Материалдар / Өрт табиғат зияны

Өрт табиғат зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАБҚШАҒА ОЙЫН САУЫҚ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Өрт – табиғат зияны».

Мақсаты : Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.Көрнекіліктер: Өрт сөндіру құралдары, суреттерТәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді, отты жер деп бекер айтпаған. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін -отау,үй иесін - отағасы деп атаған.Сахнада: Үй. Көңілді музыка ырғағымен Дымбілмес үйдің қасына келеді.Дымбілмес: Көңілім түсіп тұрғаны. Не бүлдірсем екен(қолындағы сөмкесін сілкілейді де, сіріңкенің дауысын құлағы шалып қалады) О, о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын? (сіріңкені бір - бірден жаға бастайды) Осы кезде шуды естіп қоян үйден шығады.Қоян: Ой, Дымбілмес, сен мұнда не істеп жүрсің?Дымбілмес: Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап. Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарғандай айқалайсың?Қоян: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда, бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді? "Ойыннан от шығар"деген мақалды естімеген бе едің?Дымбілмес: Қойшы сен де, бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?Қоян:(Сіріңке қорабын қолына ұстап)Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!Өзі кішкентай болса да,Бойында алып күші бар.Сіріңкемен ойнасақ,Абайсызда өрт шығар,Соны есте сақтаңдар!Дымбілмес: О, мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін.Тәрбиеші:- Сәлеметсіздер ме, қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды. Қоян дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек. Олай болса, Дымбілмес, қоян, балалар! Өрт қауіпсіздік ережелерімен танысып, ақыл кеңесті мұқият тыңдаймыз:



Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін.1. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта.Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.- Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.- Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Не болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.Балалар ойын-сауығымыздан ақыл – кеңес алдыңыдар,осы ойыннан сіздерге нәтиже береді деген сенімдемін .







































Тақырыбы: «Жас өрт сөндіруші»Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету.Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйретуКөрнекілігі: Өрт сөндіретін құралдар.Білу: Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу.Шаттық шеңбері:Жазда келді сағынта ------------/ балалар іс әрекеттерімен көрсете отырып, қайталайды /Жер жаһанды қаңсыта -------- / Өрт сөндіргіш болып көрсетеді /Іші пысқан балаларОт жақты шөпті бықсытаБықсып жанған от ендіАлып - ұшып жөнелдіӨшірем деп ұмтылғанБалаларға көнбеді.Негізгі бөлім:Тәрбиеші: балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған.Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.Балалар:Тақпақтар үйретуОт жақпа күйерсіңӨртеніп жүрерсіңСіріңкені ұстасаңБәлеге сен түсерсіңОттың ісі қуырмақЖелдің ісі суырмақҚазір жанған жалындыАлып ұшып қуалмақТұрмысқа қажетті заттарды пайдалану, ережесімен таныстыруГаз – плитасын пайдалануАс үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін1. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеуӨрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақтаӨртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.- Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.- Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ