400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Өрт - тілсіз жау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өрт тілсіз жау.

Мақсаты:

Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен сақтау жолдарын үйрету, қауіп төнген жағдайда өздерін қорғай білуге машықтаныдру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұқтыру. Балаларға өрт өшіретін құралдарды қалай пайдалануға болатынын үйрету. Өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші:

  • Балалар, біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік. От өміріміздің қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өміріміздің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Ал, тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымз да жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтапған. Отты жер – қуатты жер. Мал біткенге күш-қуат беретін жер. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбекті істей алмайды. Сонымен, от – өміріміз десек те оның әлемді жайлаған алапаттың бірі – от қауіпін шығаратын да естен шығармағанымыз жөн.

  • Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан кейде өрттің алай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. Оттың зиянды жағы да бар.


  • Өрттің қандай зияны бар балалар?


Оттың зиянды жақтары:

Отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады.


Оттың шығу себептеріне тоқталайық. (көрініс көрсету)


  • Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім айтады?

  1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса.

  2. Шырпымен ойнаса.

  3. Үтікті қосып кетіп қалса.

  4. Газды ашып қалдырып кетсе.

  5. Электр көзіне жоламау.


  • Ал, балалар, бойымызды бір сергітіп алып, ұйымдастырылған оқу қызметімізді жалғастырамыз.


Сергіту сәті.


Ойын: Өрт сөндірушіге не қажет?

Мақсат: Өрт сөндірушінің қажетті заттарын жинақтайды.


Тақпақтар.

От жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің.


Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

Қазір жанған жалынды,

Алып ұшып қуалмақ.


  • Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Сендер шешуін табыңдар.


  1. Бір үйде тұрады 52 батыр,

Үй сыртына сүйесақ өліп жатыр. (Сіріңке)

  1. Өртті көрсе зулайды,

Жүрген жері шулады. (Өрт сөндіруші машина)

  1. Қызып кетсе табаны,

Бар жалғыз-ақ алаңы.

Бар жалғыз-ақ шатағы,

Іздей бастар матаны. (үтік)

  1. Жаурағанды күйдірер,

Өз еркіне жіберсің.

Дүниені бүлдірер. (От)


Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттарды жинақтау».

Қауіпті заттар: үтік, газ, шырпы, майшам, темекі, шаш кептіргіш.

Қауіпсіз заттар: доп, қуыршақ, көйлек, кітап.


Тәрбиеші:

  • Балалар, от туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

  1. Отпен ойнама, күйерсің.

  2. Ойын түбі от.

  3. От пен су – тілсіз жау.

  4. От жақпа пісерсің, ор қазба түсерсің.

  5. Сумен ойнама батарсың, отпен ойнама күйерсің.


Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша!

  • Балалар, мен сендермен тағы ойнағым келіп тұр.

  • Ол ойын «Текшелер» деп аталады.

Мақсаты: Қойылған сұрақтарға жауап беру.


Қорытынды:

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде өрттің қаншалықыт қауіпті екенін және өрттің шығу себептерін білдік.

  • Әрқашан қауіпсіздік ережелерінің сақтауының керек екенін және де қауіп болған жағдайда кімнің көмегіне жүгінетізімізді білдік.

  • От біздің досымыз да, жауымыз да бола алатынына көзімізді жеткіздік.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі