлімше командирінің баяндауы.
3. Бөлімшемен сәлемдесу.
4. Бөлімшенің сырт бейнесін тексеру.
5. Бөлімшенің сап даярлығын қадағалау.
II Өткен сабақты сұрау
Сап
- әскери қызметшілердің, бөлімшелердің
және бөлімдердің Жарғымен белгіленген
өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу
тәртіптегі орналасуы.
Қатар
– қатарда белгіленген бір сызық бойында
әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің
қасында орналасқан сап.
Машиналар
желісі
- машиналардың біреуі екіншісінің
қасында бір сызық бойында орналасуы.
Қаптал
–
саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған
кезде сап қапталдарының аттары
өзгермейді.
Маңдайшеп
– саптың әскери қызметшілер тіке қарап
тұрған жағы.
Саптың
тыл жағы
– маңдайшеп жағына қарама-қарсы
жақ.
Аралық
–
маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің,
бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы
аралық.
Арақашықтық
– түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің
бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы
аралық.
Сап
ені
– қапталдар арасындағы қашықтық.
Саптың
ұзындығы
– саптың бірінші қатарынан саптың соңғы
қатарына дейінгі аралық.
Екі
қатарлы сап
– бір қатардағы әскери қызметшілер
басқа қатардағы әскери қызметшілердің
ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта
орналасқан сап. Қатарлар бірінші және
екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда
қатарлар өзгермейді.
Лек
- әскери қызметшілер бір-бірінің ту
сыртында жарғымен немесе командир
белгілеген арақашықтықта орналасқан
сап.
Жазылма
сап
– бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір
сызықтың бойында бір қатарлы немесе
екі қатарлы сапта жарғымен немесе
командир белгілеген арақашықтықта
орналасқан сап.
Жорық
сабы
– бөлімше леккке немесе бөлімшелер
лектерде бір-бірінің артында белгіленген
арақашықтықта орналасқан сап.
Бағыттаушы
–
көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп
келе жатқан әскери қызметші.
Тұйықтаушы
–
лектегі соңғы келе жатқан әскери
қызметші.
Алдын
ала берілетін және орындалатын
пәрмендер.
Сапты
басқару дауыспен, белгілермен командир
беретін пәрмендермен және бұйрық берумен
жүзеге асырылады.
Пәрмендер
алдын ала берілетін және орындалатын
болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын
ғана болуы да мүмкін.
Алдын
ала берілетін пәрмендер - саптағылар
командирдің олардан қандай әрекеттерді
талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық,
қатты, және созылмалы дауыспен беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл
және нақты орындау қажет. Пәрмендер
берілгенде, саптағы әскери қызметшілер
саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан
тыс болса, бастық жаққа бұрылады да,
саптық тұрысты қабылдайды.
Мысалы:
«Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА»,
«Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т.
б.
Қабылдауды
жою немесе орындауды тоқтату үшін:
«Тоқтат» пәрмені беріледі.
Сапқа
тұру алдындағы және саптағы әскери
қызметшінің міндеттері.
Әскери
қызметші:
-
өзінің қаруының, жеке қорғаныс
құралдарының, бекініс құрал-саймандарының,
нысанды киімдерінің және жабдығының
жарамдылығын тексеруге;
-
нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге,
жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге,
анықталған кемшіліктерді жою үшін
жолдасына көмектесуге;
-
саптағы өз орнын білуге, оған жылдам
және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде
түзелімді, белгіленген аралық пен
арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік
талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз
шықпауға;
-
сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі
тартпауға, командирдің бұйрықтары мен
пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға,
жылдам және нақты, басқаларға бөгет
жасамастан орындауға;
-
бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай,
қатты және нақты өткізуге
міндетті.
Сәлемдесуге
орнында тұрып жауап беру.
Аға
шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы
мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы
мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан
тыс тұрған барлық әскери қызметшілер:
«Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза»,
«Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп
жауап қатады.
Әскери
сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында
бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде
тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып
саптық тұрысты қабылдау керек және оның
соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы
керек. Егер бас киім киілген болса,
саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы
саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда)
тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың
сызығында және биіктігінде болатындай
етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде
ұстау керек.
III Жаңа материалдарды меңгерту
Орнында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Әскери саптық дайындық
Саптық
дайындық — әскери тәртіпке үйретіп,
тәрбиелейтін басты маңызды пәндердің
бірі. Ол әскери қызметшілерді саптық
бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке,
тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді,
сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді
қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға
бағытталған. Саптық дайындық төмендегі
бөліктерден тұрады: қарумен және қарусыз
орындалатын жеке және саптық дайындық;
бөлімшенің (есеп тобы, экипаждар),
взводтардың, ротолардың (батереялар),
батальондардың (дивизиондар) және
бригадалардың жаяу жөне машинамен
қозғалысы кезіндегі саптық реттілігі;
бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауы,
сондай-ақ ұрыс алаңындағы әскери
қызметшілердің қозғалыс жасау тәсілдері.
Саптық дайындық сабақ кестесінде қарастырылған уақытта өткізіледі. Ол тактикалық дайындық, атыс дайындығы және дене дайындығы сабақтарында, күн сайын өткізілетін қозғалыстар мен сапқа тұру кезінде жетіле түседі.
Орында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Орында тұрғандардағы бұрылыстар: “Оң-ҒА!”, “Жарты айналым оң-ҒА!”, “Сол-ҒА!”, “Жарты айналым сол-ҒА!”, “Артқа Бұрыл!” пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бүрылу, жартылай солға бұрылу — сол қол жаққа қарай сол өкшемен жөне оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу, жартылай оңға бұрылу — оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі қимылда орындалады:
бірінші қимыл — дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салып бұрылу;
екінші қимыл — қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.
Қозғалыс адыммен немесе жүгіре отырып жасалады.
Адымдай қозғалыс жасау минутына 110-120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 70-80 см.
Жүгіре отырып қозғалыс жасау минутына 165-180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты
шерумен жүріп өтуі кезінде; қозғалысы
кезіндегі; әскери сәлемдесуді орындау
кезінде; командирдің (шені үлкен)
бөлімшеге нұсқау беруі кезінде, әскери
қызметшінің командирге (шені үлкен)
баруы және қайтып оралуы, әскери қызметші
саптан шыққанда және сапқа қайтып
келгенде,
сондай-ақ саптық дайындық жөніндегі
сабақтарда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саптық адыммен — БАС!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым — БАС!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, салмақты орнықтылығын сақтай отырып оң аяққа салу керек; пәрмен берілгенде қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшы жерден 15-20 см жоғары көтеріліп, алға созылады және табанға нық қойылады (1, а-сурет). Қолдармен иықтан бастап дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — иық буынынын, шегіне жеткенше. Саусақтарды жартылай бүгіп, басты тік ұстап, алдыға қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде командирдің (шені үлкен) нұсқауымен, сондай-ақ «ТІК ЖҮР!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Ал саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «ЕРКІН ЖҮР!» пәрмені бойынша жорықтық адымға ауысады.
Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орныңда адым — БАС!» (қозғалыс кезінде: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі. Шынтақты бүгіп денеден алақан еніндей қашыктықта белдіктің үстінде ұстау. Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жүргізіледі, бұл ретте аяқты жерден 15-20 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қояды. Сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «ТУРА!» пәрмені бойынша оң аяқпен орында тұрып тағы да бір адым жасап, қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастайды. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болады.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА!» пәрмені беріледі. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов — ТОҚТА!» Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасау керек және саптық тұрысты қабылдау керек. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «КЕҢ АДЬІМ!», «ҚЫСҚА АДЫМ!», «ЖИІ АДЫМ!», «СИРЕК АДЫМ!», » АДЫМ!», «ТОЛЫҚ АДЫМ!» деген пәрмендер беріледі.
Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға басқа жаққа ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков, оңға (солға) екі адым — БАС!» Бұл кезде әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым аттау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) — БАС!» Осы пәрмен бойынша әрбір адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, алға (артқа) екі адым басу керек. Оңға, солға және артқа орын ауыстыру кезінде қолмен қозғалыс жасалмайды.
Қозғалыстағы бұрылыстар
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар: «Оң-Ға!», «Сол-Ға!», «Артқа бұрыла — БАС!» пәрмендері бойынша орындалады. Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға — сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек.
Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі. Жүгіре отырып қозғалу кезіндегі солға және оңға бұрылу қозғалыстағы адымдай жүру кезіндегідей және орында тұрып бұрылыс жасаудағыдай қадаммен, жүгірумен үйлестіріле орындалады. Жүгіріп келе жатқанда артқа бұрылу бір орында сол қол жаққа қарай төрт есепте жүгірумен үйлестіріле жүргізіледі.
IV Өтілген материал бойынша студент білімін тексеру
V Қорытындылау
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма
Саптық дайындық дегеніміз не?
Орында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс.
Қозғалыс кезінде бұрлулар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Гуманитарлық бағытта Алматы «Мектеп» 2006 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Алматы «Мектеп» 2014 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
Алғашқы әскери дайындық 11сынып. 2003жыл.
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
Ашық сабақ факультативті сабақтар №1(39) №5-6(43-44) 2015жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген