400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өрт қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өрт қауіпсіздігінен сақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі»

Мақсаты:Төтенше жағдайлар, жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайд, суреттер,
Тәрбиеші:

Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады:

1. Отты абайсыз қолдану;

2. Пештің ақаулығы;

3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Тәрбиеші балатарға өрт қауіпсіздігіне байланысты видеоролик корсетеді.


Shape1


Ал, оасы видео роликтегі балалардың іс-әрекеттерін талқылайық.

- Балалар немен ойнап от шығарды?

- Сіріңкемен.

- Өрт шыққан соң балалар не істеді?

- Өрт сөндірушілерге хабарласып, көмектесулерін сұрады.

- Өртті немен сөндірді?

- Өртті сумен сөндірді.

Shape2

Балалар қандай ой түйін жасауға болады?

1.Сіріңке мен оттықпен ойнамауымыз керек.

2. Газ плитасына жақындамау керек. 

3. Газ плитасы жанып тұрған кезде асханада жалғыз қалмау.

4. Разеткаға жақындама,оған әрбір заттарды тықпа,әйтпесе тоқ ұрады. 

5. Аулада от жақпа ол өртке әкеліп соғуы мүмкін. 

 Олар өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. 


Shape3

Тәрбиеші:Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады.Бүгін сендер оттың дос та ,жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Сергіту сәті.

Қане, қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар.
Отырыңдар, тұрыңдар.
Маған мойын бұрыңдар.
Қолымызды жаяйық
Құстай қанат қағайық
Аяқты бір басыңдар.
Қане, тағы, тағы да
Қол соғайық жабыла
Қане, тағы, тағы да.   

Ойын: Жерге оттың суреттері қойылады. Әр бала оттарды айналып өтіп. Екінші шетіндегі суға жетіп, сол суды оттың үстіне құяды. Осылайша отты сөндіріп шығады

Қорытынды:

Балалар сіздерге сабақ ұ.надыма?

Төтенше жағдай болған кезде нестеуіміз керек?

Өрт сөндіру телефоны неше?

Дәрігерге қалай хабарласамыз?

Өрт шыққан жағдайда нестеуіміз керек?

Осымен бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңыздар.

 

Shape4

МКҚК «Қошақан» бөбекжайы









Shape5

«Өрт қауіпсіздігі»



(ойын-сауық)

Picture 41


Тәрбиеші: Каратаева А.Н.












2023-2024жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
13 қыркүйек
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі