400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Мунайтбасова Назира Минайдаровна

Новый орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі



Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.

Егеменді еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, жан дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой-өрісі жоғары деңгейде, шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық дарын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Баршаға білім беру моделінен, таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деген сөзін басшылыққа алатын болсақ, қазіргі заманның тәжірибелі, жаңа көзқарасы бар педагог-тәрбиешісіне нақты міндеттер қойылып отыр. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. Мемлекеттің күшейіп гүлденуі жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады. Сондықтан жеке дарынды тұлға бойында таным белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын қалыптастыру қажет, яғни жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білімді меңгерту білім сапасын арттырудың маңызды бөлігі болып саналады.

Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбие беруде жаңа технология - инновациялық педагогикалық идеяларды енгізу, білім сапасын қамтамасыз ету және жаңарту нысаны бол табылады.

Қазақстан тарихын оқытуда жаңа ғасыр талабына сай, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру негізінде тарихи білім беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын нәтижеге бағдарланған білім беруге бағыттау бүгінгі күні өзекті мәселе екені сөзсіз. Қазақстан тарихын оқыту үрдісінде жаңа технологияларды ұтымды пайдалану, оқушыны танымды әрекеттің субъектісі ретінде бәсекеге қабілетті, сапалы білімнің иесі ретінде қалыптастырады. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені, ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тарихын баяндайды. Сонымен қатар мектептегі тарих курсына сол тарихи тәжірибелердің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі бала жүрегіне өте үлкен әсер етеді де адамгершілігі жоғары, өз елін сүйетін саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Осы орайда, бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беру жауапкершілігі күннен-күнге өсе отырып, оқытудың озық технологияларын меңгеруі қажет болып отыр. Жаңа заманғы инновациялық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілеттерінің кеңеюіне, қажетті іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға және ізденімпаздықпен жұмыс істеуіне қажетті мүмкіндіктерді қамтиды. Инновациялық оқытудың оқыту технологияларының мақсаты бір болғанымен, құрылымы, оқыту жүйесі, ұстанымдары, әдіс-тәсілдері түрліше келеді. Жаңа технология жүйесімен сабақ беру үшін үлкен педагогикалық шеберлік керек.

Білім берудегі жаңа технологияларға мыналар жатады: Дамыта оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, зерттеу-жобалау, ақпараттық-коммуникациялық, сатылай-кешенді талдау, сын тұрғысынан ойлау т.б. жаңашыл оқыту әдістері. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері жоғарыда аталған оқыту технологияларының тиімді әдіс-тәсілдерін өзіне таңдап алады. Әр мұғалімнің өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болуы қажет. Барлық инновациялық технологияларды меңгеріп, оны сабаққа көшірме ретінде қолдану мүмкін емес. Менің түсінігім бойынша, мұғалімнің өзіне ұнаған, дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, міне, сол- жаңашылдық болып табылады.

ХХІ ғасырдағы тарих пәні - жалпы адамзат дамуының алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән. Жаңа ғасырдағы әрбір шәкірт өзінің тарихы тереңге бойлаған қазақ даласында туғанын мақтаныш ететіндей, осы елдің өткені мен өзекті тарихын зерттеуге бар ынта-ықыласымен даяр тұратындай болуы шарт. Қойнына сан қырлы сыр бүккен қазақ даласының әр тасы, әрбір жотасы мен даласына жас жеткіншектің сүйіспеншілігін ояту үшін тарих сабағынан шежірелі жерлерге саяхаттар жасауға, ғылыми археологиялық қазба жұмыстарына қатысуына мүмкіндіктер беру қажет. Ол үшін жеке дарынды тұлғаға тарихи-ғылыми жоба жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беріп, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастыру қажет.

Жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту арқылы ұстаз оқушының қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруын қалыптастырады, оқушылардың жобалау, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістемесі арқылы тұлғаның шығармашылық, ізденушілік қабілеттеріне тәрбиелейді. Өз шәкірттерімнің арасында туған өлке тарихының сан қырлы сырларын ашуға ұмтылыс жасаған оқушылардың еңбектеріне тоқтала өтейін. Озық ойлы шәкірттерімнің ішінде Ойыл өңіріне зерттеу жүргізген 8 класс оқушысы Бижанов Ержан «Ойыл өңіріндегі Көкжар жәрмеңкесі» тақырыбындағы, 6 класс оқушысы Кубенова Жадыра «ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының азаттық күресі» (Тама Есет Көкіұлы материалдары бойынша) тақырыбындағы, 8 класс оқушысы Орынбасарова Әлия «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» (өлкеміздегі «Түйетөбе» тарихы бойынша) және Орынбасарова Несібелі «Смағұл Сәдуақасовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбындағы ғылыми жобаларды қорғады. Қазақстан Республикасының бүкіл әлем қауымдастығы алдындағы алар орны айқындалып жатырған кезде, оның өткен тарихын жан-жақты терең зерттеулер мен тарихи оқиғаларына жаңа тұрғыда баға беруге үлкен мән беру бүгінгі таңдағы тарих пәнінің мұғалімдерінің басты міндеті деп ойлаймын. Еліміздің тәуелсіздігі арқасында өткен тарихымызды еркін қорытып, одан жан-жақты теориялық тұжырымдар жасауға жол ашылып отыр. Халқымыздың жүріп өткен тарихын ешқандай да бұрмалаусыз, тура қорытудың бірден-бір жолы - өз уақытында халқымыздың болашағы үшін бар ғұмырын күресте өткізген зиялыларымыздың артында қалған рухани мұрасын жас ұрпақтың санасына жеткізу болып табылады. Теориялық білімін практика жүзінде ұштастыра білген әр оқушы ертеңгі күнгі білімі толысқан, жан-жақты дамыған, оза оқуға бағытталған, білімді өз бетінше білім алуға ұмтылысы бар, дарынды жеке тұлға болып шығатыны даусыз.

Білім, білік, дағды мен іс-әрекет жиынтығы – оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген құзыреттіліктері мен қоғамға бейімдеу мүмкіндіктері. Жаңа инновациялық технологиялармен оқытатын жалпы білім беру мазмұнындағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері оң көзқарастар мен білім сапасын арттырудың маңыздылығына ие болуда. Оқу әдістемелік әдебиеттерге жасалынған шолуларға сүйенетін болсақ, педагогикалық технологиялардың қайсысы болмасын оқушылардың өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарына баулиды. Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты- оқытудың тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мұғалімнің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу және оны өсіру. Инновациялық педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті мөлшерде байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, бүгінгі күні мұғалімдерге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны күнделікті тәжірибеде пайдалану шарт.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір - қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деген болатын. Ендеше, Құрметті ұстаздар осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне бір кісідей атсалысайық.

















Әдебиеттер тізімі:



  1. Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық

қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты,- Астана 2006, 72-бет

  1. Құдайбергенова С.К. Құзырлылықтың амалының негізгі ұғымдары,-Алматы,

2007ж

4. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 –

2006 жыл.

5. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы.

2006ж.

6. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы: «Ана тілі»,1995.

7. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.

Алматы: «Білім», 2003

8. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А,.98

9. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.

Аударған Д.А.Қайшыбекова.-Алматы,2006.-180бет.

11. Қазақстан тарихы хрестоматия – А., 1994 ж.

12. М.Қойгелдиев, Т.Омаров «Тарих тағылымы не дейді?» - А., 1993



















































 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі