Өрт-тілсіз жау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өрт-тілсіз жау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_____________________

Күні:9.04.18

Сыныбы:6 «Б» кабинет №18

Сынып жетекшісі: А. Байдушова

Тақырыбы: Өрт-тілсіз жау

Мақсаты:   Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету. Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру.  Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі  жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: әңгімелеу, түсіндіру, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:  бейенематериалдар мен слайд, тақырыптық безендірулер.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта

Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

Негізгі бөлім

Кіріспе сөз- От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От-өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. «От – досымыз» делік алайда, сол досымыз жауымызға да оп-оңай айналады.

«Өрттің шығу себептері мен сақтану шаралары» туралы бейнематериалға назар аударайық!

Бейнематериалдан түйген ой-пікірлерін талқылау.

-Өрттің туындауына қандай жағдайлар себеп болады?

-Өрттің шығуына себепші үшінші жақ кімдер?

-Өрт кезінде қандай әрекеттер жасау керек?

-Өрт кезінде кіммен байланыс жасау керек?

«Сақтықта қорлық жоқ» - өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. Өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізу.

Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң газға тамақ қойып, өзі көшеге шығып кетті. Қайнап жатқан тамақтың суы таулылып қалған. Сенің әрекетің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?

Мақал сөздің мәйегі.

Оқушыларға от туралы мақалдардың мәнін ашқызу.

1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі –от.
3. Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
4. От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
5. Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.

6. От пен су –тілсіз жау.
7. Өзі саққа құдай жақ.
8. Сақ жүрсең сау жүрерсің.
9. Сақтықты сұңқырдан үйрен.
10. Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.

Қорытынды бөлім

Түйін: Мін, балалар бүгінгі «Өрт-тілсіз жау» тақырыбындағы сынып сағатымызды аятаймыз.

«От –досымыз, от -жауымыз» екенін есімізден шығармайық. Сынып сағатында айтылған сақтық шараларын естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер және білгендеріңді достарыңмен бөлісуді ұмытпаңдар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2018
988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі