400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Өрт тілсіз жау"

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: «Өрт тілсіз жау»
Мақсаты: Өрттің тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білу дағдыларын дамыту.
Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
«Жұмбақ шешу»
1. Жаурағанды күйдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бұлдірер.
2. Бір үйде тұрады екен 50 батыр,
Үй сыртына сүйкенсе – ақ, өліп жатыр.
3. Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - қыртысын,
Қонымды етер киімді.
4. Қалпағы бар, жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ.
5. Түймесін бассаң,
Сәулесін шашқан.
6.Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім
Жарайсыңдар балалар!

(От)


(Сіріңке)



(Үтік)

(Шәйнек)

(Электр шамы)


(өрт сөндіруші)
Ұйымдастыру-нәтиже
бөлімі
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы «Өрт – тілсіз жау» деп аталады. От
деген өмірімізге қуат беріп, бойымызды
жылытады. От – өмір сәні. Отсыз - тіршілік
жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй
жылымайды.Оттың пайдасымен қатар зиянды
жағы да бар. Егер отты тым асыра дұрыс
пайдалана алмасақ, біз үшін орны толмас зор
қайғы – қасірет әкелетіні хақ.
Сондықтан да осы отырған әрқайсысымыз
отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек.
Тұрмыста отты үнемділікпен,
жауапкершілікпен, ережелерді сақтай отырып
пайдалану керек.Балалардың отпен ойнауы –
өрт шығудың кең таралған себептерінің бірі
болып табылады. Үйде жалғыз қалған
балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты
қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт – тілсіз жау»
деп бекер айтпаған.
(Видеоролик көрсету)


“Ұйқасың тап»
 Бір, екі, үш, төрт, пәтерде болып жатыр























…….(өрт)


Page 2

 Түтін басып кетіпті, сөндірмеген
біреу……
 Қызыл жалын лаулады, демек
шырпымен біреу……..
 Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен
……
 Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні
тез…….

Жарайсыңдар балалар!

Өрт сөндірушілер қай кезде керек?
Өрт қандай себептерден шығады?


Балалар өртке байланысты қандай
тақпақтар білесіңдер!
































Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ
шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан
болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз

(үтікті).

(ойнады)

(хабарлас)

( шақыр)



1. Шырпымен ойнаса;
2.Үтікті қосып кетіп қалса;
3.Газды ашық қалдырып кетсе;

Ерхан
Жел тұрғанда жанған от,
Лаулай жанып өршіген.
Зиян келер аңға көп,
Ормандардың өртінен.
Малика
Орманда от жаққанда,
Сақтық керек балалар.
Сөндіріп кет кетерде,
Шоқ астында шала бар.
Дильназ :
Өрт пен түтін айнала,
Қарап тұрма жай ғана.
Тез хабар бер 101-ге,
Уақытты сен байлама.
Алина
Үлкендерді сыйлаңдар,
Шашылғанды жинаңдар!
Өрт боларын ойлаңдар,
Мамыққа от қоймаңдар.
Надира
Отпен сен ойнама,
Өрт шалады айнала.
Ол тілсіз жау біліп қой,
«Қызық көрем» деп ойлама!
Кәусар
Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек саған да.
Мұқият бол қашанда,
Үйде жалғыз қалғанда.
Шыршаға балауыз ілсеңдер,
Қызық көріп жақпаңдар.
Егер жақсы білсеңдер,
Өрт ережесін сақтаңдар.



Page 3

да бола алатынына көз жеткіздіңдер.
Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің»,
«Өрт – тілсіз жау». Өрт жаңадан басталғанда
сумен өшіреді. Кей кезде құмменде өшіреді.
Ал адамның киімі өртенсе, суға түскені
дұрыс. Су жоқ болса топыраққа ауынап
өшіреді. Егер қасында адам болса матамен
орап отты тұншықтырып өшіреді. Газ
плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету
керек. Егер газдің күлімсі иісі сезілсе сіріңке
жағуға да, электр жүйесінде қосуға
болмайды.

Өрт қауіпсіздігі туралы қандай ережелер
білеміз?
1. Электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін
жүргізбеу
3. Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта
4. Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап
қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.
5. Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп
өшіреді.
6. Адамның киімі өртенсе, суға түскені
дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне
құм себуіміз керек. Болмаса адамды қалың
матамен орап өшіреді.






















Рефлекстік нәтиже
бөлімі
-Балалар өртке байланысты кім мақал-мәтел
біледі?











Өртке байланысты суреттерді бояту.



От туралы мақал –мәтелдер
айтайық.
1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
3.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
4.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
5.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
6. От пен су –тілсіз жау.
7.Өзі саққа құдай жақ.
8.Сақ жүрсең сау жүрерсің.
9.Сақтықты сұңқырдан үйрен.
10.Өрт –тілсіз жау.
От басына өрт салма.
Ойын түбі-өрт.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Өрттің тілсіз жау екенін білу.
Орындай алу: Өрттен, оттан сақтану жолдарын, өрт қауіпсіздігі ережесін меңгереді.
Істеу,істей білу: Өртке байланысты суреттерді бояйды.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі